Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС



Pdf көрінісі
бет65/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   113
Музыка және көңіл көтеру. Ежелгі мәтіндерде музыка (юе) 
«қуаныш», «ләззат алу», «көңіл көтеру» дегенді білдірді. Б.д.д. ІІІ ға- 
сырда өмір сүрген данышпан Сюнь-цзы «Музыка – қуаныш» дейді. 
Музыка ежелгі қытайлықтар өмірінде маңызды орын алды. Дао 
ілімі бойынша ол адамның қолдан жасап шығаратын дыбыста-
ры емес, Жердің, барша тіршілік иесіне жан беретін Ғаламның, 
жаратылыстың табиғи әуені. Немесе Конфуций айтқандай: «Музы- 
ка – адамның мінез-құлқын өзгертетін, сезімін бақылауға көмек- 
тесетін, сол арқылы рухани дүниесін дамытатын, құлықтылық мәнін 
жетілдіретін, оған басқа адамдармен және табиғатпен, Ғаламмен 
үндестікте өмір сүруге мүмкіндік беретін жан әуені».
Аңыз бойынша, Жердегі үндестікті орнатқан Ғаламдық тәртіп 
негізі – дыбыс. Осы ақиқатты түсінген ежелгі дана патшалар қоғам 
негізінде жатқан заңдар мен рәсімдерді сақтау, адамдар арасын-
да үндестік қатынасын орнату, адамзат пен Ғаламды байланысты-
ру үшін музыкаға, ән-күйге үлкен мән берген. Ежелгі қытайлар 
алғашқы әуенді шығаруға талпынды, өйткені музыка арқылы 
құлықтылық пен әлеуметтік тәртіп құпия түрде жұлдыздардың 
табиғи орналасуымен, жыл мезгілдерімен, өмірмен және өліммен 
байланысты деп ойлады. Демек, қытай халық музыкасының тарихы 
өз бастауын есте жоқ ерте замандардан алады. Алғашқы аспаптар 
(сүйек сырнай, саздан жасалған ысқырықтар) соңғы палеолит пен 


192
ерте неолит дәуіріне жатады. Әулеттілікке дейінгі уақытта сарайда 
болған рәсімдер кезінде музыка маңызды роль атқарған, оған қазба 
жұмыстары кезінде табылған қола қоңыраулар және басқа да аспап-
тар жатады.
Табылған қоңыраулар көлемі жағынан әртүрлі. Қазба жұмыстары 
Шан қоңырауларының шағын болғанын, ал оңтүстік патшалықтар 
қоңырауларының үлкендігін (салмағы 154 кг) көрсетеді. Чжоу 
дәуірінде қоңыраулардан басқа, соғатын дабылдар, үрлейтін саз-
сырнайлар, ішекті музыкалық аспаптар әртүрлі материалдардан – 
қоладан, тастан, күйдірілген саздан, теріден, жібектен жасалды.
Батыс Хань әулетінің императоры У-ди билік құрған кезде 
Музыка министрлігі (юефу) құрылды. Оның атқаратын жұмыс 
ауқымына кең танымал балладалар мен күйлерді жазып алу кірді. 
Б.д.д. VІІ ғасырда министрлікті таратқан кезде, оның құрамында
830 музыкант, актер, акробат пен әнші болған [76. 125-127 б.].
Ежелгі Қытайда көңіл көтеру ойын-сауықтары тек патша са-
райы, ақсүйектердің үйлерінде ғана жүргізілмеген тәрізді. Өйткені, 
көшедегі халықтың да көңіл көтеруі, бишілер, акробаттар, жон-
глерлер, жыршылар өнері зираттарға қойылған тастарда және 
керамикалық бұйымдарда бейнеленген. 
Арнайы әдебиеттерде Хань дәуірінен бастап, тек ақсүйектер 
ғана емес, императордың өзі де ойнаған, футболға ұқсас спорт ойы-
ны кең танымал болғаны айтылады. Қатал төрешінің бақылауымен 
Суретте: Қытайдан қазіргі кезде табылған ең ежелгі деп 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет