Акт оқытудың жаңа бағдарламалық құралдарын меңгеру әдістемесі



бет7/8
Дата22.12.2022
өлшемі44,94 Kb.
#58991
1   2   3   4   5   6   7   8
Қорытынды

Білім беруді жан-жақты дамыту; білім беру үрдісін басқару және оқыту басты бөлімі- интернет пен АКТ. Инновациялық интерактивті технологияларды қолдану мемлекеттік және стимулын қолдау болып табылады. Электрондық (сандық мектеп)–бұл мультемидиялық интерактивті сыныптар, жаңалықтарды жариялауға интерактивті холлдар, ақпараттық плазмалық панелдер SMART-фойе интерактивті сенсорлық ақпаратты жариялау тақтасы; поливалентті акт залы орталық экран, проектор, камера, үлкен жиындарға жүйелі дауыс микрафоны және де әрбір оқушыға ноутбук яғни мобильдік компьютерлік сыныбы.


Электрондық білім беру контенті педагогтармен құрастырылған.
Бұл барлық техника – білім беруді бәсекеге қабілетті және сапасын көтеру, білім беру үрдісін тиімді жасау бұл тек біздің құралымыз.
АКТ - ның негізгі мақсаты – оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс - әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан - жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу. Білім беруде АКТ - ны пайдалану мен оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай АКТ - ны, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. АКТ - ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында мектеп оқушыларының оқуға, білім алуға деген ұмтылысының артуы АКТ құралдарымен жұмыс істей алу жаңалығымен ғана емес, сонымен берілетін оқу тапсырмаларын қиындық деңгейі бойынша реттей алу мүмкіндігінен, тапсырманың дұрыс нәтижесі үшін марапаттай алу қызметінен де байқалады. Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай - ақ, АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс - әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.
Қорыта келгенде, қазіргі кездегі жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үрдісінде әлеуметтік сұраныс технология деңгейінің жетістігін талап етеді, яғни оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын модернизациялау деңгейінен (бағдарлама, оқулық, оқу курстары) өтіп, екінші саты-ақпараттық технология деңгейіне көтерілу. Ақпараттық технологияны қолданудың тиімді жақтарын зерттей отырып, үздіксіз жүйелі жұмыс жасау – білім субъектілерін дамытуда үлкен нәтижелерге қол жеткіземіз деп ойлаймын.Өркениет көшінен қалмай, соған сәйкес қадам жасауға, толыққанды білім алуға қол жеткізуге үлесімізді қосуымыз керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет