Алаш автономиясы



бет2/6
Дата13.04.2023
өлшемі31,23 Kb.
#82318
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Алаш автономиясы

17-БИЛЕТ
1)Мәдениет-белгілі бір мәдениет құрған барлық материалдық құндылықтардың жиынтығы. Материалдық мәдениетке адам қолымен жасалған барлық заттар мен заттар кіреді: ғимараттар мен құрылыстар, көлік және байланыс жолдары, байланыс құралдары, жиһаз, тұрмыстық техника, киім және аяқ киім, өндіріс технологиялары. Мәдениет – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады.
Аң стилі-б.з. д. VII-IV ғасырларда дамыған тарихи көркемдік стиль. Төменгі Дунайдан, Солтүстік Қара теңізден және Каспий даласынан, Оңтүстік Оралға, Сібірге және Қытайдың солтүстік-батыс бөлігіне дейін жетті. Жануарлар стиліндегі суреттер табиғатқа деген сүйіспеншілікке, жануарлар мен олардың қозғалыстарына таңдануға, жануарлардың күресіне негізделген. Суреттер көбінісе жыртқыш аңдар, құстар және грифондар болды. Ең дамыған түрінде аң стилі скиф-сармат өнерінде бар. Жауынгердің киімінде де аң стилінде оюлар болды.
ЗороасторизмЗаратуштра негізін салған ең көне діни және философиялық ілім. Зорастризмді отқа табыну діні деп те атайды, есім бастаушысы Заратуштраның атына байланысты қойылған.(отқа табыну діні короче). Осыдан 3000 жыл бұрын Орта Азияда пайда болып, кейін Иран, Ауғанстан,Иран,Таяу Шығыс елдеріне таралған.Ортағасырлық Қазақстан қалаларының араында зороастризм дінінің қалдықтары кездеседі.Мысалы Сырдария қалалары мен Жетісу өңірінен зороастризмнің жерлеу рәсімдеріне арналған қыш жәшіктер,ғибадатхана қалдықтары,Тараздан зороастризммен байланысты қабір табылған.
Петроглифтер-(лат. петро — тас және грек. глиф — жазу) — тақтатас, жартастарға салынған суреттер, бейнелер. Ежелгі соңғы палеолиттің соңында пайда болды. Кейінгі голецендік тарихи-мәдени кезеңдерде (мезолит, неолит, қола дәуірі, темір дәуірі, т.б.) қоғамдағы өзгерістерге байланысты дамыды. Әр өңірдегі петроглифтер тас ғасырынан кейінгі орта ғасырларға дейінгі адамдардың шаруашылығынан, тұрмыс-салты мен жол-жоралғыларынан, дүниетанымынан хабар береді. Петроглифтерде адамдардың шаруашылық салаларын (аңшылық, балықшылық, т.б.), наным-сенімдерін сипаттайды. Суреттер көбіне тастың бетін қашап, шекіп салу тәсілдерімен түсірілген.Қазақстанда 200-ден астам жартас суреттерінің шоғырланған орындары белгілі болып отыр. Солардың ішінде жан-жақты зерттеліп, ғылыми айналымға түскендері: Ақбауыр, Арпаөзен, Баянжүрек, Ешкіөлмес, Қаратау, Қойбағар, Майдантал, Мойнақ, Таңбалы, Теректі-Әулие, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет