Акционерлік қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы №415-іі қазақстан Республикасының Заңы


-бап 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 4-1-бап



бет4/63
Дата11.01.2023
өлшемі130,53 Kb.
#61012
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
4-бап 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4-1-бап. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2-тарау. Қоғамды құру
5-бап. Қоғамның құрылтайшылары
1. Қоғамды құру туралы шешім қабылдаған жеке және (немесе) заңды тұлғалар оның құрылтайшылары болып табылады.
2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметiн, жергiлiктi атқарушы органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен мемлекеттiк мекемелер қоғамның құрылтайшылары немесе акционерлерi бола алмайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган акционерлік қоғамның құрылтайшысы болады.
Жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілеттік берілген атқарушы орган акционерлік қоғамның құрылтайшысы болады.
Мемлекеттік кәсiпорын осы кәсiпорынға қатысты меншiк иесi мен мемлекеттік басқару органының функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органның келісімiмен ғана қоғамның құрылтайшысы болуға және оның акцияларын сатып алуға құқылы.
3. Қоғамның құрылтайшысы жалғыз тұлға болуы мүмкін.
4. Қоғамның құрылтайшылары қоғамды құруға байланысты және ол мемлекеттік тіркелгенге дейін туындаған шығыстарды төлеу жөнінде ортақ жауаптылықта болады. Кейіннен мұндай шығыстарды қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы мақұлдаған жағдайда ғана аталған шығыстарды қоғам өз құрылтайшыларына өтейді.
2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мақсатында қоғам құру «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ережелер ескеріле отырып жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет