Білім беру процесі – ақпараттық қоғам жағдайындағы жас өспірімдерді жан-жақты даярлайтын процесс болуы қажет. Сондықтан білім беру жүейсінде компьютерлерді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені компьютер адам қызметінің барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құралына айналады. Болашақ мамандардың ақпараттық мәдениеті негіздерін қалыптастыру оқушылардың компьютерде жұмыс жасауды игеруімен тығыз байланыста [15].
Компьютерді мектепте оқытуды практикаға енгізу әлеуметтік, экономикалық, теориялық және практикалық сипаттағы түйінді мәселелерге жол ашып отыр. Атап айтқанда, ғылыми-техникалық прогрестің тез өсу қарқыны жоғары деңгейлі мамандар даярлауда жаңаша оқыту әдістерінің қажеттігін алға қоюда.
Бұл мәселелерді шешудің бірден бір жолы – оқу процесін компьютерлендіру. Компьютерді оқу процесінде тиімді пайдалану үшін Мультимедиалық технологиялар – бейнелік және аудиоэффектілік, әр түрлі мультипрограммалық мүмкіндіктерді интерактивті программалық жабдықтың басқаруымен орындата алатын электрондық құжаттарды дайындау тәсілдері.
Мультимедиа құралдары деп әр түрлі орталарды: графиканы, гипермәтінді, дыбысты, анимцияны, бейнелік көріністерді пайдалана отырып тұтынушының компьютермен әрекеттесуін жүзеге асыратын ақпараттық және программалық құралдардың біріктірілген кешендерін айтады. Мультимедиа жарнамалық бизнесте, компьютерлік ойындар жасауда кең қолданылады. Мультимедиа технологияларынң қызықты мүмкіндіктері электрондық оқу құралдарын жасауда және де басқа оқып үйренуге арналған материалдар дайындауда көп пайдаланылады. Мультимедиалық технологияларды кеңінен қолдану оқытудың қазіргі компьютерлік технологиялары дамытудың жаңа бағыттарын дамытуға зор үлес қосып келеді [16].
Мультимедиа технологиялары құралдарын оқу әдістемелік материалдары кешендерін жасауда қалай қолдануға болады? Оларға әр түрлі мультимедиалық эффектілерді жай мультимедиаәтіндермен салыстырғанда қандай көлемде қосуға болады? Оқу құжаттарында мультимедиалық қосымшыларды пайдалануға шек қойыла ма? Осындай мультимедиаәселелерді шешу бағытында нақты зерттеу жұмыстарын жүргізу керек, өйткені гармонияны бұзу өте жақын, әсерлі қосымшаларды мультимедиалық эффектілерді шамадан тыс қолдану оқушылардың жұмыс қабілетін төмендетіп, оларды тез шаршатуы да ықтимал. Осындай сұрақтарға жауап беру оқыту ісіндегі шамадан асып шарықтауды болдырмау, оқу - әдістемелік материалдарын тек эффектілі түрде көрсетпей, оның тиімді жағын қамтамасыз етуі керек.
Мұғалім компьютер желісі арқылы әрбір оқушымен тығыз байланыста болғандықтан, ол оқытуға тиянақты түрде көңіл бөліп, әрбір баланың жеке деңгейін анықтап, оларға жеке шаралар қолдануына да мүмкіндік болады.
Мультимедиалық технологиялар мұғалімдерге қалыпты оқыту жүйесінің бұрынғы тәсілдерінен бас тартып, еңбек етудің интеллектуалдық түрлерін пайдалануға мүмкіндік туғызып, оқу материалдарының басты көлемін бұрынғыша беруді азайтып, жаңа тәсілдің жақсы жақтарын кеңінен қолдануға итермелейді.
Оқыту процесінде бейнеәдісті қолдану мынадай мүмкіншіліктерді қамсыздандырады :
Оқушыларға оқытылатын құбылыстар мен процестер туралы толық және ақиқат хабарды беру;
Оқыту үрдісіндегі көрнекіліктердің алатын ролін көтеру ;
Оқушы назарларындағы сауалдар мен тілектерді қанағаттандыру ;
Толық және жүйелі бақылау орнату , үлгерімдік туралы объективті есебін ұйымдастыру.
Бейнеәдіс арқасында көптеген дидактикалық және тәрбиелік мақсаттар нәтижелі шешіледі: 1. Жаңа білімдердің баяндалуы ;
2. Күрделі механизмдердің, процестердің, графикалық үлгілердің әрекет принциптерінің динамикасын түсіндіру;
3. Көп еңбекті процестердің бақылауы ;
4. Бейнеқұжаттарды ұсыну, өмірмен байланысты нығайтуы;
5. Жабық жабдықтау ішіндегі өтіп жатқан жасырын процестерді бақылауы ;
6. Оқыту - жаттығу және зерттеу жұмыстарына арналған деректер қорын жасауы;
7. Оқу үрдісін рационализациялау, оның өнімділігін және ғылыми хабардың меңгерілуін жоғарылату жолымен педагогикалық басқару сапаларын көтеру [17].
Қазіргі заманғы оқушыны қалыптастырудың келесі негізгі әдістемелік ерекшеліктерін ұсынуға болады: 1) Сабақта мультимедиалық презентацияларды қолдану компьютерлік сыныптарда мультимедиалық проекторларды, резидентті анықтамаларды, автоматтандырылған оқыту жүйелерін, әртүрлі бағдарламалардың жұмысы туралы бейнежазбаларын пайдалану арқылы өткізіледі;