20-билет Руна жазуы-2—3 ғғ. бастап кейінгі орта ғасырларға шейін германдықтар қолданған әліпби. Латын жазуының таралуына байланысты қолданыстан шыққан. Руналық жазудың таңбалары сына тәрізді сүйірленіп, негізінен, металл, тас, ағашқа жазылған.
Орхон-Енисей жазбалары — көне түркі жазба тарихи-мәдени ескерткіші. Көп уақытқа дейін сыры беймәлім, қай тілде жазылғандығы белгісіз болып келген. Орхон-Енисей жазбаларын руналық жазбалар деп те атайды . Тек 1893 ж. ғана даниялық ғалым В.Томсен құпия жазуды оқудың кілтін ашады. Біраз жылдардан кейін орыс ғалымы В.В.Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы жазуды толық оқып, аударды. Руна жазуындағы ең үлкен ескерткіштер Орхон мен Енисей өзендері алқабынан табылғандықтан, жазудың өзін де осылайша атап кетті.
Трактат (лат. tractatus — "қарауға ұшыраған") — кез-келген мәселені ойлау түрінде талқылауды қамтитын ғылыми шығармаға сәйкес келетін әдеби формалардың бірі, ол пәнге түбегейлі көзқарас білдіруді мақсат етеді. Ғылыми-философиялық мазмұнда жазылады.
2) Қазақ аумағындағы халықтың этникалық құрамының өзгеру себептері Патша үкіметінің қоныстандыру саясатынан болды. ХVІІІ ғасырдан бастап казактар және әскери тұрғындар көбінесе бекіністер мен шептерде және станицаларда орналасты. 1824 жылдан округтік приказдар құрылуымен әскери казактар, кейіннен шаруалар Солтүстік-Шығыс Қазақстанды мекендей бастады. Қазақстанға Ресейден орыс шаруалары 1861 жылғы басыбайлылық құқықты жойғаннан және ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы өлкеде жүргізілген әкімшілік реформалардан кейін кеңінен қоныс аударыла бастады.
3) «Қазақтардың этногенезі көшпелілер өркениетінің пайда болуымен тығыз байланысты». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер мен дәйектерді келтіріңіз. Толықтай келісемін.