Байланысты: АКТ оқытудың жаңа бағдарламалық құралдарын меңгеру әдістемесі
2) Практикалық жұмыстарда әрбір үйренушіге бөлек компьютер берілуі тиіс, онда олар жеке папка жасап, оқушының фамилиясы, аты – жөні, сыныбын жазып шифрлайды;
3) Жекеленген оқытушы бағдарламаларды кеңінен қолдану, көп дәрежелі тапсырмалар банкін тиісті пайдалану (практикалық және лабораториялық жұмыстарда);
4) Жұмыстардың маңызды бөлімін мақсатқа лайықты іскер ойындар түрінде өткізу; бітірушілер кәсіпшілік қызметте кездесетіндей көп нұсқалы нақты өмірде орындалмаған тапсырмалар берілуі тиіс;
5) Кең көлемде жүйелілік ұстанымдарды сақтайтын жобалар әдісі қолданылуы тиіс, бұл - бір глобальды тапсырманың жүйелі түрде барлық практикалық (лабораториялық) және графикалық жұмыстарда тиісті орындалып, толықтырылып және кеңейтіліп, тұйықталған жүйеге айналуын білдіреді;
6) Бағдарламаның негізгі бөлімдерінің параллельді зерттеу мүмкіншілігі алдын ала ескерілуі керек; бұл білім алушыларға әрбір бөлімге қатысты терең білім алуларына мүмкіндік береді;
7) Өзара байланысқан келесі ұстанымдарға сүйену қажет: тану мотивациясы, жан-жақты қабылдағыштық, жүйелі – ақпараттық талдау;
8) Оқытудың проблемалық әдісін кеңірек қолдану қажет, оқу барысында пайдаланылатын нақты бағдарламалардың (құжаттардың, кестелердің, деректер базасының) өңделуін алдын ала ескеру;
Білім беруде дәстүрлі оқытумен салыстырғанда мультимедиа технологияларды қолданудың келесідегідей жетістіктері бар:
түрлі түсті графиктер, анимациялар, дыбыстық көркемдеу, гипертекстті қолдануға мүмкіндік береді;
интерактивтік веб - элементтерді орналастыру мүмкіншілігі, мысалы тестілер немесе жұмыс дәптерлері;
көшіріп алу және цитат алуға арналған бөлімдердің тасымалдау мүмкіншілігі;
электрондық кітапханалардан немесе білім беру сайттарынан қосымша әдебиет алу үшін гипербайланыс орнатады [18]
Мультимедиа технологияларын пайдаланып, дәрісханалық жұмыстарды ұйымдастыру уақытты үнемдеуге мүмкіншілік береді. «Информатика» пәнінің оқушылардың қызығушылығына әсері соншалықты, олар өз ойларынан ойын арқылы оқытатын орта жасай алады. Қазіргі заманғы информатика курсына мультимедиалық технологияларды оқыту жүйесіне енгізу бірқатар жақсы жақтарымен қатар біраз қиындықтар да тудырды. Мультимедиалық технологияларды (проекторды) сабақтарда қолдану, оқытылатын бағдарламаның көрнекті түрде демонстрациялап қана қоймай, уақытты да үнемдеуге мүмкіншілік туғызады. Осы кезде мультимедиалық материалдарды дайындау мен сабақты ұйымдастыруға деген қосымша талаптар қойылады.
Оқыту процесіне ақпараттық мультимедиалық технологияларды кірістіру оның нәтижелілігін арттырады. Бірақ бұл жолда қиындықтар мен қателіктер де кезігеді, олардан болашақта да арылу мүмкін емес. Бірақ та ең басты жетістік бар, ол – оқушылардың қызығушылығы, шығармашылық дайындықтары, жаңа білім алуға деген құштарлықтары және жеке жауапкершіліктерін сезінуі. Компьютер әр сабақты бір біріне ұқсамайтындай етіп өткізуге мүмкіндік береді. Әрқашан бір жаңа нәрсені үйрену оқуға деген ықыластарын арттырады. Барлық ақпараттық каналдардың ең қуаттысы визуальді болып табылады, сондықтан оны мультимедиалық құралдар арқылы білім беру саласында қолдану біршама өңделген. Бірақ ол басқа медиа құралдардың маңыздылығын жоймайды. Мысалы, материалды меңгеру нәтижелілігіне әрбір мультимедиалық оқулыққа музыкалық үйлесімділікті орнату да өз үлесін қосады.
Мультимедиа оқулықтарындағы клавиатура мен тышқанның үйлесімді ойластырылған әрекеті білім беру технологиясының тағы да бір артықшылығын айқындайды. Ол мануальді жаттығулардың жадыны біршама дамытуға негізделген. Мультимедиалық технологиялардың оқу процесін байытатыны даусыз, білім алушының сезім компоненттеріне тікелей әсер етіп, нәтижелілігін арттырады. Г. Кирмайерге сәйкес мультимедиалық технологияларды оқыту процесінде интерактивті пайдалану меңгерілген материалдың 75% пайызын құрайды. Мультимедиалық технологиялар көрнекі статикалықтан оқулықтан динамикалыққа айналдырды. Ертеректе мұндай мүмкіншілікке білім беретін теледидар ғана ие болатын, бірақ бұл облыста интерактивті аспекті жоқ. Уақыт ағымына қарай дамитын процестердің үлгісін жасау және осы процесстердің параметрлерін интерактивті ауыстыру - мультимедиалық білім беру жүйесінің маңызды дидактикалық артықшылығы болып табылады.