Алаш идеясы мен кайраткерлері
Алаш ежелгі түрік сөзі. Ол бауырластар, қандастар, туыстар дегенді білдіреді. Алаш аты тарихта кездесетін ең көне атаулардың қатарына жатады. Ескі шежіре деректерінде Алаш атауын қазақ халқының синонимі ретінде келтіріледі. Мысалы, Кадырғали Жалаиридің өзі деректерінде казақтың орнына Алаш атауын қолданады. "Атамыз -Алаш, керегеміз - ағаш" деген казақ халқы ұлттық тәуелсіздік жолындағы күресінде ежелгі Алаш ұғымына қайта оралып, оны бостандық пен бірліктің ұраны етіп алды.
Алаш идеясы- қазақтың мемлекеттік, елдің ұлттық идеясы. Өйткені Алаш - халқымыздың бойына күш-қуат және сенім берген ұлттық идея. Алаш- ұлттың өзін бөлінбес тұтас жер, яғни территория ретінде сезінуі. Алаш – ұлттың аспан асты, жер үстінде өз орны бар ел ретінде өз еншісі мен үлесін анықтау әрекеті.
Қазақ тарихында Алаш арыстарының орны ерекше. Олар Қазақ елінің сан ғасырлық даму тәжірибесін, салт-дәстүрін сақтай отырып, одан әрі дамытуды, білім алып, өркениетті елдердің өмір тәжірибесінен үйренуді көздеді. Елге демократия, білім-біліс алып келу үдерісінің бастауында тұрғандар да осы зиялы қауым өкілдері болды. Алаш зиялалары Отанға адал қызмет етуді мақсат етті. Алаш қайраткерлері қазақ халқын азат ел ету бағындағы мақсатты ойларын бес тұғырға негіздеді. Біріншісі – жер мәселесі. Жерсіз Отан жоқ. Қазақтың байырғы жерін қашан қазақтар өз бетінше ғылым мен техникаға суйеніп толық игермейінше, жер жеке меншікке де, коныстанушыларға да берілмейді. Екінші - жердің астындағы, үстіндегі, аспанындағы барлық игілік Қазақ мемлекетіне қызмет етуі керек. Үшінші -толықтай экономикалык тәуелсіздікке жетуге ұмтылуы тиіс еді. Тертінші - қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл,дін, діл үстемдігі болуы керек. Бесінші- түпкі мақсатымыз - ғылым мен ұлттық салт-дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып, ұлттық-демократикалык мемлекет құру.
Алаш идеясы ұлттық бірігу концепциясына алып келді. Алаш идеясы қазақтың оқыған, саяси орталықтарда білім алған, мемлекет құрылсын калыптастыру туралы білетін ұлт зиялыларының басын біріктірді. Алаш идеясының аясында мыңдаған қазақтын басы бірікті. Алаш зиялылары ұлттық әскер құрып, қуатты мемлекетке айналу идеясын автономия құрудан бұрын ойластырған еді. Өйткені мемлекеттің негізгі тірегі - әскер. Өткен ғасырдың басындағы Алаш Орда қайраткерлерінің ұлттық тәуелсідікке ұмтылыста халық сарбаздарын құру ісі- бүгінгі қазақ әскерінің қалыптасуының алғышарты.
Алаш қозғалысының негізгі идеясы демократиялы коғам қалыптастырып, тәуелсіздік пен дамудың алғышарты ретінде қазақтың ұлттық мемлекетін құру болатын. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті - сол идеяның жемісі.
Мәтіннен мына сөздердің сәйкес мағыналарын табыңыз.
Мағынасына- ұғымына
Ажырамас- бөлінбес
көшіп келушілергe - коныстанушыларға
қосты - біріктірді
2-тапсырма. Төменде берілген әр сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. Сөйлемдерді берілген сөздермен бастаңыз.
Мысалы: Алаш аты тарихта кездесетін ең көне атаулардың қатарына жатады.
Тарихта...
Жауабы: Тарихта алаш аты -ежелгі
/ көне /атаулардың бірі.
1.Ескі шежіре деректерінде Алаш атауын қазақ халқының синонимі ретінде келтіріледі.
Алаш атау...
2. Кадырғали Жалаиридің өзі деректерінде казақтың орнына Алаш атауын қолданады.
Алаш атауын...
3. Алаш – ұлттың аспан асты, жер үстінде өз орны бар ел ретінде өз еншісі мен үлесін анықтау әрекеті.
Ел ретінде...
4. Елге демократия, білім-біліс алып келу үдерісінің бастауында тұрғандар да осы зиялы қауым өкілдері болды.
Зиялы қауым өкілдері...
Ежелгі, көне, байырғы
Достарыңызбен бөлісу: |