53-1-бап. Директорларкеңесінің комитеттері 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Аса маңызды мәселелерді қарау және директорлар кеңесіне ұсынымдар әзірлеу үшін қоғамда директорлар кеңесінің комитеттері құрылуға тиіс. 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Директорлар кеңесінің комитеттері мынадай мәселелерді қарайды: 1) стратегиялық жоспарлау; 2) кадрлар және сыйақылар; 3) ішкі аудит; 4) әлеуметтік мәселелер; 5) қоғамның ішкі құжаттарында көзделген өзге де мәселелер. Директорлар кеңесінің жеке комитеті қарайтын ішкі аудит мәселелерін қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігінде санамаланған мәселелерді қарау директорлар кеңесінің бір немесе бірнеше комитетінің құзыретіне жатқызылуы мүмкін. 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Директорлар кеңесінің комитеттері директорлар кеңесінің мүшелерінен және нақты комитетте жұмыс істеу үшін қажетті кәсіптік білімі бар сарапшылардан тұрады. Директорлар кеңесінің комитетін директорлар кеңесінің мүшесі басқарады. Тәуелсіз директорлар функцияларына осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) - 4) тармақшаларында көзделген мәселелерді қарау кіретін директорлар кеңесі комитеттерінің басшылары (төрағалары) болып табылады. Атқарушы органның басшысы директорлар кеңесі комитетінің төрағасы бола алмайды. Ішкі аудит мәселелері жөніндегі комитет тек қана директорлар кеңесінің мүшелерінен тұруға тиіс. 4. Директорлар кеңесі комитеттерін қалыптастыру және олардың жұмыс істеу тәртібі, олардың саны, сондай-ақ сандық құрамы қоғамның директорлар кеңесі бекітетін ішкі құжатында белгіленеді. 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 54-бап өзгертілді; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 54-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 130-V ҚР Заңымен 54-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)