Алаш көсемсөзі 1 том "Шолпан" журналы



Pdf көрінісі
бет13/20
Дата27.01.2017
өлшемі1,7 Mb.
#2803
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20

БАЙҒҰС НЕҒЫП ЖҮР? 
 
«Құйрығы жоқ, жалы жоқ
Құлан байғұс неғып жүр? 
Аяғы жоқ, қолы жоқ, 
Жылан байғұс неғып жүр? 
 
Мың сан малдан айрылып, 
Малсыз байғұс неғып жүр? 
Ішер астан айрылып, 
Әлсіз байғұс неғып жүр? 
 
Көлеңкеден қорқатын, 
Қоян байғұс неғып жүр? 
Алдырып қолдан мал затын, 
«Оян» байғұс неғып жүр? 
 
Уыс астық үнем жоқ, 
Тамағы аш байғұс неғып жүр? 
Іліп алар киім жоқ, 
Жалаңаш байғұс неғып жүр? 
 

119 
 
Қам көңілді, қайғылы, 
Зарлы байғұс неғып жүр? 
Қайықтай қалмай қалталы, 
Жарлы байғұс неғып жүр? 
 
Қонар көлге мұз атып, 
Сұңқар байғұс неғып жүр? 
Төрт тұяққа тең батып
Тұлпар байғұс неғып жүр? 
 
Балақадырұлы 
 
Білім бөлімі 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ СИНГАРМОНИЗМ ЗАҢЫ 
 
(басы бірінші санында) 
 
Қазақ-қырғыз  тіліндегі  сөздердің  түбірі  еш  уақытта  өзгермейді.  Қазақ-қырғыз  сөзі 
өзгергенде аяғына жалғанған қосымшалар арқылы өзгереді. 
 
Тіліміздегі қосымшалар: 1) жалғау; 2) жұрнақ; 3) жіктеу болып бөлінеді. 
 
Барлап  қарасақ,  жалғаулар  сөздің  түбіріне  ұйқасады.  Сөздің  түбірі  жуан  айтылса 
жалғанған жалғау да жуан айтылады. Сөздің түбірі жіңішке айтылса, тіркелген жалғау да 
жіңішке айтылады. Сондықтан, жалғаулар қос болады. 
 
Тіліміздегі жуан айтылатын жалғаулар мыналар: 1) ңың, дың, 2) ға, қа, а, на, 3) ды, ны, н, 
4) да, нда, 5) дан, нан, 6) лар, дар. 
 
Бұлардың жіңішке айтылатын жұптары мыналар: 1) нің, дің, 2) ке, ге, е, не, 3) ні, ді, н, 4) 
де, нде, 5) ден, нен, 6) лер, дер. 
 
Қазақтың өзіне меншікті түпкі сөздерінде бұлардан басқа жалғаулар жоқ. Тіл - құралы да 
осыны айтады. Шеттен келген сөздер де да, нда, дан, нан, лар, дар деген жалғаулар барма - 
жоқ па? Мұны соңынан тексереміз. 
 
Жалғаулар  айрықша  сөз  емес,  сөздің  мүшесі,  бұны  өз  алдына  айтқанда  бұларда  мағына 
жоқ, сондықтан бөлек айтылмайды. 
 
Қазақ тіліндегі жалғаулардың жалғасқан түбірі мен ұйқасып үндесіп сөйленетіндігі анық. 
Жіңішке түбірге жуан жалғау я жуан түбірге жіңішке жалғау еш уақытта қосылмайды. 
 
Жалғаулар сингармонизм заңымен жалғасады. 
 
Тәуелдіктер  де  жалғаулардың  ізімен  жүріп  сингармонизм  заңына  көнеді.  Жіктеудегі 
жалғаулар өте көп. Әр райдың жалғауы басқа болады. 
 
Әр  райдағы  жалғауларды  алып  тексеріп  қарасақ,  жіктеудің  де  сингармонизм  заңымен 
жүретіндігі  анық  байқалады.  Қазақ-қырғыз  тіліндегі  етістіктің  түбірін  я,  тұқылын  табу 
емес. 
 

