Этногенез-(грек тіл. "тайпа, халық") — әртүрлі этникалық компоненттер негізінде этникалық қауымдастықты қосылу процесі.
Этнология-қоғамдық ғылымдардың тайпалар мен халықтарды зерттейтін саласы. Этнология қазіргі халықтарды және ертеде өмір сүрген көне этностық топтардың шығу тегін, ру-тайпалық құрамын, қонысын, олардың өзіндік ерекшеліктері мен бәріне бірдей ортақ жайларды, тарихи және мәдени қарым-қатынастарын, күнделікті тұрмысын, кәсібін, қоғамдық және отбасылық қарым-қатынастарын, рухани мәдениетін жан-жақты ғыл. негізде зерттейді
2)Мәңгілік ел 7 құндылығы: Мәңгілік Ел ұлттық идеясы дегеніміз — өткенімізден сабақ ала отырып, болашағымызға жарқын қадам басу. Ел ішіндегі тұрақтылық пен тұтастықтың бірқалыпты дамуының шешуші факторы болып табылатын ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімге бастайды. Ал, бұл құндылықтар «Мәңгілік ел» жалпыхалықтық идеясында көрініс тапқан. Мәңгілік елге айналу үшін тәуелсіздікті сақтап, елдігімізді нығайту басты мақсат болып табылады.
2. Қоғамымыздағы ұлттық бірлік , бейбітшілік пен келісім ;
3. Зайырлы қоғам және жоғары руханият ;
4. Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім ;
5. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы ;
6. Тарихтың , мәдениет пен тілдің орталығы ;
7. Еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге Жаһандық тұрғыдан қатысуы
3) «XIX-XX ғасырларда қазақ өлкесінің моноэтникалық құрамы патша үкіметінің саясаты барысында өзгеріске ұшырады». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер мен дәйектерді келтіріңіз. «XIX-XX ғасырларда қазақ өлкесінің моноэтникалық құрамы патша үкіметінің саясаты барысында өзгеріске ұшырады»деген пікірмен толықтай келісемін. Өлке тұрғындары моноэтникалық құрамының өзгере бастауы. ХІХ ғасырдың 20-жылдарына дейін Қазақстан халқының түгелдей дерлік құрамы қазақтар болды. ХІХ ғасырдың 60-жылдары Қазақстан халқының ұлттық құрамы өзгеріске ұшырай бастады. ХVІІІ ғасырдан бастап казактар және әскери тұрғындар көбінесе бекіністер мен шептерде және станицаларда орналасты. 1824 жылдан округтік приказдар
құрылуымен әскери казактар, кейіннен шаруалар Солтүстік-Шығыс Қазақстанды мекендей бастады. ХVІІІ ғасырдан бастап казактар және әскери тұрғындар көбінесе бекіністер мен шептерде және станицаларда орналасты.Шаруаларды жаппай қоныстандыру басталды.Орыс,Украин,Татар,Поляк Неміс халықтары Қазақстанның әр бөлігіне қоныстандырылды. Қазақстан аумағына ХІХ ғасырдың аяқ кезіне қарай жоғарыда көрсетілген этностық топтардан басқа да халықтар ағылып келе бастады. Уақыт өте келе бірқатар шағын ұлыстар орыс халқымен араласып, ассимиляцияланып кетті. Қорыта айтқанда, Ресей империясының отаршылдық саясатынан басталған өзге халықтардың Қазақстан жеріне қоныс аудару үрдісі XX ғасырдың басында өлкенің ұлттық құрамын үлкен өзгеріске жеткізді.