Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС


Үнді мәдениетіне ежелгі парсылардың әсері



Pdf көрінісі
бет53/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   113
Үнді мәдениетіне ежелгі парсылардың әсері. Б.д.д. VІ ғасырда 
солтүстік Үнді жеріне жаңа идеялар мен мәдениет үлгісін алып ахе-
менидтер билігі келеді. Осы кезде темір өндіру, одан жасалған еңбек 
құралдарымен бірге ақша айналымы өмірге енеді. Б.д.д. V ғ. шама-
сында парсылық үлгідегі ақша шығарыла бастайды, ахеменидтер 
империясының ресми арамей тілі, арамей алфавиті таралады. Жазу 
өнері жергілікті пракрит тіліне сәйкестендіріліп, өңделді, кейін 
Ашок патшаның халыққа жолдаған үндеулері осы әріптермен жа-
зылады. Ахеменидтер билігі темір еңбек құралдарын, ақшаны және 
экономикалық байланысты, сауданы, сауда жолдарын дамытуды да 
жолға қойды. Сауда жолдарының бойында орналасқан қалалар ірі
сауда орталықтарына айналады. 
Үнділер жерінде дамыған ежелгі парсылардың қолөнері, бей-
нелеу және сәулет өнерлері үлкен табыстарға жетеді. Бұл елдердің 
мәдени байланысының үлгісі тастан тұрғызыла бастаған сәулетті 
ғимараттар болды. Қазба 
жұмыстары кезінде табылған, 
тұрғызылған уақытын тек 
жуық шамамен айтуға бо-
латын тас құрылыстар – 
ежелгі Раджгира мен Би-
хара қорғандарының орны. 
Ұзындықтары қырық шақы- 
рымдай болатын, қалалар 
сыртын қоршай орналасқан 
құрылыстардың тұрғызылуы 
Суретте: Ашок патшаның грек
арамей жазба дерегі [69]


158
будда (Сиддхартха Гаутама) және жайнизм (Махавира) діндерінің 
негізін қалаушылар қызметтерімен байланыстырылады. Қорған 
сырты сыланбаған үлкен шомбал тастармен қаланған, қабырғаларда 
бір-біріне жақын орналасқан, атыс орны болар деп болжанатын 
ойықтар бар. Арнайы әдебиеттерде тас және күйдірілген қыш кесек-
тен салынған құрылыстардың б.д.д. ІІІ мыңжылдықтан тұрғызыла 
бастағаны, бірақ оларды сәулет өнері жетістігі, ғимарат деп атауға 
болмайтыны көрсетілген [63.194 б.]. Таксилде қазба жұмыстарын 
жүргізген С. Маршалл қаланың мәдени өмірі деңгейінің өте 
төмендігінен: «Мұнда сәулет өнері жетістігі деп айтатындай ештеңе 
болмаған», – дейді. Үнді елінен тек б.д.д. ІV ғасыр соңына жататын 
қымбат тастардан жасалған бірнеше бұйым табылады, соның ішінде 
ахеменид шеберлерінің қолынан шыққан әсем, құнды тастар да бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет