Суретте: Осирис, Изида, Гор [8]
16
Егер әрбір мысырлықтың жерленуі кезінде жасалуы керек болатын
рәсімдер толық сақталса, о дүниеде мәңгілік өмір сүреді деген сенім
қалыптасады.
Жер өңдеуді, дәнді дақылдарды егуді қолға алып, мысырлықтарға
егін шаруашылығын үйреткен, жемістерді жинауды, жүзімнен шы-
рын алуды жолға қойған Осирис, пайдалы еңбегінің нәтижесін
адамзатқа үйретуге ұмтылады. Астық, жеміс өнімдерін пайдалануға
көшкен Мысыр билігін жұбайы Исидаға беріп, бар әлемді аралап
жер өңдеу, егін егу өнерін басқа елдерге таратады.
Барлық халық оны жақсы қарсы алып, құрмет көрсетеді, белгілі
уақыттан кейін ол, алғысын білдірген халықтардың берген үлкен сый-
ын алып, еліне оралады. Оның бұл ісіне қызғаныш білдірген бауыры
Сет басқа құдайлармен бірігіп, қастандық ұйымдастырады. Құпия
түрде ағасының бой өлшемін алып, соған шақтап өрнекті сандық
жасайды. Бірде, құдайлардың көңіл көтеруі кезінде, Сет сандықты
әкеліп, кімнің денесі мен бойына шақ келсе, соған сандықты сыйға
тартатынын жариялайды. Отырғандардың ешқайсының ойына
сандық шақ келмейді, оған ең соңғы болып Осирис кіреді. Осы сәтті
күтіп тұрған қаскөйлер сандық қақпағын жабыла жауып, шегелеп,
Ніл өзеніне ағызып жібереді... [3. 173-175-б.].
Осирис пен оның баласы Гор туралы аңызда жарық пен түнектің
арпалысы айқын көрсетіледі. Осирис өлгеннен кейін жұбайы Изида
босанып, Гор дүниеге келеді. Ай құдайының көмегімен Сетті жеңген
Гор әкесін тірілтеді. Бірақ, жеңіс толық, түпкілікті болмайды. Оси-
рис жер асты әлемінде қалады. Жеңімпаз Гор тек күндіз үстемдік
жүргізсе де, түнді Сетке беруге мәжбүр болады. Демек, күнделікті
тұрмыс тәжірибелерінде көзге түсетін күн мен түн ауысуының
аңыздық діни түсінігі, әлем құпиясын тануға талпыныс ежелгі Мы-
сырда ерте пайда болады. Аңыз бойынша, кейде күндіз де қиянатшыл
қара Түнек құдайы аз уақыт болса да, нұрлы Күн құдайын жеңіп, өз
жеңісін тойлайды.
Ежелгі мысырлықтар күннің тұтылуын: «Сет жабайы қабан
бейнесінде Горға шабуыл жасап, оның бір көзін ойып алады. Көзінен
айырылып, ауруға шалдыққан құдайды Тот емдейді, жанарын
қалпына келтіреді» деп түсіндіреді. Гор зұлымдықты жеңіп, жердегі
өміршеңдікті, өнімділікті қамтамасыз етеді. Ал о дүниеге барғанда
өлілер патшалығына билігін жүргізеді.
17
Аңызда ежелгі Мысырдың алғашқы перғауыны Ра болғаны
айтылады. Перғауын бейнесі – ел тұтастығының белгісі, Ніл
суының молаюын магиялық қамтамасыз етуші. Егіннің өнімі, үй
жануарларының төлдеуі, әрбір отбасындағы сәбилердің дүниеге
келуі де соған тәуелді. Оның атын тікелей атауға болмайды, ол тура-
лы «үлкен үй, патша сарайы» деп астарлы сөзбен сөйлеу қалыптасқан
(мысырлықтар тілінде перо, яғни фараон, перғауын ұғымының шығу
негізі).
Ра құдай ұзақ уақыт елді әділетті басқарады, ел ағаларын
құрметтеп, азғындарды жазалайды. Дегенмен, уақыт өте, адамдар
ол туралы ғайбат сөздер айта бастайды: «Қараңдаршы, перғауын
Ра қалай қартайды?!» Кінәмшіл сөздер оның ызасын келтіреді.
Құдайларға айтқан сөзінде ол: «Адамдарға қараңдаршы! Мен оларды
жараттым, ал олар маған қарсы сөз айта бастады; сендер оларға не істер
едіңдер, маған дұрыс кеңес беріңдер, сендердің пікірлеріңмен сана-
спай, адамдарды жазалағым келмейді», – дейді. Кеңес нәтижесінде,
адамдардың жазасын беру туралы шешім қабылданады. Құдайлар
бүлікшіл адам ұрпағын өлім жазасына кесуді мақұлдайды. Осыдан
кейін құдай әйел Сехет, «көп түн бойы аяғын адам қанымен жуады».
Мұндай зұлымдықты күтпеген Ра құдайдың адамдарға жаны аши-
ды. Аңыз, ыдысқа адам қаны, сыра және басқа да жеміс шырында-
рын араластыруға бұйрық берілгенін, осы ішімдікпен қанішер құдай
әйелдің тойдырылғанын, оған қырып-жоюды тоқтатуға бұйрық
берілгенін жеткізеді.
Бүлікшілерді жазалаудан шаршаған Ра құдай өзіне тұрақ болған
жердегі иелігін қалдырып, мәңгілік мекеніне кетуге ниеттенеді.
«Мен тірімін, – дейді ол құдайларға, – бірақ жүрегім адамдармен
бірге болудан жалықты... Алғаш рет менің тәнім ауруды сезінді,
екінші рет бұл әлсіздіктің маған қашан келетінін күткім келмейді.
Мен көкке көтерілуге бел будым», – деп сөзін аяқтайды. Құдіретті
аспан сиырының арқасына отырып көкке, мәңгілік мекеніне кеткен
Радан соң, оның балалары деп мойындалатын басқа құдайлар билік
құрады. Перғауын Гор ел басқарған ең соңғы құдай болады. Ежелгі
заманнан жеткен деректе, Гор ізбасарларының ағзасында құдай қаны
болса да, олар – тек кейбір құдайлық қасиеттерді сақтаған адамдар
ғана еді деген пайымдау жасалады...
Мысырлықтар әрбір перғауынды «Раның баласы» деп есепте-
ген. Мысалы, өз уақытында кең танымал болып, бізге аты жеткен
18
ІІ Рамсес перғауын туралы: «Ол туылған кезде аспан зор қуанышқа
бөленді және Ра шынайы салтанат құрып, «мен оны туғыздым,
енді жерде тыныштық орнайды және құдайлар да риза болады» деп
айтқаны белгілі. Деректер ежелгі Мысыр жәдігерлерінде мұндай
сипаттағы мәтіннің жиі кездесетінін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |