Актуальные вопросы специального и инклюзивного образования



Pdf көрінісі
бет9/101
Дата02.11.2023
өлшемі1,88 Mb.
#121431
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   101
Keywords: 
special education, the disabled pupil, education, rehabilitation 
ҚР-дағы мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арнайы білім берудің өзіндік тарихы бар. Тарихи 
деректер біздің елімізде арнайы білім беру жүйесі қалыптасып, дамуын нақты көрсеткіштермен 
сипаттайды. Қазіргі арнайы білім берудің дамуы ерекше белгілер мен тенденциясының 
анықталуын, әртүрлі уақыт кезеңдерінің карама-кайшы жақтарын аныктау және дамуында 
ауыткуы бар балаларға дәстүрлі емес формада көмек көрсету, қоғамдық тәрбиелеуге сәйкес
құруды қамтиды. ҚР-да арнайы білім берудің теориясы мен практикасының дамуы аныкталған 
тарихи кезенде көрініс тапты. 
Қазақ халқының педагогикалық-психологиялық ой-пікірлері туралы зерттеулері мен 
көзқарастары тарихтың XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында жиі кездеседі. 
Ы.Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, С.Көбеев, А.Байтұрсынов және т.б. болды. 
Осы біртуар жандар педагогиканы және психология ғылымы саласында ғылыми еңбектер жазып, 
тәлім-тәрбиелік ғылымның ұлттық терминінің калыптасуына бағасыз үлес қосқан. 
Азамат соғысы кезінде, ашаршылық, эпидемия және т.б. айғакты себептердің соның 
ішінде: арнайы мектептердің аздығы, педагог кадрлардың жетіспеуі салдарынан елімізде 
мүмкіндігі шектеулі балалар, бұзақылар қайыршылар көбейіп кетті.Бұл мәселелерді шешу, яғни 
ауытқулығы бар балаларды есепке алу және арнайы көмек көрсету қиын жағдайда болды, себебі 
Қазақстанда бұл бағыттағы жұмыс істеу тәжірибесі аздығы болған, ауытқулығы бар балаларды 
мемлекет тарапынан қамқорлыққа алу арнайы ұйымдастырылмаған. Алайда ағартушы 
тұлғалардың ауытқулығы бар балалардың мәселесіне көңіл бөлгенін теріске шығаруға болмайды.
Қазақстанда ғылым мен ағартушылықтың дамуына сол кезеңнің белсенді, данышпандары 
Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев т.б. мүмкіндік туғызды.Ғалымдардың педагогика 
жене психологияның мәселелеріне ой пікірлері құнды болды.А.Байтұрсыновты қазақ қоғамында 
білім-ғылымның дамуына, ағартушылық ісінің жанданып кемелденуіне бағыштады. Ол оқу-тәрбие 
жұмысын жетілдіру саласында өзіндік өшпес ізін қалдыра білді. Мағжан өз еңбегінде психология 
пәніне өте кең орын беріп, оны барынша зер сала қарастырады және ғылымның бұл саласында өз 
білімдарлығын байқатады. Оның жан қуаттары жайындағы пікірлерінде дала өмірі мен өзінен 
бұрынғы және өз заманындағы қазақ зиялыларының туындыларын, ұлттық психологиялық бояу 
нақышын шеберлікпен пайдалана білу тәсілі де құптарлық. Жан көріністерін ол «білу яки ақыл, 
сезім яки көңіл, һәм қайрат көріністері» деп үш тармаққа бөле келіп, олардың өзара табиға 
үйлесімін Абай тұжырымдарымен байланыстырған. 
Олардың ғылымның дамуына, психологияның білім деңгейіне көңіл аударуы сол заманда 
маңызды орын алды және сол негіздің қалыптасу салдарынан арнайы білім беру жүйесі дамыды. 
Қазақстанда ауытқушылықты алдын алуға байланысты міндеттерді шешуде 1921 жылы 
Орынборда ұлттық ағартушылық конференцияның маңызы зор болды. Бұл конференцияда ең 
бірінші рет дамуында ауытқулыктары бар балаларга арналған жұмыстарды ұйымдастыруға ерекше 
көңіл бөлінді. Балалар үйіне қабылданатын балаларды тексеру мәселесі, оларды оқыту, тәрбие 
беру мекемелерінің ажырату, ауытқуы бар балаларды еңбекке даярлау, мектеп тәрбиесінің өзара 
байланыстары қарастырылған. Балалардың ауытқулығына байланысты күрес балалар арасындағы 
қылмыс пен панасыздықтың алдын алумен катар жүреді. Балалар үйі, панасыз балаларға арналған 
коллониялар, жас заң бұзушыларға арналған тәрбие беру-түзету пунктері ашылды. Ал 
ауытқулықтары бар балаларға арналған мамандырылған мекемелер біздің республикамызда баяу 
дамыды. 
1921жылы Орынборда ең алғаш рет зияты зақымдалған және естімейтін сөйлемейтін 
тұлғаларға арналған балалар үйі ашылды. 1922 жылы Ақмола губерниясында ауытқулықтары бар 
балаларға арналған балалар үйі ашылды. 1922ж Республикада әртүрлі ауытқулықтары бар 
балаларға арналған арнайы мектептердің кажеттілігі өсе берді. 1926 жылы еліміздің білім берудің 
дамуыту жобасында арнайы мектептер ашу қарастырылған болатын, бірақ экономикалық 
жағдайдың киыншылықтары мұны жүзеге асыруға мүмкіндік болмаған. 
Сонымен, Қазақстанда ауытқулыктары бар балаларға арнайы білім беру жүйесінің 
құрылуының алғышарттары өткен ғасырдың 20-жылдардан бастау алған. Аталмыш балаларға 
білім мен тәрбие беруді дамытуды сол кезеңнің танымал тұлғаларының қызметтері үлкен рөл 



атқарды. Ауытқулықтары бар балаларға көмек көрсетуді ұйымдастырудың алғашқы қадамдары 
ресейлік тәжірибені ұйымдастыру негізінде әзірленген.
Ал 30-шы жылдары республикада арнайы білім беру жүйесінің дамуы жалғаса берді. 
Арнайы білім беру жүйесінің дамуында маңызды жаңалық болып 1931 жылы 8-маусымда халық 
ағартушылық комитетінің мәжілісі 
қабылдаған ауытқуы бар балаларға арнайы білім беруді міндетті түрде беру туралы шешім 
қабылданған.
1931-1932 оқу жылдарының басынан республикада естімейтін және көрмейтін балаларға 
арналған 2 типтегі арнайы мектептер ашылды.Көрмейтін балаларға білім беруде де 
қиыншылықтар кездесті. Арнайы оқу құралдарының болмауы, мамандардың жоқтығы салдарынан 
біршама қиындықтар болған. 1937 жылдан бастап Семей, Ақтебе, Орал, Қарағанды мен 
Қостанайда естімейтін балаларға арнайы мектептер мен балалар үйлері ашыла бастады. Сол 
уакытта мамандардың жетіспеуі ерекше сезілді. 30 жылдардын ортасына дейін республикадағы 
арнайы мекемелерде дефектолог мамандар болған жоқ.
Ауытқулықтары бар балалармен жұмыс істеуге жоғарғы білімі бар дефектолог мамандары 
қажет болды. Осы кезде тифлопедагогтар мен олигофренопедагогтар жоқ болатын.Жалпы 20-30-
шы жылдары дамуында ауытқулықтары бар балаларға арналған оқыту, тәрбие беру 
мекемелеріндегі педагогикалық мамандарды даярлау біліктілігін жоғарлау жүйесінің қалыптасу 
кезеңін бастан кешірген. 
1920-1945 жылдар аралығында республикада арнайы білім беру мен тәрбие беру жүйесі 
қалыптасуының маңызды кезеңі болды. Осы жылдардағы қиыншылыктарға карамастан бұл кезең 
Қазақ Республикасындағы арнайы білім беру жүйесі кұрылуының негізгі, бастапқы іргетасын 
қалады. 
Отандық арнайы білім беру жүйесінің даму тарихын талдай келе өткен ғасырдың 70 
жылдарына дейін мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу, оларды түзету мен 
бейімдеу мәселелеріне арналған ғылыми жұмыстардың аздығы, оның негізгі себептерінің бірі 
республикада дефектолог мамандар дайындау сол кезге дейін ұйымдастырылмағандығы. 
1962-1963 оқу жылынан бастап Қазақстан түлектеріне Киев, Мәскеу, Ленинградтагы 
педагогикалық институтарында дефектология факультетіне түсу үшін арнайы орындар берілген.
Өз елімізде дефектолог мамандарды даярлауды ең алғаш Абай атындағы Қазак 
Педагогикалық Институтында бастаған. 1976-1977 жылы дефектология факультеті қазакстандық 
арнайы білім беру жүйесіне дефектолог мамандарды оқыту тәжірибесінің іргетасын қалаған. 
КазПИ-дің дефектология факультетін ашуға белсенді қатысып, дамуына өз үлесін қосқан озат 
дефектолог ғалымдар: Намазбаева Ж.И., Сүлейменова Р. А., Өмірбекова Қ.Қ., Бектаева К.Ж, 
Буфетов Н.М. т.б. 
Дефектология ғылымының дамуы Ж.И. Намазбаеваның кемтар баланың тұлғасын зерттеу 
жұмыстарынан басталған. 1971 жылдары акыл- ойы кемтар балалардың өзін өзі бағалау тұлғалык 
ерекшеліктерін зерттеген, кейін бұл бағыттағы жұмыс жалғасып, 1986 жылы психология 
ғылымының докторлык диссертациясында дәлелденген. 
80- шы жылдары психология сапасында психикапык дамуы тежелген балаларды зерттеу 
жұмыстары көптеген нәтижелер көрсетті. НақтыМ.Ш. Адилова кіші мектеп жасындағы ПДТ 
бапалардың психомоторикалык ерекшеліктерін зертгеген, бұл еңбектің психомоториканы дамыту 
мен түзету теориясы мен тәжірибесі маңызы зор. 
Мүмкіндігі шектеулі балалардың тұлғалық қасиеттерін зерттеу жұмыстары кейін де Ж.И. 
Намазбаеваның жетекшілігімен жалғасып, бірталай ғылыми еңбектер жүргізіліп, арнайы 
психологияны қызықты деректермен толықтырған Мысалы, Сарсенбаева Л.О. көмекші мектеп 
оқушыларының тұлғалық бағытын зерттеген, Макина Л.Х. зияты зақымдалған балалардың тұлға 
аралық қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу жұмысын жүргізген т.б. (Шарапиева А.Д., 
Искакова М.С.) 
Қазақстан дефектологтары мүмкіндігі шектеулі балаларды тілге оқу мәселесін зерттеп, бұл 
салада кұнды еңбектерімен танымал. Бектаева К.Ж., Өмірбекова Қ.Қ. көмекші мектеп 
оқушыларын тілге оқыту әдістемесін мазмұндама және шығармалар жазуға үйрету жұмыстарымен 
толықтырған. Ал математика әдістемесі үшін Р.А. Сүлейменованың акал-ойы кемтар балалардың 
есеп шығарудағы қиындыктарының ерекшеліктері зерттеуі мен И.Г. Терехованың көмекші 
мектепте ондык бөлшектерге оқыту туралы ғылыми жұмыстары өзектілігін ақтаған.Арнайы 
мектептің негізгі міндеті түлектерін әлеуметтік беймдеу жұмысын әзрілеу үшін А.Қ. 
Рсалдинованың зияты зақымдалған балаларды стандарты нұсқау бойынша жұмыс жасауға үйрету.


10 
Арнайы білім беру жүйесінің дамуы туралы ғылыми еңбектер Г.М. Коржова мен А.Қ. 
Сатованың диссертацияларында керініс тапты. Нақты Г.М. Коржова кемтар балаларды еңбекке 
баулу жүйесінің даму тарихын анықтаған, ал А.Қ. Сатова дефектолог кадрларын даярлау 
жүйесінің қалыптасу мен жетілдіру мәселерің зерттеген. Арнайы білім беру жүйесінің даму 
тарихы үшін бұл жұмыстар аса маңызды.
90-шы жылдары тәуелсіздікке көшу, саяси, әлеуметтік өзгерістердің әсері білім беру 
саласында қарқынды дами бастады. Жағымды жетістіктің бірі Қазақстан тарихына көңіл болу 
болғандықтан, арнайы мектептерде Қазақстан тарихын оқыту әдістемесін әзірлеу, өзектілігін 
білдірді. Сол себепті, Г.А. Аужанованың ғылыми жұмысы Қазакстан тарихын оқыту ерекшеліктері 
мен әдістеріне арналған. 
А.Н. Аутаева естуінде ауытқуы барбалалардың дыбыс айтуын қалыптастыру 
ерекшеліктерін зерттеген. Бұл зерттеу республикамыздың естуінде ауытқуы бар балаларды оқыту 
мен тәрбиелеу саласындағы алғаш ғылыми жұмыс болды. 
1992 жылы Республикалық "Ақыл ой және дене дамуында кемістігі бар балалармен 
жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу еңбекте оңалту" ғылыми -тәжірибелік орталықтың ашылуы 
ғылыми зерттеулерді белсенді өткізуді талап етті. Арнайы білім беру саласындағы жаңа 
өзгерістер, шетел тәжірибесімен танысу өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік тудырды. 
Арнайы білім беруде жаңа технологиялардың еңгізудің көрінісі, А.Т. Баймұратованың 
мүмкіндіктері шектеулі балаларға түзету жұмысында лекотека технологиясын әзірлеу жұмысы 
болды. Бұл ғылыми еңбектің нәтижесінде ӘБЕО орталығында лекотека бөлімі ашылып, мүмкіндігі 
шектеулі балаларға түзету көмегін кеңейтуге мүмкіндік берді. 
Біз тұжырымдай келе арнайы білім беру жүйесінің даму тарихын талдай отырып, сол 
кездегі шешілмеген келесі мәселелерді байқауға болады, олар: 
- мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарының жоқтығы; 
- балаларды ерте жастан анықтап, тексеріп, арнайы түзету арқылы қолдаудың дұрыс 
ұйымдастырмағаны; 
- арнайы мекемелердің, мектептердің, бала-бақшалардың жетіспеуі; 
-әдістемелік, нұсқаулық құжаттар мен бағдарламалардың болмауы; 
- отбасында мүмкіндігі шектеулі балалары бар ата-аналармен дұрыс жүйелі жұмыстың 
жүргізілмеуі; 
- арнайы білім беру ұйымдарында мамандардың жетіспеушілгі 
Сонымен, өткен ғасырдың соңғы жылдары отандық арнайы білім беру жүйесі үшін ауыр тиген 
байқай отырып, сол жүйенің сақталып, әлемдегі жаңа бағыттарға сәйкес бет бұруын жетістік 
ретінде белгілеуге болады. 
Республикадағы ауытқулары бар балаларға арнайы білім беру мен тәрбие беруге 
байланысты жүргізілген зерттеулер арқылы сол жүйенің мәселелері мен әлсіз жақтарын ғана 
анықтап қоймай, оның болашақта даму беталысын анықтауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет