«Қалқабай Сартбаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 10-сынып оқушысы



бет3/4
Дата18.10.2023
өлшемі39,75 Kb.
#118996
1   2   3   4
Байланысты:
Жоқтау жырлары

Жоқтаудың түрлері
Жоқтау қазақ ауыз әдебиетінде кім айтып, кім шығарғандығына қарап бірнеше топқа бөлінеді. Олар: өлген ұлын ананың жоқтауы, күйеуінен жесір қалған жарының жоқтауы, қыздың әкесін не анасын жоқтауы т.б.
Жоқтаудың сипаты
Жоқтаудың негізгі сүре-сарыны - өлген адамның өткен өмірін, елге істеген ісін, жақсы қасиеттерін айтып мадақтайды, орны толмас қазаға жақындарының жан күйзелісін сөз етіп, тірлікте ойлаған ісіне,талпынған мұрат-тілегіне жете алмай, арманда кеткендігін айтып өкінеді. Ақыр соңында тағдырдың салғанына мойынсұнбасқа не амал бар?!
Өлгенге қылма уайым
Қимылдаған бұл жанның,
Бәрін де алар құдайым, -
немесе
Қабат-қабат қара жер,
Кімдерді жалмап алмаған,
Жағасы асыл ақ сауыт,
Кімдерден жайнап қалмаған,-деп бітеді. Әрине, әр жүректің зарынан, әр көздің жасынан шыққан жоқтау өлеңдері әртүрлі, әр басқа болып келеді. Ол айтушы адамның талантына байланысты көбіне тыңнан туады.

Жоқтаудың небір көрікті де үздік үлгілері В.Радлов,Г.Потанин, Ш.Уәлиханов, Н.Гродеков Ә.Диваев жинап бастырған кітаптарда бар.


М.Ж. Көпеев пен В.Радловтың «Үлгілерінде» [39-40 беттер] басылған жоқтау өлеңдері бір , айырмасы жекелеген сөздерінде . Соған қарағанда М.Көпеев те ,В.Радлов та бұл жоқтауларды бір адамдардың орындауынан жазып алған сияқты. Ал , Н.Гродековтің кітабындағы жоқталарда дәстүрлі шер өлеңдеріне тән теңеу , салыстырулар әр түрлі айшықты сөздер аз емес. Соның ішінде : «Күн дегенім түн болды» , «өлімі құрысын өрт екен», «ақ түйем аунап шаң болды», «Таң атпай тұрып шақырған, әтештен сорлы бар ма екен?»-деп келетін жолдар бұл жоқтаулардың өлеңдік бітімінің биіктігіне дәлел.
Жоқтау жырларында кездесетін көремдегіш
құралдар
Жоқтаулардың поэтикалық бітімінде келісті көркем теңеулер мен салыстырулар , эпитеттер мен метафоралар жиі ұшырасады.Қайтыс болған адамның мақтаулы қасиеттерін үнемі теңеумен береді.
Теңеу, әсірелеу, көріктеу сөздері көбіне қисынды ойға құрылады: «Асыл да гауһар болатым , Ұшайын десем қанатым», «Қар жаңбырдай бораған, Қарт бурадай жараған», «Қаршығам қашан қосылар , жалыным қашан басылар,» - деп келеді. [М.Көпеев . І том .Орт. ғыл.кітапхананың қолжазба қоры. 1170 папка,29- бет.]
Сонымен, жоқтау жырлары –қазақ халқының күнделікті тұрмысынан, ел мұңы, жұрт қайғысынан туған салт жырларының ең бір мол түрі, жоқтау өлеңдерінің өз сарыны ,өз дауысы болады. Жоқтау сол сарынмен айтылады.Г.Н.Потанин қазақтың «өлік шығару ғұрпында сол халықтың басынан кешкен ауыр өмірі бар...Бұл мұрада дамытуға лайықты нәрселер көп...[Г.Потанин, Орта ғасырлық эпостардағы шығыс мотивтері 1899. 3- бет],-деп жазады.
Жоқтау- қазақтың дәстүрлі ғұрыптық салты, тұрмыс - салт жырларының бір түрі. Қазалы күнде жоқтау айту - ұлттық дәстүріміздің жақсы үлгісі. Оны айтудың , жалғастырудың ешқандай ерсілігі жоқ .
Жоқтау – аза тұту ғұрпын көтере түсетін, қайғыны басатын, қаралы салттың бірегей түрі, бір сөзбен айтқанда, зарлы өлең.
Жоқтау жырларын зерттеу ХІХ ғасырдан басталады. Жоқтау жырларына алғаш рет ғылыми баға беріп, бірнеше үлгісін жазып алған адам – Ш.Уәлиханов. Жоқтау жырларын ауыз әдебиетінің бағалы үлгісі ретінде жинап, 1926 жылы «23 жоқтау» деп аталатын кітап етіп шығарған Ахмет Байтұрсынов болды. А.Байтұрсынұлы «23 жоқтауында» Төлебайдың қазасына оның 12 жасар қызының айтқан жоқтауын келтірген. Қазақтың жәдігер жоқтауларының ішінен ең ұзақ қаралы жыры –«Мұсаға» арналған М.Жүсіптің 345 жолдан тұратын жоқтауы. Ол тек ақынның өз атының жоқтауы емес, барша жұрттың атынан Мұса қазасына қайғыру өлеңі.
Биыл Алаш қозғалысы көшбасшыларының бірі, көрнекті тілші-ғалым , әдебиетші, ұлт ұстазы атанған Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толды.Әдебиетші-ғалымның бізге жеткен еңбектерінің ішінде «23 жоқтау» атты еңбегі бірден көзге түседі.
Кімнің кімді жоқтағанына қарар болсақ:

  1. «Орақ – Мамай» жырында Қараүлек ананың баласы Мамайды жоқтауы;

  2. Қамқа қыздың әкесі Қазыбек биді жоқтауы ;

  3. Үмбетей ақынның Бөгембай батыр қайтыс болғанда шығарған жоқтауы;

  4. Абылай ханға арнап шығарған Бұқар жыраудың жоқтауы;

  5. Шал ақынның әкесі Құлеке қайтыс болғанда шығарған жоқтауы;

  6. Байтоқ ақынның Жәңгір ханға арнап шығарған жоқтауы;

Сонымен, жоқтау- ауыз әдебиетінің көне жанрларының бірі. Қайтыс болған адамның туған- туыстарына алдымен ескерту жырлары айтылып, сонан соң көңіл айту жырларына ұласқан. Осының бәрі жиылып , соңында жоқтау жырларының тууына алып келді. Бір сөзбен айтқанда, қазақтың жоқтау жырлары , бір жағынан әрі жұбату, әрі адам баласының басына түскен қайғыны бөлісу , жеңілдету қызметін атқарады.


Қазақ халқының тарихындағы жоқтаудың үздік үлгісін Бұқар жыраудың Абылай ханды жоқтауынан көреміз.
"Орақ-Мамай жырында халық мүддесін бәрінен жоғары қойған ананың бір ғана арманы бар.
Айқай, енді күн қайда,
Қойға тиген бөрідей.
Жапыра қалмақ куатын?
Құлыны өлген ақ байтал,
Енді саған күн қайда,
Ондай бала туатын? - деп көкірегі қарс айрылады.
Қазыбек бидің қызы Қамқаның жоқтауы- дәстүрлі жоқтау. Мұнда Қамқа әкесінің ел алдында атқарған парызы мен қарызын, мәнді де сәнді өмірін, білгірлігін айтады:
Қазаққа арман жол салдың,
Қолайлы қылып әр заңға,
Жесір қатын, жетім ұл,
Әруағыңа таянып,
Ие болды мал- жанға.
Жоғалмастай жол салып,
Үлгі болып, сөз қалып ,
Кеткен жоқ әкем арманда, - деп Қамқа әке қазасына шүкіршілік айтады.Осылайша Қамқа қыз тек перзент ретінде ғана емес, күллі бір халықтың перзенті ретінде әке даңқын асырады, сондықтан бұл жоқтаудың тарихи маңызы зор.
Қазақтардың 1728-1730 жылдары қалмақтарға қарсы жорықтарында Бөгембай батырдың атқарған рөлі ерекше. Осы кезде Бөгембай батырдың есімімен қатар Үмбетей жыраудың есімі қатар аталады. Оның батырға қатыстысының бірі -жоқтау жыры да, екіншісі -Бөгембай өлімін Абылай ханға естіртуі:
Бөгембай сынды батырдың,
Береке берсін артына- ай,
Сабыр берсін халқына-ай,
Жасаған ие жар болып,
Бейіште нұры шалқығай! – дейді. Осылайша ақын батырдың халық үшін сіңірген еңбегін, қалмақпен соғыста жасаған ерлігін мақтан етіп, жырға қосады.
Сондай-ақ шал ақын Тілеуке Құлекеұлының әкесі Құлеке өлгенде айтқаны:
Дүние деген осы,
Жоқ қой мәңгі досы.
Егер болса досы,
Әкемнің құламас еді-ау қосы.
Ғалым-жазушы М.Мағауин 1969-ң күзінде табандап үш ай отырып, 1970 жылы шығарған «Алдаспан» жинағында Асан қайғыдан басталып, Шал ақынмен аяқталатын ежелгі қазақ әдебиетінің төрт ғасырлық қазынасында қазақтың жоқтау жыр үлгілерін бере білді.Қазақ әдебиетінде жыраулар поэзиясының орны бөлек.Жыраудың әрқайсысы жай ғана ұлы тұлға емес, әрқайсысы жеке бір тұлға, әрқайсысы бір ғасыр куәгері, алаштың өткен өмірінің , тарихының, биік санасы мен көркем ойының көрсеткіші.Біреудің аты өшсе, тұтас бір ғасыр үңірейіп қалмақ, сондықтан осы жыраулар орта ғасырларда қазақ поэзиясын әлем поэзиясының асқар биігіне шығарды.
«Жазушы» баспасынан 1990 жылы жарық көрген ғалым Т.Арынов құрастырған «Боздағым» атты қазақтың жоқтау жырлары қазақ әдебиеттану ғылымына қосылған жақсы бір туынды болды. Кітап Мамай жоқтауынан бастап, Жамбылдың Ұлы Отан соғысында қаза тапқан баласы Алғадайға арнаған жырына дейінгі туындыларды қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет