Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС


Тоттың Тефнутты сөзге еліктіріп, Мысырға қайтару сәті



Pdf көрінісі
бет4/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113
Суретте: Тоттың Тефнутты сөзге еліктіріп, Мысырға қайтару сәті [5]


13
аптап жел тоқтап, өсімдіктер әлемі жанданады. Қайтып келген ол 
Шумен тұрмыс құрады. Бұл табиғаттың қайта түлеп, мол жеміс 
беретініне меңзейді...
1822 жылы француз филологы Франсуа Шампольон (1790-1832 
жж.). Мысыр иероглифтері сырын ашқасын, оқырман қауым ежелгі 
жазу мазмұнымен танысу мүмкіндігіне ие болды. Бұл жердегі 
баса назар аударатын нәрсе ол, Мысыр аңыздары мазмұнының 
сол тарихи дәуірде өмір сүрген басқа халықтар шығармаларына 
мүлде ұқсамайтыны. Зерттеушілер, Құдайлар туралы пікірлерде 
бірізділіктің жоқтығын, оларды қалай бейнелеу керектігі тура-
лы түсініктің де болмағанын көрсетеді. Мысалы, енді шығып келе 
жатқан күн, қи қоңыздың бейнесіне енген, күн шарды батқанға дейін 
алдына салып домалататын Хепри құдай; күндізгі күн – қаршыға ба-
сты адам Ра құдай; ал кешкі «өліп бара жатқан» күн – Атум құдай 
бейнелерінде көрінеді. Хепри, Ра, Атум бір ғана күн құдайының үш 
түрлі кейіптегі көрінісін береді [1. 9 б.]. 
МЫСЫР ҚҰДАЙЛАРЫ. Күндіз Ра аспан өзені бойымен жерге 
жарық түсіріп, күндізгі қайығы Манджетпен жүзіп жүреді, кешке 
жанындағы нөкерлерімен бірге түнгі қайығы Месектетке отырып, 
жер асты әлеміндегі өзенмен жүзеді. Мәңгі түнек кеңістігіндегі түнгі 
саяхатында Ра басқа құдайлармен бірге он екі тозақ аймағынан өтеді, 
түнек әзәзілдерімен сайысады. Раның қатерлі жауларының бірі, жер 
асты әлемінің әміршісі алып жылан Апоп оның жолына тосқауыл 
қою, жазым ету үшін өзен суын жұтып қояды. Жыланмен соғыста 
Ра мен оның нөкерлері жеңіске жетіп, Апоп суды қайта қалпына 
келтіруге (құсуға) мәжбүр болады. Ра, таңертең жерге жарық түсіру 
үшін жолын жалғастырады. 
Суретте: Мысыр құдайлары [7]


14
Мысыр аңыздары ішінде күнді құс ретінде бейнелейтіндері 
де бар. Мысалы, аңыз бойынша, мұхиттан көтеріліп төбе көрінеді. 
Ондағы жер мен ылғалдың қосындысынан жұмыртқа пайда бо-
лып, соны жарып құс – күн шығады. Келесі аңызда құдайлық 
қасиеті бар Гоготун қаз төбеге ұя салып, кейін күн құдайы шығатын 
жұмыртқаны туады. Бұлармен қатар, күнді кешкісін жұтып қоятын, 
нәтижесінде түн келетін, ал келесі таңда оны қайта шығаратын аспан 
құдай әйелі туралы да аңыз айтылады. 
Ежелгі Мысырда егін, мал шаруашылығының пайда бо-
луы, күнделікті тұрмыста ірі қара малдың қолданылуына орай
күн құдайы туралы аңыздарға өзгерістер енеді. Елдің белгілі бір 
аймақтарында аспан әлемі үлкен сиыр түрінде сипатталады. Аңызда 
осы сиырды Шу құдай өз қолымен демеп, оның арқасына Ра отыра-
ды. Аспан сиыры өмірге әкелген алтын бұзау күн түрінде көрінеді. 
Ра ежелден қалыптасқан аңыздық белгілерді сақтап, басы құс, денесі 
адам ретінде бейнеленді. 
Ежелгі тұрғындар Күн құдайы Ра және онымен байланысты 
құбылыстарға қызығушылық білдіреді. Сондықтан Ніл өңірінде 
өмір сүрген түрлі аймақ тұрғындарының бәрі Күнге табынып, 
Күн құдайы туралы аңыздардың көбеюіне әсерін тигізеді. Ніл 
аңғарындағы халық бірігіп, бір орталыққа бағынған мемлекет 
құрылғаннан кейін, Ра, Амон және Осирис барша халыққа ортақ 
құдайлар ретінде мойындалады. Өзіндік шығу тарихтары бар бұл 
құдайлар табиғат құбылыстарын, әлемнің пайда болуын түсіндіруге 
қызмет етеді. Егер аңыздық деректерге сүйенер болсақ, онда хаостан 
шыққан Ра басқа құдайларды жаратады, өз әйелі мен балаларының 
көмегімен хаостан жарық пен ғаламдық денелерді бөледі. Ғаламды 
жарату кезінде оған аспанды жерден ажыратқан баласы, жел құдайы 
Шу ерекше көмек көрсетеді. 
Ежелгі грек авторларының мәліметтері бойынша, құдайлар 
ішіндегі ең танымалы – Осирис. Аңызда ол жер құдайы Себтің 
(қайсыбір мәліметтерде Кеб немесе Геб) аспан әйел құдайы Нут-
пен байланысынан дүниеге келеді. Күн құдайы Ра әйелі Нуттың 
зинақорлыққа барғанын біліп, ашумен оның ешбір айда сәбиін бо-
сана алмайтынын мәлімдейді. Бірақ, әйел құдайдың жанашыры Тот 
құдай аймен дойбы ойнап, әрбір күннің жетпіс екіден бір бөлігін ұтып 
алады. Оларды қосқанда шыққан толық бес күнді Мысырдың үш жүз 


15
алпыс күннен тұратын жыл күнтізбесіне тіркейді. Мысырлықтар ай 
күнтізбесін күн күнтізбесіне сәйкестендіру үшін, жылдың соңында 
қосылатын күндердің пайда болуын осылай түсіндіреді. Жылдың 
он екі айына қосымша болатын осы бес күн ішінде, күн құдайы 
қарғысының әсерінің болмайтынын аңыз жеткізеді. Осы күндердің 
бірінде Осирис дүниеге келеді. 
Ежелгі Мысырдың Абидос қаласы орнына қазба жұмыстары 
жүргізілгенде, жер құдайы Себ пен аспан сиыры Нуттың баласы 
Осирис құдайға арналған ірі діни орталық, Мысырдың алғашқы 
билеушілерінің қабірлері орналасқан ғибадатхана табылды. 
Осиристің дүниеге келу сәтінде Фива ғибадатханасынан ұлы 
билеушінің, құдіретті иенің дүниеге келгенін жариялаған дауыс 
естіледі. Абзал мемлекет басшысы ретінде ол елін адам етін жеген 
жабайылық жағдайынан құтқарып, заңға бағындырып, құдайларды 
құрметтеуді үйретеді. 
Осириске қатысты тағы бір аңыз түрі егін шаруашылығының кең 
таралуынан мәлімет береді. «Өлілер кітабында» – дән, ал «Пирамида 
мәтіндерінде» жүзім шоғы аталатын Осирис – табиғи өндіргіш күш, 
өлетін және қайта тірілетін өсімдіктер құдайы. Сондықтан егіннің 
егілуі – дәннің (Осиристің) жерленуі, көктеп жер бетіне шығуы – қайта 
тірілуі, піскен соң дәннің жинап алынуы – құдайдың өлтірілуі ретінде 
түсіндіріледі. Егіншілікке бай-
ланысты жүргізілетін жұмыстар 
Осиристің өлімі мен қайта тірілуі 
ретінде мысырлықтар санасынан 
кең көрініс табады. Осыған орай, 
өлген перғауындар магиялық 
жерлеу рәсімі арқылы Осиристің 
тірілгені тәрізді қайта өмірге ке-
луге құштарлық танытады. 
Ортаңғы патшалық дәуірінен 
бастап Осириске тек перғауындар 
ғана емес, әрбір танымал, қара-
пайым ортадан шыққан байлар да 
теңестіріледі. Қабір мәтіндерінде 
өлген адам атынан бұрын міндетті 
түрде «Осирис» есімі жазылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет