Активтерді және пассивтерді басқару комитеті туралы ереже



бет6/9
Дата24.05.2023
өлшемі308 Kb.
#96435
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Отырыс хаттамасы




  1. АПБК хаттамасы Қоғамдағы Құжаттау және құжаттаманы басқару қағидасының хаттамаларды ресімдеуге қойылатын талаптарына сәйкес ресімделеді.

  2. АПБК отырысының күн тәртібіндегі мәселелерді әр мәселе бойынша қорытындыларын көрсете отырып қарастыру нәтижелерін АПБК хатшысы АПБК отырысы өткен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ресімдейді.

  3. Тікелей отырыстың хаттамасына АПБК отырысына қатысушылардың барлығы бұрыштама («жақтап», «қарсы», «қалыс қалу») қойып, АПБК төрағасы мен хатшысы қол қояды.

  4. Тікелей отырыстың хаттамасына АПБК хатшысы қол қойып, АПБК төрағасына қол қоюға береді. АПБК тікелей отырысы хаттамасының күні сауалдама парақтарын тапсыру мерзімінің аяқталған күні болып табылады. АПБК сырттай отырысының хаттамасына сауалдама парақтары қоса беріледі.

  5. АПБК отырысында қабылданған шешімдер туралы АПБК хатшысы АПБК-ның барлық мүшелерін және Қоғамның мүдделі құрылымдық бөлімшелерін хаттама қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.

  6. Қол қойылған хаттаманың түпнұсқалары мен АПБК отырыстарында қаралған мәселелер бойынша АПБК отырыстарына ұсынылған материалдар АПБК хатшысында сақталады. Хаттамалардың көшірмелері талап ету бойынша АПБК төрағасы мен барлық мүшелеріне, Қоғамның мүдделі ҚБ-ларына отырыста қарастырылатын мәселелердің және орындау үшін қабылданған шешімдердің тиістілігі бойынша берілуі мүмкін.

  7. АПБК отырыстарының хаттамалары мен оларға қатысты құжаттар күнтізбелік жыл біткен кезде Қоғамның іс жүргізу мәселелерін регламенттейтін ішкі құжаттарына сәйкес жасалған қабылдап алу-тапсыру актісі негізінде АПБК хаттамаларын Қоғам мұрағатына тапсырғанға дейін АПБК хатшысында сақталады.



  1. АПБК хатшысы




  1. АПБК хатшысын (дауыс беру құқығынсыз) отырысқа қатысатын АПБК мүшелерінің жай көпшілік дауысымен АПБК мүшелері сайлайды.

  2. АПБК кез келген уақытта АПБК хатшысын атқарып жатқан міндеттерінен босатуға және жаңасын сайлауға құқылы.

  3. Хатшы мынадай функцияларды жүзеге асырады:

  1. АПБК отырыстарын дайындап, өткізуді қамтамасыз етеді;

  2. АПБК отырыстарына материалдарды жинап, жүйелейді, осы Ереженің, Қоғамның басқа да ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес материалдардың тиісті ресімделуіне ағымдағы бақылау жүргізеді;

  3. АПБК мүшелеріне және шақырылған тұлғаларға отырыстың өтетіні, отырыстың күн тәртібі, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарды уақытылы жолдайды;

  4. отырыстардың хаттамаларын жазады;

  5. ҚБ-ларды АПБК қабылдаған олардың қызметіне қатысты шешімдер туралы уақытылы хабардар етеді және үзінділер береді;

  6. АПБК қызметі туралы есепті дайындайды, оны Қоғамның ІНҚ талаптарына сәйкес Қоғам Басқармасының бекітуіне шығарады;

  7. Осы Ережеде және АПБК шешімдерінде көзделген өзге де функцияларды орындайды;

  8. Қоғамның ішкі құжаттарының талаптарын сақтайды.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет