Акционерлік қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы №415-іі қазақстан Республикасының Заңы


-бап. Дауыс беру қорытындылары туралы хаттама



бет40/63
Дата11.01.2023
өлшемі130,53 Kb.
#61012
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   63
51-бап. Дауыс беру қорытындылары туралы хаттама
1. Дауыс беру қорытындылары бойынша есеп комиссиясы дауыс беру қорытындылары туралы хаттама жасап, оған қол қояды.
2. Акционердің дауыс беруге қойылған мәселе бойынша ерекше пікірі болған жағдайда қоғамның есеп комиссиясы хаттамаға тиісті жазба енгізуге міндетті.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Дауыс беру қорытындылары туралы хаттама жасалып, оған қол қойылғаннан кейін қатысып жасырын және сырттай дауыс беру үшін толтырылған (оның ішінде жарамсыз деп танылған бюллетеньдер де), соның негізінде хаттама жасалған бюллетеньдер хаттамамен бірге тігіледі және қоғамда сақталады.
4. Дауыс беру қорытындылары туралы хаттама акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасына қоса тіркелуге тиіс.
5. Дауыс беру қорытындылары акционерлердің дауыс беру өткізілген жалпы жиналысының барысында жария етіледі.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Акционерлердің жалпы жиналысының дауыс беру қорытындылары немесе сырттай дауыс беру нәтижелері акционерлердің назарына акционерлердің жалпы жиналысы жабылғаннан күннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында оларды қазақ және орыс тілдерінде жариялау арқылы және қоғамның жарғысында айқындалған тәртіппен (осындай тәртіп болған кезде) жеткізіледі.
52-бап. Акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасы
1. Акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасы жиналыс жабылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жасалып, қол қойылуға тиіс.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасында:
1) қоғамның атқарушы органының толық атауы және орналасқан жері;
2) акционерлердің жалпы жиналысының өткізілген күні, уақыты және орны;
3) қоғамның акционерлердің жалпы жиналысындағы ұсынған дауыс беретін акцияларының саны туралы мәліметтер;
4) акционерлердің жалпы жиналысының кворумы;
5) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі;
6) акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру тәртібі;
7) акционерлердің жалпы жиналысының төрағасы (төралқасы) және хатшысы;
8) акционерлердің жалпы жиналысына қатысқан адамдардың сөйлеген сөздері;
9) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі дауыс беруге қойылған әрбір мәселе бойынша акционерлердің жалпы дауыс саны;
10) дауысқа қойылған мәселелер, олар бойынша дауыс беру қорытындылары;
11) акционерлердің жалпы жиналысында қабылданған шешімдер көрсетіледі.
Жалпы жиналыста қоғамның директорлар кеңесін (директорлар кеңесінің жаңа мүшесін) сайлау туралы мәселе қаралған жағдайда жалпы жиналыстың хаттамасында: директорлар кеңесінің сайланған мүшесі қандай акционердің өкілі болып табылатыны және (немесе) директорлар кеңесінің сайланған мүшелерінің қайсысы тәуелсіз директор болып табылатыны көрсетіледі.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Акционерлердің қатысу тәртібімен өткізілетін жалпы жиналысының хаттамасына:
1) акционерлердің жалпы жиналысының төрағасы (төралқа мүшелері) мен хатшысы;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) есеп комиссиясының мүшелері (болған кезде) қол қоюға тиіс.
3) 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1. Акционерлердің сырттай дауыс беру арқылы өткізілетін жалпы жиналысының хаттамасына есеп комиссиясының мүшелері (егер есеп комиссиясын сайлау талап етілмесе - акционерлердің жалпы жиналысының хатшысы) қол қоюға тиіс.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Осы баптың 3 және 3-1-тармақтарында аталған адамдардың біреуі хаттаманың мазмұнымен келіспеген жағдайда, ол адам бас тарту себебіне жазбаша түсініктеме бере отырып, оған қол қоюдан бас тартуға құқылы, ол хаттамаға қоса тіркелуге тиіс.
5. Акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасы дауыс беру қорытындылары туралы хаттамамен, жалпы жиналысқа қатысу және дауыс беру құқығына берілген сенімхаттармен, сондай-ақ хаттамаға қол қоюмен және хаттамаға қол қоюдан бас тарту себептерінің жазбаша түсініктемелерімен бірге тігіледі. Аталған құжаттар атқарушы органда сақталуға және танысу үшін акционерлерге кез келген уақытта берілуге тиіс. Акционердің талап етуі бойынша оған акционерлердің жалпы жиналысы хаттамасының көшірмесі беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет