Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС



Pdf көрінісі
бет17/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   113
сыйынған 
ІV Аменхотеп [23]


53
Археологтардың Ахетатон қаласының ор-
нына жүргізген қазба жұмыстары кезінде кере-
мет өнер ескерткіштері табылды. Монументті 
бедерлер 
(рельеф) 
мен 
мүсіндерден 
перғауынның созыңқы бас сүйегін және 
дүрдиген ернін көруге болады. Сондай-ақ, 
Эхнатонның жұбайы, баршаға танымал Нефер-
тити патшайымның ерекше нәзік, көркемдігі 
көз тартады. 
Эхнатон реформасы өзінің негізін 
қалаушы өмірден өткеннен кейін, көп ұзамай 
жоққа шығарылады. Оның ең жақын жас 
ізбасары өзінің атын еріксіз Тутанхамон деп 
өзгертуге мәжбүр болады. Осылай біршама уақыт өткен соң, Амон 
өзінің бақталасын орнынан ығыстырып, өзіне тиесілі орынға қайта 
жайғасады. Енді бұрын жазылған Атон аты өшіріледі. 
1922 жылы Говард Картердің Тутанхамон мәйітін табуы 
әлем баспасөзінде жарыса жарияланған жаңалық болды. Біздің 
уақытымызға тоналмай жеткен қабір Мысыр өркениетіне деген 
көзқарасты өзгертіп, құнды мәдени ескерткіштерімен зерттеушілер 
назарын өзіне аударды.
Тутанхамон көзге түсіп, атын шығарарлық іс істеместен, жас 
кезінде қайтыс болады. Фиваның жанындағы патшалар алқабынан 
табылған Тутанхамон перғауынның қабірінде көптеген құнды 
зат, таза алтыннан жасалған саркофаг болды. Қара ағаштан 
және эбен ағашынан, қымбат металдар мен тастардан жасалған 
сәндік-қолданбалы өнер үлгілері – амарндық дәуірдегі мысырлық 
мәдениеттің жарқын белгісі. Осыдан да Тутанхамон бұл күндері 
бағзы заман билеушілерінің ішіндегі ең бір танымалы ретінде белгілі.
Амарн дәуірінің тағы бір құнды ескерткіші – дипломатиялық 
мұрағат. Эхнатон тұрғызған қаласында өзінің және әкесі ІІІ 
Аменхотептің жүргізген халықаралық хат-хабарлары мен саз 
кітапшаларын сақтады. Ол өмірден өткеннен кейін, Фиваға 
көшкен ізбасарлары барлық құжатты қалдырып кетеді. Осылай-
ша, археологтар қолына Мысырдың басқа елдермен байланысын 
көрсететін, б.д.д. ХVІ ғасыр ортасына жататын 400-ге жуық дерек 
түседі. Олардың бәрінің аккад тілінде жазылғаны таң қалдырады. 
Суретте: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет