Аккузова айнур абдыжалиловна


жүретін, алақандай ауылымыз, кеңірдегі кетпендей, жылан сорып жатқан



Pdf көрінісі
бет71/85
Дата23.06.2022
өлшемі2,11 Mb.
#37214
түріДиссертация
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   85
жүретін, алақандай ауылымыз, кеңірдегі кетпендей, жылан сорып жатқан 
құрбақадай дала сүттей жарық, жебедей атылып, құлқайырдың гүліндей, 
жан дүниесін жегі құрттай жеп, күздің шұбатылған мизамындай, 
дарияның иіріміндей, жұдырықтай болған құс, патша сарайындай, таңғы 
раушан гүліндей, кінәлі адамша, жұлдыздай аға жөнелуге дайын, туған 
айдай құлпырып және т.б.
Профессор М.Серғалиевтің сөзімен айтқанда «теңеудің стилистикалық 
қызметі әр алуан. Бір ыңғайда, негізінен аз сөзге көп мағына сыйғызуды мақсат 
етсе, тағы бір жағдайда автордың астарлап сөйлеуіне мүмкіндік береді. Сол 
астарлап сөйлеудің өзі жинақылықтың арқасында болып отырады» [142, 42 б.]. 
Демек, автор теңеуді ойын көркемдеу және әсерлендіру құралы ретінде 
қолданған. Сол арқылы өзіндік шығармашылық танымы мен сөздің әлеуетін 
көрсетеді.
Көркем шығарма тілінде теңеуден кейінгі ең көп кездесетін көріктеу 
амалдарының бірі – кейіптеу. Кейіптеу – әр түрлі жануарларды, табиғат 
құбылыстарын немесе жансыз нәрселерді адам кейпіне келтіріп суреттейтін 
көркемдік тәсіл. Жазушы шығармаларында «кеудесіне кеп қонақтап жатқан 
ұлпа сезім шудалары», «жағалауды толқыны баяу соғып», «қайғының қара 


121 
түтіні жас кеудеңді қақ жарып», «тіршілікті құдыретті күн сәулесі 
қытықтап оятып» сынды кейіптеулер кездеседі. Ассоциациялық қабылдау 
арқылы жазушы бірқалыпты, бірсарынды оқиға желісін өзінің ешкімге 
ұқсамайтын қиялына сабақтап, оқырман назарын аударады.
Жазушының 
тілдік-поэтикалық 
парадигмасының 
семантикалық 
компоненттерінің бірі – ойды өзектеудің құрылымдық құралдары – қайталаулар 
(лексикалық, семантикалық). Олар әлемнің тілдік бейнесінің концептуалды 
жүйесінде сәйкесінше автор тілінің көрінісі болып табылады. Көркем 
шығармада коммуникативтік мақсатқа сай қайталау амалын ұтымды қолдану 
оқырманның мәтінді дұрыс әрі ерекше сезіммен қабылдауына әсер етеді, яғни 
оның экспрессивтілігік қасиетін арттыра түседі. Әдетте синтаксистік 
қайталаулар мәтіндегі сөйлемдерге дүркінділік, созылыңқылық, белгілі бір 
құбылысты, іс-әрекетті мойындату сияқты екінші дәрежедеі коммуникативтік 
мақсаттар үстейді. Академик Р. Сыздық шығармадағы қайталамалар жөнінде 
мынадай пікір айтқан: «Шығарма тілін көріктеуде қайталама құбылысы – өте 
ұтымды, әсерлі тәсіл қатарынан табылады. Ол стильдік категорияға жатады. 
Атының өзі айтып тұрғандай, қайталама дегеніміз – бір сөздің (не тіркестің, 
сөйлемнің) бір сөйлемде, не абзац, шумақ сияқты микротексте қайталанып 
келтірілу тәсілі. Қайталаманы суреткер көркем тексте әр алуан стильдік мақсат 
көздеп жұмсайды» [60, 100 б.]. Қайталаулар тілдің әр деңгейінде кездесетіні 
белгілі (фонетикалық, лексикалық, синтаксистік). Соның ішінде лексикалық, 
синтаксистік қайталаулар прозалық шығармаға тән болып келеді. Қазақ 
тіліндегі қайталамаларды арнайы зерттеу нысанына айналдырған ғалым 
О.Бүркіт «Қайталамалар және көркем текст композициясы» атты мақаласында 
бұл амалдың көркем мәтінде атқаратын қызметін былайша жіктеп көрсетеді: 
1) текстің бөлімдерін (бұл жерде микротекст туралы айтылып тұр) бір-
бірімен байланыстыру, яғни текстің жүйелілік, бірізділік ерекшелігін сақтау; 
2) көркем текстің мағына желісін сақтау; 
3) көркем текстің әсерлілігін күшейту [143, 32 б.].
Қайталамалар туралы айтқанда, олардың мәтінде орналасу және мәтіндегі 
ойды байланыстыру қызметіне қарай бірнеше түрге бөлінетінін де айта кету 
керек. Олар: контактілі, дистантты және аралас қайталамалар. Контактілі 
қайталамада редупликант (қайталаманың алғашқы сыңары) пен редупликатор 
(қайталанатын екінші қайталанатын сыңары) бір-бірімен тығыз байланыста 
болып, ара жігі ажырамай, бірінен соң бірі қолданылып отырады. Ал дистантты 
қайталауда бірінші сыңар мен екінші сыңар арасы алшақ орналасып, автор 
белгілі бір «қашықтық» сайын не туралы айтып отырғанын оқырман есіне 
салып отыруы мүмкін. Қашықтықтағы қайталаудың мазмұны оқырман 
қабылдауы арқылы анықталады: қайталанатын элементтер бір-бірінен едәуір 
алшақ тұра алатындығына қарамастан, оқырман қайталаманы қабылдағанға 
дейін жалғасады. Ал аталған қайталама түрлерінің араласа қолданылуы аралас 
қайталама болып табылады.
Д. Исабеков шығармаларында да бұл коммуникативтік амал өнімді 
қолданыс тапқан. Мәселен: «Қандай көп халық! Қандай көп шатыр! Қандай 
салтанат!», «Неткен қасірет! Неткен қайғы!», «Сұлу табиғат, сұлу ай, сұлу 


122 
қыз», «Неткен сұлулық! Неткен тәкаппарлық! Неткен нәзіктік!». 
Қайталанып тұрған «қандай, неткен, сұлу» тілдік бірліктері жазушының ішкі 
сезімін жеткізуде тіркескен сөздеріне акцент беріп, оқырманның назарын 
баурап алу мақсатында жұмсалған. Жазушы сезімін жеткізуде осындай 
шешімге бармаса, оқырман қабылдауында нәзіктіктің де, тәкаппарлықтың да, 
сұлулықтың ешқандай экспрессиясы болмас еді. Ал мына мысалдардағы 
қайталама арқылы жасалған сөйлемнің негізгі коммуникативтік мақсаты – 
сөйлеушінің өз іс-әрекетіне деген сенімділігін білдіріп, оған тыңдаушының 
көзін жеткізе түсу: Иә, естігем, естігем! Жолыға алмай қалсақ, сәт сапар 
тілеймін!; Білем, білем, қазір!; Сенбеймін, сенбеймін! Туған жерге ынтыға 
қоятындай сіздің басыңыздан үлкен оқиғалар өткен жоқ; Не болды, не болды? 
– деді Мәлике оның қолынан түсіп кеткен кітапты да көтермей иығынан 
құшақтап. Осы сияқты етістік қайталамалар кейіпкердің ішкі психологиялық 
жай-күйін барынша шынайы көрсетуде автордың прагматикалық мақсатын 
көрсететін амалдар болып саналады. Мысалда «не болды?» сұрағын екі рет 
қайталануы арқылы кейіпкердің болған оқиғаға деген қызығушылығын, 
ынтызарлығын, алаңдаушылығын және сол оқиғаға бей-жай қарамайтындығын 
білеміз.
Жалпы қайталамалар мәтінде әртүрлі мағынада, әртүрлі реңде қолданыла 
береді. Ол автордың жеке танымына, талғамына қарай өзгеріп, дамып отырады. 
Көркем мәтінде қайталамалардың қалай қызмет ететіндігі туралы зерттеуші 
Г.Әзімжанова мынадай пікір айтады: «Қайталама әдісін сөз зергерлері терең 
психологиялық талдауға бару үшін пайдаланады. Қиын мәтіндерді түсіндіру 
үшін, жеңілдету үшін қайталама әдісі қолданылады. Бір ойдан екінші ойға 
логикалық байланыспен қатар жай байланыс туғызуға болады. Осы әдіс арқылы 
оқырман шығарманың объективті қасиеттерін бойына сіңіреді, жазушыға іс-
әрекет, құбылысты ассоциативті байланыс арқылы шебер жеткізуге, өмір 
шындығын салмақтай білуге, белгілі көңіл күй пернелерін дөп баса білуге 
мүмкіндіктер ашады» [94].
«Жасын

деді Бағила оның атын іштей қайталап. – Жасын Мәдиев. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет