Алаш автономиясы



бет4/6
Дата13.04.2023
өлшемі31,23 Kb.
#82318
1   2   3   4   5   6
Дүниежүзілік сауда ұйымы-(ДСҰ) — халықаралық сауда ережелерін либерализм принциптеріне қарай реттейтін халықаралық экономикалық ұйым, ол 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастады. Алғашқы кезеңде ДСҰ-ға 77 мемлекет кірсе, 2015 жылғы 30 қарашадағы соңғы мәлімет бойынша оған 162 ел мүше болды. ДСҰ-ға кіретін елдердің үлесі әлемдік тауар айналымның 95% құрайды. ДСҰ басты міндеті — іркіліссіз халықаралық сауда-саттыққа мүмкіндіктер жасау. 
2)Андроновтар мен сақтартарда күнге табыну таралғандығын нақты деректермен дәлелде
3) «Мәңгілік Ел» - жалпықазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер мен дәйектерді келтіріңіз.
«Мәңгілік Ел» - жалпықазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы»деген пікірмен толықтай келісемін. Бұл сөздердің терең мағынасын түсініп, әр қайсысына тоқталар болсақ,сонау ата-бабаларымыз өмір сүрген жылдарға барамыз. Ежелден қазақ еш елге тәуелді болмауды қалады. «Мәңгілік ел» - ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.Біз мыңдаған жылдарды артқа тастап,тағдыр соқпағынан сүрінбей өтіп,мемлекеттігіміз,тіліміз,мәдениетімізбен жазуымызды сақтадық.Келешекте осы құндылықтарымызды ғасырлар мен мыңжылдықтар бойы жоғалтпай,”Мәңгілік Ел ” идеясын болашақтың бағдаршамы ретінде ұстанамыз.
19-билет
1)Антропогенез-грек. anthropos – адам, genesіs – шығу тегі) – антропология ғылымының адамның шығу тегін, даму тарихын, оның жеке биол. түр болып қалыптасуын және адамзат қоғамының даму кезеңдерін әрі жаратылыстану, әрі қоғамдық ғылымдарға сүйене отырып зерттейтін негізгі саласы. Бұларды шешуде антропогенез приматологияэмбриология, физиология, психология, геология, археология, этнография, тіл білімі сияқты ғылымдардың нақты деректеріне сүйенеді. Чарлз Дарвиннің эволюциялық білім жүйесі бойынша адам тегі адам тәріздес маймылдан пайда болған, яғни адам баласы биол. жағынан бір түрге жатады деп дәлелденді. (Антропогенез – жануарлар дүниесіндегі адамның алатын орны мен адамның адам болып қалыптасуын зерттейді.)
Антропология-(көне грекше: ἄνθρωπος — адам) — адамның шығу тегін, дамуын, дене құрылысын, нәсілдік ерекшеліктерін зерттейтін жалпы биология ғылымының қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысы бар саласы. Антропология (грекше arthropos – адам, logos – ілім) терминін алғаш рет Аристотель енгізді. адам туралы ғылым. Ол адамның шыққан тегін және оның барлық кезеңде бірдей даму типін зерттейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет