Акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет3/26
Дата31.12.2021
өлшемі0,78 Mb.
#22561
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
2021 микроб тәжір.нұсқау оконч соңғы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 



 



Тәжірибелік сабақтар 

 

№ 1 - тәжірибелік сабақ 



Тақырып: БАКТЕРИЯЛАРДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ КҰРАМЫ 

 

Сабақтың 



мақсаты: 

Әр түрлі бактериялардың химиялық құрамымен танысу 



Түйін сөздер: 

Бактерия,  химиялық  құрамы,  бактерия  клеткасының 

протеиндері,  протеидтері,  нуклеин  қышқылдары, 

көмірсулар, май және май текті заттар 

 

Сұрақтар: 

1. Бактериялардың құрамына қандай негізгі элементтер 

кіреді? 

 

2. 



Бактериялардың 

кұрамына 

кіретін 

қандай 


қосындыларды білесіздер?  

 

3. Клетка құрамындағы су қандай түрде кездеседі және 



судың маңызы.  

 

4.  Клетка  құрамындағы  белоктар  қандай  топтарға 



бөлінеді? 

6. Протеидтер қандай қосындылардан тұрады? 

7. Протеиндер дегеніміз не? 

8. Белоктардың клетка үшін маңызы. 

9. Көмірсулар клеткада қандай көлемде кездеседі? 

10.  Май  және  май  текті  заттар  клетка  құрамында 

қандай көлемде болады және липидтердің маңызы. 

11. Клетка құрамындағы микро-және микроэлементтер. 

 

Реферат: 



Микроб  клеткасындағы  физиологиялық  және  зат  алмасу  әрекеттері  оның 

химиялық  құрамымен  тығыз  байланысты  болады.  Олардың  құрамына  азот 

(12,3%),  көміртегі  (50,40%),  оттегі  (30,52%),  сутегі  (6,67%)  сияқты  элементтер 

кіреді. Осы элементтерден және олардың қосындыларынан микроорганизмдер әр 

түрлі  белоктар.  Углеводтар,  липидтер,  нуклеин  қышқылдарын,  ферменттер, 

витаминдер және басқа заттар түзеді. 

Микроб  клеткасы  негізінен    судан  және  құрғақ  заттан  тұрады.  Судың 

мөлшері  75-85%,  құрғақ  заттардың  мөлшері  25-15%  шамасында.  Судың  біраз 

бөлігі  байланысқан  түрде,  біраз  бөлігі  таза  күйінде  кездеседі.  Құрғақ  заттар 

органикалық емес минералды және органикалық заттардан тұрады. 

Минералды  заттардан  макроэлементтер  (фосфор,  күкірт,  натрий  магний, 

калий, кальций, темір, хлор және т.б.) және микроэлементтер (молибден, кобальт, 

бор,  марганец,  т.б.)  3-13  %  мөлшерде  кездеседі.  Органикалық  заттардан  клетка 

құрамында  белоктар,  нуклеин  қышқылдары,  углеводтар  липидтер,  ферменттер, 

витаминдер және т.б. күрделі қосылыстар түрінде кездеседі (87-97%).  



 

Белоктар – бактерия клеткасының тіршілігі үшін аса қажетті заттардың бірі. 



Олардың  құрамында  жай  белоктар  –  протеиндер  және  күделі  белоктар  – 

протеидтер  бар.  Протеидтер  протеин  мен  басқа  топтардың  қосындысынан 

тұрады: 


мысалы, 

белок+нуклеин 

қышқылы 

– 

нуклеопротеидтер; 



белок+полисахаридтер  –  глюкопротеидтер;  белок+май  текті  заттар  – 

липопротеидтер. Белоктарға ферменттер де жатады. 

Нуклеин  қышқылдары  (мөлшері  10-30%)  екі  түрде  кездеседі:  рибонуклеин 

қышқылы  (РНҚ)  клетка  цитоплазмасында  орналасып,  белок  синтезінде  қызмет 

істейді; дезосирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) ядро құрамында орналасып, тұқым 

қуалаушылық қызметін атқарады. 

Көмірсулар  –  углеводтар  (мөлшері  10-30%)  микробтар  құрамында 

полисахаридті кешеңдер түрінде белоктар және липидтармен байланысқан күйде 

клеткалық  қабықшасының  және  шырышты  қабаттың  құрамына  кіреді. 

Микроорганизм  құрамындағы  полисахаридтер  олардың  әрқайсының  өзіне  тән 

ерекшеліктерін  көрсетеді.  Бұл  қасиет  микроорганизмдерді  анықтауда 

қолданылады. 

Май  және  май  текті  заттар  -  липидтер  (3-7%)  бактерия  клеткаларының 

қабықшасында  және  цитоплазманың  бетінде  кездеседі.  Химиялық  құрамында 

май қышқылдары, глицерин, фосфолипидтер кіреді. Олар физиологиялық активті 

заттарға  жатады.  Микроорганизм  липидтері  қоректік  ортаның  құрамына,  зат 

алмасу ерекшеліктеріне және ортаның әсерлеріне байланысты. 

 

Бактерия клеткасы және сүтқоректілердің клеткаларының химиялық 

құрамындағы заттардың орташа көрсеткіштері 

Компоненттері 

Жалпы салмағынан мөлшері (%) 

Бактериялар  

Сүтқоректілердің 

клеткалары 

Су 

70 


70 

Неорганикалық иондар 



Белок 



15 

18 


РНҚ 

1,1 



ДНҚ 

0,25 



Фосфолипидтер 



Басқа липидтер 



Полисахаридтер  



Клетканың жалпы 

көлемі 


2х10 

-12


см

4х10 



-9

см

3



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет