АПБК шешімдері АПБК отырыстарына қатысушылардың немесе сырттай дауыс беруге қатысқан АПБК мүшелерінің жай көпшілік даусымен қабылданады. АПБК мүшелерінің шешім қабылдаған кезде дауыстары тең болады. Дауыстар тең болған кезде АПБК төрағасы дауыс берген шешім қабылданған болып саналады.
АПБК хатшысының дауыс беру құқығы жоқ.
АПБК мүшесінің дауысын өзге тұлғаларға, оның ішінде АПБК-ның басқа мүшелеріне беруіне жол берілмейді.
АПБК отырысын сырттай өткізу тәсілімен (сауалдама арқылы) өткізген кезде:
сырттай дауыс беру туралы шешімді АПБК төрағасы қабылдап, сырттай дауыс беру мерзімін белгілейді;
сауалдама парақтары (ЖН 02 ПСМ 04-01-15) мен материалдар (өзге ақпарат) дауыс беру тәсілі туралы шешім қабылданған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей электронды жүйемен жіберілуі немесе АПБК мүшелеріне тапсырылуы тиіс;
АПБК мүшелеріне сауалдама парақтарын жіберген кезде хатшы оларды материалдардың дұрыс және бірізді жасалғанына өз қолын қоя отырып, сендіреді.
АПБК мүшелерінің дауыс беру нәтижелері бар қайтарылған сауалдама парақтарының негізінде АПБК хатшысы АПБК сырттай отырысының хаттамасын толтырады, онда әр сұрақ бойынша дауыс беру нәтижелері көрсетіліп, шешім қабылдау (қабылдамау) фактілері көрсетіледі.
Қоғамның Басқармасымен өзара іс-қимыл жасау:
банк-контрагенттерг шектелім бекітуге, қайта қарауға байланысты мәселелер;
ҚР заңнамалық актілерінде және (немесе) Қоғамның Жарғысында көзделген, осы Ережеде белгіленген Қоғам Басқармасының құзыретіне жататын өзге мәселелер.
Қоғамның Директорлар кеңесімен өзара іс-қимыл жасау:
уақытша бос қаржы құралдарына инвестиция салу, Қоғам активтері құнының жалпы мөлшерінің көлемі 10%-дан асатын және одан көп айналым қаражатын толықтыруға қарыз қаражатын тарту мәселелері;
банк-контрагенттерге Қоғамның шоғырландырылған шектелімінен аспайтын, бірақ Қор шектелімі аясындағы шектелімді бекіту мәселелері;
Қоғамның қазынашылық портфелінің негізгі параметрлерін бекіту мәселелері;
ҚР заңнамалық актілерінде және (немесе) Қоғамның Жарғысында көзделген Қоғамның Директорлар кеңесінің құзыретіне жатқызылған осы Ережеде белгіленген өзге мәселелер.