дауыс беру арқылы шешімдер қабылдауы
1. Акционерлердің жалпы жиналысының шешімдері сырттай дауыс беруді өткізу арқылы
қабылдануы мүмкін. Сырттай дауыс беру акционерлердің жалпы жиналысына қатысып отырған
акционерлердің дауыс беруімен (аралас дауыс берумен) бірге не акционерлердің жалпы жиналысының
отырысы өткізілмей қолданылуы мүмкін.
2. Жария компанияларды қоспағанда, қоғамның жарғысында акционерлердің жалпы жиналысының
күн тәртібіндегі барлық немесе жекелеген мәселелер бойынша шешімдерді сырттай дауыс беру арқылы
қабылдауға тыйым салу белгіленуі мүмкін.
3. Сырттай дауыс беруді өткізген кезде дауыс беру үшін бірыңғай нысандағы бюллетеньдер
акционерлердің тізіміне енгізілген адамдарға жіберіледі (таратылады).
Акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру нәтижелеріне ықпал ету мақсатымен қоғамның
дауыс беруге арналған бюллетеньдерді жекелеген акционерлерге таңдап жіберуге құқығы жоқ.
4. Дауыс беруге арналған бюллетень акционерлердің тізіміне енгізілген адамдарға
акционерлердің жалпы жиналысының отырысы өткізілетін күннен бұрын қырық бес күннен кешіктірмей
жіберілуге тиіс. Акционерлерінің саны бес жүз және одан да көп қоғам акционерлердің жалпы
жиналысын өткізбей, сырттай дауыс беретін болған жағдайда акционерлердің жалпы жиналысында
сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньді акционерлердің жалпы жиналысының өткізілетіні туралы
хабармен бірге жарғыда белгіленген бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға міндетті.
5. Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньде:
1) қоғамның атқарушы органының толық атауы және орналасқан жері;
2) жиналысты шақырудың бастамашысы туралы мәліметтер;
3) сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдерді берудің нақты күні;
4) акционерлердің жалпы жиналысы отырысының өткізілетін күні не акционерлердің жалпы
жиналысының отырысын өткізбей, сырттай дауыс берілетін дауыстар есептелетін күн;
5) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі;
6) егер акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібінде директорлар кеңесінің мүшелерін
сайлау туралы мәселелер болса, сайлауға ұсынылатын кандидаттардың есімдері;
7) дауыс берілетін мәселелердің тұжырымдалуы;
8) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша дауыс берудің "
жақтайды", "қарсы", "қалыс қалды" деген сөздермен білдірілген нұсқалары;
9) күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша дауыс беру (бюллетеньді толтыру) тәртібінің
түсіндірмесі болуға тиіс.
6. Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге жеке адам - акционер осы адамның жеке басын
куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсете отырып қол қоюға тиіс.
Заңды тұлға – акционердің сырттай дауыс беруіне арналған бюллетенге оның басшысы қол
қоюға және заңды тұлғаның мөрімен (ол болған кезде) куәландырылуға тиіс.
Жеке тұлға – акционердің не заңды тұлға – акционер басшысының қолы қойылмаған, сондай-ақ
заңды тұлғаның мөрі жоқ (ол болған кезде) бюллетень жарамсыз деп есептеледі.
Дауыстарды есептеу кезінде акционер бюллетеньде белгіленген дауыс беру тәртібін сақтаған
және дауыс берудің тек бір ғана ықтимал нұсқасы қойылған мәселелер бойынша дауыстар есептеледі.
7. Егер акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібінде директорлар кеңесінің мүшелерін
сайлау туралы мәселелер болса, сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньде жекелеген
кандидаттарға берілген дауыстардың санын көрсететін орын болуға тиіс.
7-1. Егер акционерлердің жалпы жиналысы сырттай дауыс беру арқылы өткізілген жағдайда
тиісті түрде толтырылған бюллетеньдер барлық акционерлерден дауыстарды санау белгіленген күннен
бұрын келіп түскен болса, онда дауыстарды уақытынан ертерек күні санауға жол беріледі, бұл
дауыс беру қорытындылары туралы хаттамада көрсетіледі.
8. Егер сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньді бұрын жіберген акционер акционерлердің
аралас дауыс беру пайдаланылатын жалпы жиналысына қатысуға және дауыс беруге келсе, оның
бюллетені акционерлердің жалпы жиналысының кворумын анықтау және күн тәртібіндегі мәселелер
бойынша дауыстарды есептеу кезінде есепке алынбайды.
Ескерту. 49-бапқа өзгертулер енгізілді - ҚР 2005.07.08
N 72
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-баптан қараңыз), 2007.02.19
N 230
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-баптан
қараңыз), 2011.12.28
№ 524
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-баптан
қараңыз); 29.12.2014
№ 269-V
(01.01.2015 бастап
қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
50-бап. Акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру
1. Акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру:
1) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда бір акционерге
берілетін акциялар бойынша дауыстардың ең көп санын шектеуді;
2) директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау кезінде кумулятивтік дауыс беруді;
3) акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру құқығы бар әрбір адамға акционерлердің
жалпы жиналысын өткізудің рәсімдік мәселелері бойынша бір дауыстан беруді қоспағанда, "бір
акция - бір дауыс" принципі бойынша жүзеге асырылады.
2. Акциялар бойынша берілетін кумулятивтік дауыс беру кезінде дауыстарды акционер
директорлар кеңесінің мүшелігіне бір кандидат үшін толық беруі немесе ол директорлар кеңесінің
мүшелігіне бірнеше кандидат арасында бөліп беруі мүмкін. Дауыстар саны ең көп берілген
кандидаттар директорлар кеңесіне сайланған болып танылады.
3. Акционерлердің қатысу тәртібімен өткізілетін жалпы жиналысында дауыс беру жасырын
әдіспен жүргізілген жағдайда мұндай дауыс беруге арналған бюллетеньдер (бұдан әрі осы бапта -
қатысып жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдер) дауыс беру жасырын тәсілмен жүргізілетін
әрбір жекелеген мәселе бойынша жасалуға тиіс. Бұл орайда қатысып жасырын дауыс беруге арналған
бюллетеньде:
1) мәселенің тұжырымдалуы немесе жиналыстың күн тәртібіндегі оның рет нөмірі;
2) мәселелер бойынша "жақтайды", "қарсы", "қалыс қалды" деген сөздермен білдірілген дауыс
беру нұсқалары немесе қоғамның органына әрбір кандидат бойынша дауыс беру нұсқалары;
3) акционерге тиесілі дауыстар саны болуға тиіс.
4. Акционер бюллетеньге өзі қол қоюға, оның ішінде өзіне тиесілі акцияларды осы Заңға
сәйкес сатып алу туралы қоғамға талап қою мақсатында тілек білдірген жағдайды қоспағанда,
акционер қатысып жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньге қол қоймайды.
Қатысып жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдер бойынша дауыстарды есептеу кезінде
дауыс берушілердің бюллетеньде белгіленген дауыс беру тәртібі сақталған және дауыс берудің тек
бір ғана ықтимал нұсқасы қалдырылған мәселелер бойынша дауыстары есепке алынады.
51-бап. Дауыс беру қорытындылары туралы хаттама
1. Дауыс беру қорытындылары бойынша есеп комиссиясы дауыс беру қорытындылары туралы
хаттама жасап, оған қол қояды.
2. Акционердің дауыс беруге қойылған мәселе бойынша ерекше пікірі болған жағдайда
қоғамның есеп комиссиясы хаттамаға тиісті жазба енгізуге міндетті.
3. Дауыс беру қорытындылары туралы хаттама жасалып, оған қол қойылғаннан кейін қатысып
жасырын және сырттай дауыс беру үшін толтырылған (оның ішінде жарамсыз деп танылған
бюллетеньдер де), соның негізінде хаттама жасалған бюллетеньдер хаттамамен бірге тігіледі және
қоғамда сақталады.
4. Дауыс беру қорытындылары туралы хаттама акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасына
қоса тіркелуге тиіс.
5. Дауыс беру қорытындылары акционерлердің дауыс беру өткізілген жалпы жиналысының
барысында жария етіледі.
6. Акционерлердің жалпы жиналысының дауыс беру қорытындылары немесе сырттай дауыс беру
нәтижелері акционерлерге акционерлердің жалпы жиналысы жабылғаннан кейін күнтізбелік он бес күн
ішінде оларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау немесе әрбір акционерге жазбаша хабарлама
жіберу арқылы хабарланады.
Акционерлерге дауыс беру қорытындылары туралы хабарлау тәртібі қоғамның жарғысымен
белгіленеді.
Ескерту. 51-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08.
N 72
(
қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28
№ 524
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-баптан
қараңыз) Заңдарымен.
52-бап. Акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасы
1. Акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасы жиналыс жабылғаннан кейін үш жұмыс күні
ішінде жасалып, қол қойылуға тиіс.
2. Акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасында:
1) қоғамның атқарушы органының толық атауы және орналасқан жері;
2) акционерлердің жалпы жиналысының өткізілген күні, уақыты және орны;
3) қоғамның акционерлердің жалпы жиналысындағы ұсынған дауыс беретін акцияларының саны
туралы мәліметтер;
4) акционерлердің жалпы жиналысының кворумы;
5) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі;
6) акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру тәртібі;
7) акционерлердің жалпы жиналысының төрағасы (төралқасы) және хатшысы;
8) акционерлердің жалпы жиналысына қатысқан адамдардың сөйлеген сөздері;
9) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі дауыс беруге қойылған әрбір мәселе
бойынша акционерлердің жалпы дауыс саны;
10) дауысқа қойылған мәселелер, олар бойынша дауыс беру қорытындылары;
11) акционерлердің жалпы жиналысында қабылданған шешімдер көрсетіледі.
Жалпы жиналыста қоғамның директорлар кеңесін (директорлар кеңесінің жаңа мүшесін) сайлау
туралы мәселе қаралған жағдайда жалпы жиналыстың хаттамасында: директорлар кеңесінің сайланған
мүшесі қандай акционердің өкілі болып табылатыны және (немесе) директорлар кеңесінің сайланған
мүшелерінің қайсысы тәуелсіз директор болып табылатыны көрсетіледі.
3. Акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасына:
1) акционерлердің жалпы жиналысының төрағасы (төралқа мүшелері) мен хатшысы;
2) есеп комиссиясының мүшелері;
3) қоғамның дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызын иеленетін және
акционерлердің жалпы жиналысына қатысқан акционерлер қол қоюға тиіс.
Хаттамаға қол қоюға міндетті адамның қол қою мүмкіндігі болмаған жағдайда, өзіне берілген
сенімхат негізінде оның өкілі не Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе шартқа сәйкес
акционердің атынан сенімхатсыз әрекет етуге немесе оның мүддесін білдіруге құқығы бар адам
хаттамаға қол қояды.
4. Осы баптың 3-тармағында аталған адамдардың біреуі хаттаманың мазмұнымен келіспеген
жағдайда, ол адам бас тарту себебіне жазбаша түсініктеме бере отырып, оған қол қоюдан бас
тартуға құқылы, ол хаттамаға қоса тіркелуге тиіс.
5. Акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасы дауыс беру қорытындылары туралы хаттамамен,
жалпы жиналысқа қатысу және дауыс беру құқығына берілген сенімхаттармен, сондай-ақ хаттамаға
қол қоюмен және хаттамаға қол қоюдан бас тарту себептерінің жазбаша түсініктемелерімен бірге
тігіледі. Аталған құжаттар атқарушы органда сақталуға және танысу үшін акционерлерге кез келген
уақытта берілуге тиіс. Акционердің талап етуі бойынша оған акционерлердің жалпы жиналысы
хаттамасының көшірмесі беріледі.
Ескерту. 52-бапқа өзгертулер енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08.
N 72
(
қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.02.19.
N 230
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-баптан
қараңыз), 2011.12.28
№ 524
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-баптан
қараңыз)
Заңдарымен.
53-бап. Директорлар кеңесі
1. Осы Заңда және (немесе) қоғамның жарғысында акционерлердің жалпы жиналысының айрықша
құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешуді қоспағанда, директорлар кеңесі қоғамның қызметіне
жалпы басшылықты жүзеге асырады.
2. Егер осы Заңда және (немесе) қоғамның жарғысында өзгеше белгіленбесе, мынадай
мәселелер директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне жатады:
1) қоғам қызметінің басым бағыттарын және қоғамның даму стратегиясын айқындау немесе
Қазақстан Республикасының
көзделген жағдайларда қоғамның даму жоспарын
заңнамалық актілерінде
бекіту;
2) акционерлердің жылдық және кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы шешім қабылдау;
3) жарияланған акциялардың саны шегiнде акцияларды орналастыру (өткiзу) туралы, оның
iшiнде орналастырылатын (өткiзiлетiн) акциялардың саны, оларды орналастыру (өткiзу) тәсiлi мен
бағасы туралы шешiм қабылдау;
4) қоғамның орналастырылған акцияларды немесе басқа да бағалы қағаздарды сатып алуы және
оларды сатып алу бағасы туралы шешім қабылдау;
5) қоғамның жылдық қаржы есептілігін алдын ала бекіту;
5-1) директорлар кеңесінің комитеттері туралы ережелерді бекіту;
6)
;
алынып тасталды
7) қоғамның облигацияларын және туынды бағалы қағаздарын шығару талаптарын айқындау,
сондай-ақ оларды шығару туралы шешімдер қабылдау;
8) атқарушы органның сан құрамын, өкілеттік мерзімін анықтау, оның басшысын және
мүшелерін (атқарушы органның функциясын жеке-дара жүзеге асыратын адамды) сайлау, сондай-ақ
олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату;
9) атқарушы органның басшысы мен мүшелерінің (атқарушы органның функциясын жеке-дара
жүзеге асыратын адамның) лауазымдық айлықақыларының мөлшерін және оларға еңбекақы және
сыйлықақы төлеу талаптарын айқындау;
10) ішкі аудит қызметінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, оның басшысы мен
мүшелерін тағайындау, сондай-ақ олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, ішкі аудит
қызметінің жұмыс тәртібін, ішкі аудит қызметі қызметкерлеріне еңбекақы және сыйлықақы төлеудің
мөлшері мен талаптарын айқындау;
10-1) корпоративтік хатшыны тағайындау, оның өкілеттік мерзімін айқындау, оның
өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ корпоративтік хатшының лауазымдық жалақысы
мөлшерін және сыйақы шарттарын айқындау;
11) қаржылық есептіліктің аудиті үшін аудиторлық ұйымның, сондай-ақ қоғамның акцияларын
төлеуге берілген не ірі мәміле нысанасы болып табылатын мүліктің нарықтық құнын бағалау
жөніндегі бағалаушының қызметіне ақы төлеу мөлшерін айқындау;
12)
(алып тасталды)
13) қоғамның ішкі қызметін реттейтін құжаттарды (бұған қоғам қызметін ұйымдастыру
мақсатында атқарушы орган қабылдайтын құжаттар қосылмайды), оның ішінде аукциондар өткізу және
қоғамның бағалы қағаздарына қол қою шарттары мен тәртібін белгілейтін ішкі құжатты бекіту;
14) қоғамның филиалдары мен өкілдіктерін құру және жабу туралы шешімдер қабылдау және
олар туралы ережелерді бекіту;
15) қоғамның басқа заңды тұлғалардың акцияларының он және одан да көп пайызын (жарғылық
капиталға қатысу үлестерiн) сатып алу (иелігінен шығару) туралы шешімдерін қабылдау;
15-1) акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлесінің) он және одан да көп проценті
қоғамға тиесілі заңды тұлға акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының құзыретіне
жатқызылатын қызмет мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;
16) қоғамның міндеттемелерін оның өзіндік капиталы мөлшерінің он және одан да көп
проценті болатын шамаға көбейту;
17)
алып тасталды - ҚР 2011.12.28
№ 524
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-баптан
қараңыз)
Заңдарымен
18) қоғам немесе оның қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия
болып табылатын қызметі туралы ақпаратты айқындау;
19) ірі мәмілелер және жасалуына қоғам мүдделі мәмілелер жасасу туралы шешімдер қабылдау;
20) осы Заңда және (немесе) қоғамның жарғысында көзделген, акционерлердің жалпы
жиналысының айрықша құзыретіне жатпайтын өзге де мәселелер.
3. Тiзбесi осы баптың 2-тармағында белгiленген мәселелердi атқарушы органның шешуiне
беруге болмайды.
3-1. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің директорлар кеңесі құзыретінің
ерекшеліктері «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының
белгіленеді.
Заңымен
4. Қоғамның жарғысына сәйкес оның атқарушы органының құзыретіне жатқызылған мәселелер
бойынша директорлар кеңесінің шешім қабылдауға, сондай-ақ акционерлердің жалпы жиналысының
шешімдеріне қайшы келетін шешімдер қабылдауға құқығы жоқ.
5. Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер вето құқығы белгіленген мәселелер бойынша "
алтын акция" иесімен келісілуге тиіс.
6. Директорлар кеңесі:
1) мүдделердің ықтимал қақтығысын, оның ішінде қоғам меншігін заңсыз пайдалануды және
мүдделілік болуына орай жасалатын мәмілелерді жасасқан кезде асыра пайдалануды лауазымды
адамдар мен акционерлер деңгейінде қадағалауға және оларды мүмкіндігінше жоюға;
2) қоғамдағы корпоративтік басқару практикасының тиімділігін бақылауды жүзеге асыруға
тиіс.
Ескерту. 53-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2005.07.08
N 72
(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-
баптан қараңыз), 2007.02.19
N 230
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-баптан
қараңыз), 2008.10.23
N
72-IV
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-баптан
қараңыз), 2009.02.13.
N 135-IV
(қолданысқа енгізілу
тәртібін
3-баптан
қараңыз), 2011.02.10
N 406-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.03.01
N 414-IV
(алғашқы ресми
жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28
№ 524
(қолданысқа енгізілу
тәртібін
2-баптан
қараңыз), 2012.02.01
N 551-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
53-1-бап. Директорлар кеңесінің комитеттері
1. Аса маңызды мәселелерді қарау және директорлар кеңесіне ұсынымдар әзірлеу үшін қоғамда
директорлар кеңесінің комитеттері құрылады.
2. Директорлар кеңесінің комитеттері мынадай мәселелерді қарайды:
1) стратегиялық жоспарлау;
2) кадрлар және сыйақылар;
3) ішкі аудит;
4) әлеуметтік мәселелер;
5) қоғамның ішкі құжаттарында көзделген өзге де мәселелер.
Осы тармақта санамаланған мәселелерді қарау директорлар кеңесінің бір немесе бірнеше
комитетінің құзыретіне жатқызылуы мүмкін.
3. Директорлар кеңесінің комитеттері директорлар кеңесінің мүшелерінен және нақты
комитетте жұмыс істеу үшін қажетті кәсіптік білімі бар сарапшылардан тұрады.
Директорлар кеңесінің комитетін директорлар кеңесінің мүшесі басқарады. Тәуелсіз
директорлар функцияларына осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) - 4) тармақшаларында
көзделген мәселелерді қарау кіретін директорлар кеңесі комитеттерінің басшылары (төрағалары)
болып табылады.
Атқарушы органның басшысы директорлар кеңесі комитетінің төрағасы бола алмайды.
4. Директорлар кеңесі комитеттерін қалыптастыру және олардың жұмыс істеу тәртібі, олардың
саны, сондай-ақ сандық құрамы қоғамның директорлар кеңесі бекітетін ішкі құжатында белгіленеді.
Ескерту. 53-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007.02.19.
N 230
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-
баптан
қараңыз); жаңа редакцияда - 21.06.2013
N 106-V
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
54-бап. Директорлар кеңесінің құрамы
1. Жеке адам ғана директорлар кеңесiнiң мүшесi бола алады.
Директорлар кеңесінің мүшесі осы Заңға және (немесе) қоғамның жарғысына сәйкес өзіне
жүктелген функцияларды орындауды өзге адамдарға беруге құқылы емес.
2. Директорлар кеңесiнiң мүшелерi:
1) акционерлер – жеке адамдар;
2) директорлар кеңесiне акционерлердiң өкiлдерi ретiнде сайлауға ұсынылған (ұсыным
берiлген) адамдар;
3) қоғамның акционері болып табылмайтын және директорлар кеңесiне акционердiң өкiлi
ретiнде сайлауға ұсынылмаған (ұсыным берiлмеген) жеке адамдар арасынан сайланады.
3. Директорлар кеңесінде бір орынға бір кандидат сайлауға түсетін жағдайды қоспағанда,
акционерлер директорлар кеңесінің мүшелерін сайлауды дауыс беруге арналған бюллетеньдерді
пайдалана отырып, кумулятивтік дауыс беру арқылы жүзеге асырады. Кумулятивтік дауыс беру
бюллетенінің мынадай бағандары болуы тиіс:
1) директорлар кеңесінің мүшелігіне ұсынылған кандидаттардың тізбесі;
2) акционерге тиесілі дауыстар саны;
3) акционердің директорлар кеңесінің мүшелігіне ұсынылған кандидатқа берген дауыстарының
саны.
Кумулятивтік дауыс беруге арналған бюллетеньге «қарсы» және «қалыс қалды» деген дауыс
беру нұсқаларын енгізуге тыйым салынады.
Акционер өзіне тиесілі акциялар бойынша дауысты директорлар кеңесінің мүшелігіне бір
кандидатқа толығымен беруге немесе оларды бірнеше кандидаттар арасында бөліп беруге құқылы. Ең
көп дауыс санын жинаған кандидаттар директорлар кеңесіне сайланған болып есептеледі. Егер
директорлар кеңесінің мүшелігіне екі және одан көп кандидат тең дауыс санын жинаған болса, бұл
кандидаттарға қатысты тең дауыс санын жинаған кандидаттар көрсетілген кумулятивтік дауыс беру
бюллетеньдерін акционерлерге ұсыну арқылы қосымша кумулятивтік дауыс беру өткізіледі.
4. Атқарушы органның басшысынан басқа мүшелерi директорлар кеңесiне сайлана алмайды.
Атқарушы органның басшысы директорлар кеңесiнiң төрағасы болып сайлана алмайды.
5. Директорлар кеңесi мүшелерiнiң саны кемiнде үш адам болуға тиiс. Қоғамның директорлар
кеңесі құрамының кем дегенде отыз пайызы тәуелсіз директорлар болуға тиіс.
6. Директорлар кеңесiнiң құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптар Қазақстан
Республикасының заңнамасында және қоғамның жарғысында белгiленедi.
7. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы директорлар кеңесінің құрамына
тәуелсіз директорды сайлау ерекшеліктері «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық
аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының
белгіленеді.
Заңында
Ескерту. 54-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28
№ 524
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-
баптан
қараңыз) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 04.07.2013
№ 130-V
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Достарыңызбен бөлісу: |