184
нынан 1973 жылы табылған сары
мыстан жасалған, жартылай доға зат.
Сол жерден цилиндр түрінде жез-
ден жасалған бұйым да табылған,
бірақ оның қандай мұқтаждыққа
пайдаланылғаны осы уақытқа дейін
жұмбақ. 1975 жылы Дунсяна (Гань-
су) ауданынан табылған қоладан
жасалған кішігірім қанжар б.д.д. 3000
жылға жатады (Мацзяяо мәдениеті)
деп есептеледі. Ежелгі дәуір қоныстарының орнынан табылған мы-
стан жасалған 60 бұйым Цицзя мәдениетіне, қоладан жасалған 200-
ден аса бұйым Хошаогоу мәдениетіне жатады. Олар: айналар, әшекей
бұйымдар, қару-жарақ, өндіріс құралдары, әртүрлі үй заттары.
Қытай қолөнершілері бұйымдарды балғамен соғып қалыпқа
келтіру емес, құю әдісімен жасаған. Бұл ежелгі заманда кен
орындарының көп болғанын (құю металды көп керек етеді) және
жоғары температурадағы ыстықпен қамтамасыз ете алатын ошақтар
тұрғызу әдісінің меңгерілгенін білдіреді. Балқыған металға төзімді,
неше түрлі қалыпқа келтірілетін сазды дайындауға неолит дәуірінен
бергі саздан жасалған бұйымдарды күйдіру кезіндегі мол тәжірибе
септігін тигізген деп мойындалады.
Ғасырлар бойы қола бұйымдар діни рәсімдік міндеттерді
атқарды. Қарапайым еңбек құралдарымен (біз, бұрғы, балық аулай-
тын қармақ, балта, қанжар, жебе ұштары және т.б.) музыкалық аспап-
тар, құрбандық азықтары салынатын және шарап ішуге арналған
ыдыстар пайда болады.
Қоладан жасалатын заттардың айтарлықтай жетілуі Шан әулеті
кезеңіне сәйкес келеді. Бірінші Шан дәуіріндегі Эрлиган қонысынан
табылған мыңдаған қола бұйым өзінің нәзіктігімен көзге түседі.
Олар зооморфтық бейнелермен және қиял-ғажайып жануарлар ма-
скасымен сәнделген. Қола бұйымдардың соншама көптігі діни және
саяси билік басындағы ақсүйектердің байлығын және олардың
қоланы қасиетті көріп, бағалағанын байыптауға мүмкіндік береді.
Бізге сол тарихи дәуір ыдыстарының жиырма түрі белгілі, олар ша-
рап ішуге, су құюға, ас ішуге арналған ыдыстар боп бөлінеді. Тік
бұрышты, төрт аяқты фан дин сол кезге тән формадағы ыдыс. 1974
Суретте: Қола қару гэ,
Достарыңызбен бөлісу: