Акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет18/26
Дата31.12.2021
өлшемі0,78 Mb.
#22561
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26
№ 13 - тәжірибелік сабақ 

Тақырып: БЕЛСЕНДІ ЖӘНЕ ЕНЖАР ИММУНИТЕТ 

 

Сабақтың мақсаты:   Белсенді және енжар иммунитет туралы түсінік алу 



Түйін сөздер

Микроорганизмдер, 

спецификалық 

иммунитет, 

вакцина, антиденелер, иммунизация 

 

Сұрақтар

1. Жүре пайда болған иммунитет дегеніміз не? 

2. Жасанды түрде жүре пайда болған иммунитет дегеніміз не? 

3. Белсенді иммунитет дегеніміз не? 

4. Енжар иммунитет дегеніміз не? 

 

Реферат 


Спецификалық иммунитет табиғи түрде жүре пайда болған және жасанды 

түрде жүре пайда болған деп екіге ажыратылады.Жүре пайда болатын иммунитет 

организм  ауырып  сауыққанда  қалыптасады.  Табиғи  түрде  жүре  пайда  болған 

(инфекциядан  кейінгі)  иммунитет  организм  жұқпалы  аурудан  сауыққанда,  ал 

жасанды  түрде  жүре  пайда  болған  (вакцина  егілгеннен  кейінгі)  иммунитет-

микробтар не олардың тіршілік әрекеттерінің өнімдерін (токсин) еккеннен кейін 

қалыптасады. 



 

21 


 

Белсенді  иммунитет  жұқпалы  ауру  не  вакцина  егу  нәтижесінде  пайда 

болады.  Оның  қалыптасуына  организм  белсенді  қатысады.  Организм  неғұрлым 

қатты ауырып сауықса, иммунитет соғұрлым ұзақ сақталады. Сондықтан вакцина 

еккеннен  кейін  жүре  пайда  болған  белсенді  иммунитет  (бұл  жағдайда  күшті 

симптомсыз  ауырып  сауығады),  осындай  табиғи  иммунитетке  қарағанда  ұзақ 

сақталмайды.  Мысалы,  сальмонеллезге  қарсы  вакцина  6  айға  жуық  мерзімге, 

сібір  жарасына  қарсы  вакцина  1  жылға  жететін  иммунитет  жасайды.  Белсенді 

иммунитет жасауға 10-14 күн қажет. 

 

Енжар  иммунитет  организмге  дайын  қорғау  заттарын-антиденемен  енгізу 



нәтижесінде  жасалады.  Антиденелер  өздігінен  ауырып  жазылған  не  вакцина 

егілген жануар қанының сарысуында болады. 

 

Гипериммунды қан сарысуларын көп мөлшерде биологиялық фабрикаларда 



алады. Ол үшін арнайы дайындалған өнім мөлшерін бірте-бірте көбейте отырып 

алдымен  өлген  микробтарды,  содан  кейін  уытты  микробтарды  не  олардың 

токсиндерін  енгізеді.  Жануарларды  осылай  бірнеше  рет  иммунитеттеу 

нәтижесінде  қан  сарысуында  сол  қоздырушының  өзіне  қарсы  ерекше 

антиденелер  (иммуноглобулиндер)  жиналады.  Гипеиммунизация  бірнеше 

аптадан бірнеше айға дейін созылуы мүмкін. 

 

Енжар  иммунитет  қан  сарысуын  еккеннен  кейін  бірнеше  сағаттан  соң 



біліне  бастайды,  бірақ  оның  ұзақтығы  7-10,  кейде  ең  ұзақ  болғанда  20  күнге 

созылады.  Табиғи  енжар  иммунитет  анасынан  тұқым орны  (шу)  не  уыз  арқылы 

іштегі  ұрыққа-өтуі  мүмкін.  Мысалы,  тууына  бір  ай  қалғанда  сиырға 

сальмонеллезге  қарсы  вакцина  ексе,  бұзау  бұл  ауруға  әлде  қайда  төзімді 

келеді.Бұл анасының антиденелері бұзау организміне өткенін көрсетеді. 

 

Организмде қоздырушы қалмағанда және қайта ауруға шалдықпау қабілеті 



сақталғанда  иммунитет  стерильді болады.  Стерильді  емес,  немесе  инфекциялық 

организмде  қоздырушы  қалады,  ол  жойылысымен  ауруға  төзімділік  те 

жойылады. 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет