Қоғамның барлық БҚ-ларынан, Қоғам қызметкерлерінен АПБК құзыреті шегінде АПБК жұмысына қажетті ақпарат пен құжаттарды сұратуға және алуға;
Қоғамның Уақытша бос ақша қаражатын орналастыру және есепке алу нұсқаулығына сәйкес 7 (жеті) күнге дейінгі мерзімге банк депозиттеріне орналастыруды қоспағанда, инвестициялық портфель мен Қоғам қаражаты есебінен қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға қатысты ұсынымдарды әзірлеуге;
заңнамалық актілермен, Қоғам Жарғысымен, ІНҚ-мен Қоғамның басқа органдары мен лауазымды тұлғаларының құзыретіне жатқызылған мәселелерді қоспағанда, осы Ережеде белгіленген өзге де мәселелерді қарауға құқылы.
АПБК мүшелері АПБК қызметінің жекелеген мәселелерін қарау үшін қажетті кәсіби білімі бар сарапшылар мен консультанттарды белгіленген тәртіпте тарта алады.
АПБК мүшелері мыналарға:
Заңнамалардың, Қоғам мен Қордың ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын сақтауға;
Қоғам жүргізетін барлық қазынашылық операциялардың қауіпсіздік, өтімділік, табыстылық секілді негізгі қаржылық қағидаттарын: сақтауға міндетті. Қауіпсіздік пен өтімділік қағидаттары табыстылық қағидатынан басым сипатта болады.
Инсайдерлік ақпарат
Инсайдерлік ақпарат – Қоғамның қызметі туралы жалпыға бірдей қолжетімді емес ақпарат, оны ашу Қоғам қызметіне айтарлықтай әсерін тигізуі мүмкін.
АПБК мүшелері мен АПБК хатшысының инсайдерлік және өзге құпия ақпаратты жеке мақсатта пайдалануға және оны жария етуге құқықтары жоқ.
АПБК отырыстарына қатысатын үшінші тұлғалар осы Ережеге ЖН 03 ПСМ 04-01-15 қосымшасына сәйкес инсайдерлік және өзге құпия ақпаратты жарияламау туралы міндеттемеге алдын ала қол қоюы тиіс.