Акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет19/26
Дата31.12.2021
өлшемі0,78 Mb.
#22561
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26
№ 14 - тәжірибелік сабақ 

Тақырып: ИММУНИТЕТТІҢ ГУМОРАЛЬДІ ФАКТОРЫ 

 

Сабақтың 



мақсаты:  

Иммунитеттің гуморальді факторымен танысу 



Түйін сөздер

Гуморальдік 

факторлар, 

лизоцим, 

комплемент, 

пропердин, 

лактоферин, 

интерферон, 

иммуноглобулиндер, ферменттер 

 

Сұрақтар

1. Иммунитеттің гуморальді факторларына не жатады? 

2. Лизоцим дегеніміз не? 

3. Комплемент, пропердиннің  қызметі? 

4. Лактоферин, интерферонның қызметі? 

 

 



 

22 


 

 

Реферат 



Табиғи 

резистенттіліктің 

гуморальдік 

факторларына 

табиғи 

иммуноглобулиндер,  лизоцим,  бета-лизин,  комплемент,  пропердин,  интерферон 

және басқа антимикробты қасиеттері бар заттар жатады. 

 

Лизоцим  -  мурамидазалық  белсенділігі  бар  фермент.  Ол  көз  жасында, 



сілекейде,  қанда,  сүтте,  жұмыртқаның  ақ  уызында,  ұлпалар  мен  ақзаларда 

кездеседі. 

Лизоцим 

грам-оң 


микробтардың 

жасуша 


қабырғасының 

мукопептидтерін  N-ацетилмурамид  қышқылына  және  N-ацетилглюкозаминіне 

ыдыратады.  Мукопептидтер  грам-оң  микробтардың  қабырғасының  жалғыз  ғана 

қабаты болғандықтан лизоцим оларды өз күшімен лизиске ұшыратады. Лизоцим 

макро-  және  микрофагтармен  синтезделінеді.  Бірінші  жасушалар  осы  тіршілік 

барысында,  ал  екіншілері  тек  өздері  талқанданған  соң  бөліп  шығарады. 

Организмнің лимфа және қан ағымына, экскреттеріне ене отыра лизоцим барлық 

биологиялық сұйықтықтарды қанықтырады. 

 

Бета-лизиндерді  тромбоциттер  жасап  шығарады.  Олар  лизоцимге  грам-оң 



микробтарды талқандауға көмек көрсетеді. 

 

Комплемент  -  жануарлар  мен  адамның  жаңа  алынған  қан  сарысуында 



болатын  күрделі  белокты  кешен.  Оның  ең  көп  мөлшері  теңіз  шошқасының  қан 

сарысуында  табылған.  Комплементті  мононуклеарлы  фагоциттер  мен  бауыр 

үлпершегінің  жасушалары  құрастырып  шығарады.  Бұл  белокты  кешен 

әрқайсысы  белгілі  бір  қасиетті  иемденген  бірнеше  компоненттерден  құралған. 

Комплементтің  көмегімен  антиденелер  грам  теріс  бактериялар  мен 

эритроциттерді талқандайды, вирустарды бейтараптандырады. 

 

«Комплемент»  терминін  1895ж.  Эрлих  енгізген  болатын.  Табиғи 



төзімділіктің  бұл  факторына 1899ж.  Бухнер  «алексин»  деген  атаумен  сипаттама 

берген  еді.  Бухнер  мен  Эрлих  гемолиздің  (лизистің)  жаңа  алынған  қан 

сарысуындағы комплементтің көмегімен іске асатындығын дәлелдеп берді. Оның 

ең көп мөлшері теңіз шошқасының қан сарысуында кездеседі. 

 

Пропердин  –  комлементтің  жекеленген  құрама  бөліктері  (С2,  С3)  және 



магний иондары бар қан сарысуының бета-глобулин аймағындағы белогы. Оның 

көптеген микробтар мен вирустарды зиянсыз ететін қабілеті бар. 

 

Лактоферин  –  бүркеме  эпителий  ұлпасын  микробтардан  қорғайтын 



жергілікті  иммунитеттің  факторы.  Оны  сілекей,  сүт,  жас  бездері,  тыныс  алу,  ас 

қорыту,  несеп-жыныс  жолдарындағы  бездер  және  көп  ядролы  лейкоциттер 

синтездейді.  Олар  үш  валентті  темірдің  атомдарын  тұтыну  барысында 

микробтармен бәсекеге түсіп, олардың өсіп-өнуін тежейді. 

 

Интерферонның түзілуіне вирустар мен бактериялардың улары, митогендер 



және т.б. себепкер болады. 

 

Интерферон  сенсибилизденген  лимфоциттердің  цитотоксиндік  әрекетін 



күшейтеді,  ісік  жасушаларының  өсіп-өнуін  тежей  алады.  Кейінгі  кезде  оның 

радиацияға қарсы қорғаныс қабілеті де белгілі болып отыр. 

 

 



 

23 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет