Акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет20/26
Дата31.12.2021
өлшемі0,78 Mb.
#22561
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26
Байланысты:
2021 микроб тәжір.нұсқау оконч соңғы

№ 15 - тәжірибелік сабақ 

Тақырып: ИММУНИТЕТТІҢ КЛЕТКАЛЫҚ ФАКТОРЫ 

 

Сабақтың 



мақсаты:  

Иммунитеттің клеткалық факторымен танысу 



Түйін сөздер

Гуморальдік  факторлар,  фагоцитоз,  цитоплазма, 

лизосома,  микрофаг,  нейтрофильдер  ,  базофильдер, 

эозинофильдер 

 

Сұрақтар

1. Иммунитеттің клеткалық факторларына не жатады ? 

2. Фагоцитоз процесі туралы түсінік? 

 

Реферат 



 

Табиғи  резистенттіліктің  сонымен  қатар  жасушалық  және  гуморальдік 

факторлары  бар.  Жасушалық  факторлар  организмді  микробтардан  немесе  басқа 

бөгде заттардан фагоцитоз жүйесі арқылы қорғайды. 

 

Фагоцитоз  процессі  микро-  және  макрофагтардың  көмегі  арқылы  іске 



асады. Олардың ортақ қасиеті – жасуша цитоплазмасында лизосома деп аталатын 

түйіршіктердің  болуы.  Лизосомада  көптеген  ферменттер:  қышқыл  фосфатаза, 

миелопероксидаза,  бета-глюкуринидаза,  коллагеназа,  лизоцим,  катепсин,  РНК-

аза, ДНК-аза және т.б. болады. Осы ферменттердің әсерінен микробтар мен бөгде 

заттар  фагоцитоз  кезінде  өзгеріске  ұшырап,  кейіннен  жойылып  кетеді. 

Микрофагтарға  немесе  көп  ядролы  фагоциттерге  қанның  түйіршікті 

лейкоциттері,  атап  айтсақ  нейтрофильдер,  базофильдер  және  эозинофильдер 

жатады.  Олардың  ядролары  бунақ-бунақ  болып,  сегменттерге  бөлінген,  ал 

цитоплазмасы түйіршіктеніп тұрады. Нейтрофильдер ең күшті фагоциттер болып 

саналады,  ал  эозинофильдер  паразит  инвазиялары  мен  аллергиялық  реакциялар 

кезінде  белсенділік  көрсетеді.  Базофильдер  әлсіз  фагоциттер  қатарына 

жатқанымен гистамин және гепарин сияқты медиаторларды көп мөлшерде бөліп 

шығарып, қабынудың жіті түрде өрбуіне жол ашады. 

 

Макрофагтардың  немесе  бір  ядролы  (мононуклеарлы)  фагоциттердің 



жасушаларының  басым  бөлігін  сегменттелген  біртұтас  ядро  алып  жатады. 

Олардың қатарына промоноциттер, моноциттер мен ұлпа макрофагтары жатады. 

Промоноцит сүйек майында жасалынып, моноцит түрінде қан айналымына енеді. 

Біраздан  соң  олар  қылтамырлардың  (капиллярлардың)  қабырғасынан  өтеді  де, 

ұлпаларда  іркіліп,  макрофагқа  айналады.  Бұл  өзгеріс  әдетте  ұлпаларда 

моноциттің әсерінен тұтылған бөгде заттардың немесе өлі жасушалардың пайда 

болған  кезінде  байқалады.  Ұлпаларға  енген  моноциттер  мононуклеарлы 

жасушалар  жүйесіне  жататын  бекітілген  немесе  көшпелі  макрофагтарға 

айналады. Мұндай макрофагтар дәнекер ұлпасында гистиоциттер деп белгіленсе, 

бауырда-Купфер  жасушалары,  өкпеде-альвеола  макрофагтары,  сүйекте- 

остеокластар,  жүйке  ұлпасында  –  микроглия,  құрсақ  қуысында-  перитонеальдік 

макрофагтар,  теріде  –  Лангерганс  жасушалары  деген  атауға  ие  болады. 

Макрофагтар көп мөлшерде сөл бездері мен көкбауыр ұлпаларында да кездееді. 

Әртүрлі  ақзаларда  іркілген  мкрофагтардың  өздерінің  атқаратын  қызметтері 




 

24 


бойынша  айырмашылықтары  болады.  Бауырдың  Купфер  жасушалары  негізінен 

өлі  эритроциттерді  жояды,  ал  көкбауыр  макрофагтарының  белсенділігі 

микроорганизмдерге бағытталған. 

 

Иммунды  организмде  фагоцитоз  қарқыны  өтеді.  Бактериялардың  улары, 



капсулалары,  лейкоцидин,  кортикостероидтар,  серотонин,  холестерин,  хинин 

және  алколоидтар  фагоцитозды  біршама  тежейді.  Фагоциттер  тек  қана 

организмді  бөгде  заттардан  тазартып  қоймай,  сонымен  қатар  антигендерді 

өңдеуден өткізіп, иммунды жауаптың өрістеуіне жол ашып береді. 

 

 

 



 

 



 

25 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет