АПБК-ның хатшысын қоспағанда АПБК құрамын Қоғам Басқармасы анықтайды.
АПБК Төрағасы АПБК қызметіне басшылық жасайды және оны үйлестіреді. Қоғамның экономика және қаржы мәселелерін қадағалайтын басшысы АПБК-ның Төрағасы болып тағайындалады. АПБК-ның Төрағасы болмаған кезде оның қызметін қаржылық бақылау мәселелерін қадағалайтын ҚБ басшысы орындайды.
АПБК-ның құрамына қаржылық бақылау мәселелерін қадағалайтын ҚБ басшы, сондай-ақ Қоғамның тәуеклдерді басқару және ішкі бақылау, корпоартвитік қаржыландыру, экономика және жоспарлау, қаржы және салық есебі мәселелерін қадағалайтын ҚБ басшылары және олар болмаған кезде оларды алмастыратын тұлғалар міндетті тәртіпте кіреді. АПБК-ның құрамына Қоғамның өзге қызметкерлері қосымша енгізілуі мүмкін.
Қажет болған жағдайда, АПБК мүшелерінің бастамасы бойынша АПБК-ның отырыстарына шешім қабылдау құқығынсыз лауазымды тұлғалар және ҚБ басшылары немесе олар болмаған кезде олдарды алмастыратын тұлғалар шақырылуы мүмкін.
Қоғам Басқармасының шешімі бойынша АПБК-ның барлық мүшелерінің немесе бір бөлігінің өкілеттігі мерзіменен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
АПБК мүшесінің өкілеттігі мына жағдайларда мерзімен бұрын тоқтатылады:
АПБК мүшесінің өкілеттігін тоқтату. АПБК мүшесі өкілеттілігін тоқтату күнінен 1 (бір) ай бұрын жазбаша өтініш жолдау арқылы Қоғам Басқармасының төрағасына және АПБК-ның төрағасына ескерте отырып, АПБК мүшесі ретіндегі өз өкілеттілігінен бас тарта алады;
Қоғам Басқармасының шешімі бойынша;
АПБК мүшесімен еңбек қарым-қатынастары аяқталған кезде.
АПБК мүшесінің өкілеттілігі осы Ереженің 28-тармағының 1-тармақшасы бойынша тоқтатылған жағдайда Қоғам Басқармасы АПБК мүшесінің өз өкілеттігін доғару туралы жазбаша өтініш жолдаған күнінен кейінгі алдағы отырыста, бірақ 1 (бір) айдан кешіктірмей АПБК-ның жаңа мүшесін сайлайды. Осыған дейін АПБК-ның мүшесі өз міндеттерін толық көлемде атқарауды жалғастырады.
АПБК мүшесінің өкілеттігі осы Ереженің 28-тармағының 2-тармақшасы бойынша тоқтатылған жағдайда АПБК мүшесінің өкілеттілігін тоқтату туралы мәселені қарастыратын Басқарма отырысында АПБК-ның жаңа мүшесі сайланбайтын болса, Қоғам Басқармасы өкілеттік тоқтатылғаннан кейінгі 2 (екі) апта ішінде АПБК-ның жаңа мүшесін сайлайды.
АПБК мүшесінің өкілеттілігі осы Ереженің 28-тармағының 3-тармақшасы бойынша тоқтатылған жағдайда Қоғам Басқармасы өкілеттілік тоқтатылғаннан кейінгі 2 (екі) апта ішінде АПБК-ның жаңа мүшесін сайлайды.