120 
 
Етістіктің  болымды  түрін  жекеше  жіктегенде,  білік  райдың  екінші  жағына  арнаған  сөз 
салт әм сабақты етістердің түбірі болады. Өңке етістердің тұқылы болады. 
 
Үлгі  үшін  мынаны  келтіреміз:  сал,  тұр,  жарыс,  таран,  тұрғыз,  алдыр,  жегіл,  соғыстыр, 
жұлқыла, ұйықтаңқыра. 
 
Етістіктің  әр  райдағы  бөлімді  болымсыз  түрін,  үш  жақ,  екі  айрыс  ,  үш  жақ  бойынша 
жіктегенде етістіктегі жалғаулардың түбірі, тұқылымен үндес екендігі анық байқалады. 
 
Жіңішке  түбірге  я,  тұқылға  жіңішке  жалғау,  жуан  түбірге  я,  тұқылға  жуан  жалғау 
арналған. Жіктеуде еш уақытта жуан түбірге (тұқылға) жіңішке жалғау я жіңішке түбірге 
(тұқылға) жуан жалғау қосылмайды. 
 
Жіктеуде  сингармонизм  соншама  мықты,  түбір  мен  жалғаудың  арасындағы  дәнекер 
дыбыс та түбірге үндес келеді. Үлгі үшін «жаз», «жүр» деген сөздерді алалық. Жазайын - 
жүрейін, жазамын - жүремін, жазасың - жүресің, жазады - жүреді. 
 
Бұндай үлгінің талайларын келтіруге болады. 
 
Сингармонизм заңы көсемше, есімше, етістіктерде айқын байқалады. 
 
Түбірдің жуан жіңішке айтылуына қарай, үнемі көсемшедегі жалғаулар «а», я, «е» болады. 
(жаза-бердім,  жүре-бердім).  Ниетті  көсемшедегі  жалғаулар  «ғалы»  я  «гелі»  болады: 
жазғалы тұрмын, жүргелі тұрмын. 
 
Өткен  шақтық  есімшедегі  «ған  (қан)»  я  «гін  (ген)»  деген  жалғауларда  сингармонизм 
толық байқалады: жазған, айтқан, жүрген, көрген, кеткен. 
 
Ұйғарынды  есімшедегі  «атын»  (жазатын),  «етін»  (көретін)  деген  жалғаулар  да 
сингармонизмге бағынған. 
 
Ұйғарынды  есімшедегі  «атын»,  «етін»  жалғаулардың  нағыз  дұрыс қалпы  «тұғын»:  жаза-
тұғын, бара - тұғын, жүре - тұғын, көре - тұғын тағы талайлары. 
 
Ұйғарынды  есімше,  негізінде  екі  сөзден  құралған.  Тіл  шеберленген  уақытта  есімшедегі 
ескі сөз қосылып, бір сөз болуға бейімделген. 
 
«Тұғын»  деген  сөз  үнемейін  қатты  айтылады.  Алдындағы  жуан  сөзбен  біріктіріп  айтуға 
болса  да,  алдындағы  жіңішке  сөзбен  біріктіріп  айтуға  болмайды.  Екі  сөзден  бір  сөз 
туғызғанда  сингармонизм  заңына  хылаф  келмес  үшін  «тұғын»  деген  сөз  түң  күйінен 
өзгеріп, құйқылжыма «тін» деген жалғау болған. 
 
Сингармонизм  тіліміздің  негізгі  заңы  екендігіне  «тұғын»  нің  өзгеріп  «тін»  ға  я,  «тін»  ге 
айналғаны анық дәлел. Бұның жайында алдымызда әлі сөйлерміз. 
 
Көсемше  мен  есімше  -  етістіктердің  бөлімді  түрлері  де,  болымсыз  түрлері  де 
сингармонизм заңына анық бағынады. 
 
Енді жұрнақтарға келсек, бұнда да жалғаулар туралы айтқанға жолығамыз. 
 

121 
 
Қазақ-қырғыз тіліндегі жұрнақтар екі түрлі: бірі шын жұрнақ, екіншісі шала жұрнақ. Шын 
жұрнақ  сөз  емес,  айрықша  айтылғанда  мағынасыз  болады.  Сондықтан,  бұлар  өз  алдына 
бөлек айтылмайды. Шын жұрнақ сөздің буыны, мүшесі. 
 
Қазақ-қырғыз тілінде шын  жұрнақтар өте көп. Бұлар сөздің мағынасын өзгертіп туынды 
сөздер тудырады. 
 
Шын  жұрнақтың  бәрі  қос  болады.  Жуан  түбірге  я  тұқылға  жуан  түрінде  жалғанады, 
жіңішке түбірге я тұқылға жіңішке түрінде жалғанады. Бұл туралы іспаттың керегі жоқ. 
 
«Тіл-құралда» мынадай шын жұрнақтар көрсетілген. 
 
Есімдерде: шы (ші), ақ, дық, тық (лік, дік, тік), шылық (шілік). Шыл (шіл), шық (шік), ша 
(ше), қой (қой, ғой) лы, ды,ты (лі, ді, ті). Сыз(сіз), лас, дас, тас (лес, дес, тес), шаң (шең), а 
(е) ла, да, та (ле, де, те). Ғap, қар, (кер), сын (сін), шыла (шіле), дай (дей), дағы (дегі), әр 
(ер). Сын (сін), ғыл (гіл), лау, дау, тау (леу, деу, теу). 
 
Етістіктерде:  с,  н  дыр  (тір),  л,  т,  тітір,  сітір,  қыз,  ғыз  (кіз,  гіз),  қыла-ғыла,  (кіле-гіле), 
ыңқыра (іңкіре), уу, м, с, ш, қыш, ғыш (кіш, гіш), үш, ғы (гі), қ (к), қын, ғын (кін, гін), ма 
(ме),  ба  (бе),  мал,  бақыл  (бекіл),  мақыл  (мекіл),  ақ  (ек),  н,  лық  (лік)  ұл  (үл),  ман  (мен) 
бұлардың бәрі қос айтылады, сингармонизмге толық келеді. 
 
Етістіктегі алғашқы үн жұрнақ тұқылдағы етіс жұрнақтары. 
 
Тұқылдың өзі сингармонизм заңына толық бағынады. 
 
«Тіл-құралға» кірмеген шын жұрнақтар көп: 1) лдырық-ледірік (табалдырық, сағалдырық, 
түмілдірік,  көзілдірік  өмілдірік),  2)  ңғы-ңгі  (салбыраңқы,  астыңғы,  болдырыңқы, 
еңкейіңкі,  үстіңгі),  үсіңгі  3)  қақ  -  кек,  ғақ  -  гек  (жарғақ,  құрғақ,  шорқақ,  піскек,  ілгек, 
үркек,  іскек).  4)  қай  -  кей,  ғай-гей  (балақай,  қарағай,  аңсекей,  әшекей,  өңкей,  найзағай, 
жөнегей),  5)  қам-кем,  гем  (қалқам,  салқам,  жөргем,  көргем,  иіскем,  желкем),  6)  ау  -  еу, 
(қинау, жинау, көрнеу, ернеу, кернеу), 7) маң-мең (қылмаң, көлмең), 8) тағы талайлар. 
 
Жұрнақтың  бәрін  тізіп  жатуға  бұл  жерде  орын  емес.  Бірақ,  жұрнақтардың  бәрін  толық 
қылып жинау керекті жұмыстың бірі болуы керек. 
 
Шала  жұрнақ  деп  мағыналы  сөзден  өзгеріп,  жұрнақ  қалыпқа  түскен  сөзді  я, 
жұрнақтықтың  шын  қасиетінен  айрылып,  қосалқы  сөздің  қалыбына  аударылған 
жұрнақтарды айтамыз. 
 
Шала жұрнақтар қазақ-қырғыз тілінде аз. 
 
1) Еке деген шала жұрнақ «аке» деген сөзден өзгерген жуан түрі. 
 
Бұл күнде жоқ. Алғашқы жуан түрі аға (ақа) болса керек. 
 
2)  Нікі  (дікі,  тікі)  деген  құрама  жұрнақ.  Бұл  «нің»  (дің)  деген  жалғау  мен  «гі»  деген 
жұрнақтың  қосылуынан  туған  ніңгі  (діңгі),  ніңгі  (діңгі)  өзгеріп  нікі  (дікі)  болған.  Нікі 
жұрнақтың жіңішке түрі, жуан түрі - нқы біздің тілімізде жуан түрі бұл күнде жойылған, 
айтылмайды.  Ноғай  тілінде  бұл  жұрнақтың  екі  түрі  (нқы,  нкі)  осы  күнде  де  айтылады. 
«Нікі» қазақ тілде жұрнақтың шын қасиетінен айырылып, қосалқы сөзге жақындаған. 
 

122 
 
3)  Ғана  бұрын  шын  жұрнақ  еді,  жіңішке  түрі  гана  еді.  Гана  бүгінде  қазақ  тілінде 
айтылмайды,  жойылған.  Ғана  жұбынан  айрылған  соң,  шын  жұрнақтықтан  да  айрылған. 
Бұл күнде қосалқы сөз ретінде айтылады. 
 
4) Күнем (пайда-күнем, мас-күнем, қас-күнем), Күнемнің жуан түрі жоқ. 
 
Сондықтан шала жұрнақ я, қосалқы сөз ретінде сөйленеді. 
 
Тілімізге жат тілдерден (парсыдан) кірген жұрнақтар бар: 1) кер (тер), 2) хор, 3) паз жат 
тілден кірген жұрнақтар шала жұрнақтарға қосылады, бұларда қостық жоқ. 
 
Кер (гер) үнімен жіңішке айтылады. Алдындағы қосылатын түбір сөзі жіңішке болса, дұп-
дұрыс болып сингармонизм заңымен жүре береді. 
 
(әс-кер=әскер). Алдындағы қосылатын түбірі жуан айтылатын сөз болса, бұл сөзді  «кер» 
жіңішкертіп алып қосылады. Сауда - гер = саудакер, хайла-кер = хайлакер яғни айла-кер = 
айлекер, жұмыс - кер = жұмыскер, тағы талай үлгі келтіруге болады. 
 
Кер (гер) жұрнақ жат тілден келген шала жұрнақ болса да, бүгінде шын жұрнаққа айналып 
барады. 
 
Паз (әсем-паз, өнер-паз) үнемі жуан айтылады, түбір сөзбен үндеспейді. 
 
Хор  (пара-хор,  әлім-хор,  жем-хор)  үнемі  жуан  айтылады.  Бұл  да  алдындағы  сөзбен 
үндеспейді. 
 
Жұрнақтар туралы әңгімені қорытқанда, мынадай жазу қағидасы туады: 
 
1)  Шын  жұрнақтар  сөзге  қосылып  жазылуға  керек.  Шала  жұрнақтар  түбір  сөзге 
жалғаспай, сызықшамен бөлініп жазылуға керек. 
 
Кер (гер) жұрнақ шын жұрнаққа есептелмейді, сондықтан, түбірімен бірге жазылуы керек. 
 
Жазудың осындай қағидасы сингармонизм заңынан шығып отыр. 
 
Демеулерде де сингармонизм заңы анық байқалады. 
 
Сұрау демеудің жуан турлері: ма, ба, да. Жіңішке түрлері: ме, бе, де. 
 
Демеу  алдыңғы  сөзбен  ұйқасады.  Алдыңғы  сөз  жуан  болса,  демеу  де  жуан  айтылады. 
Алдыңғы сөз жіңішке болса, демеу де жіңішке түрде айтылады. Үлгі  үшін:  ұрыстым ба, 
сөктім бе, оқи ма, жүр ме. 
 
Да  -  деген  демеу  жуан  айтылатын  сөздің  соңынан  қойылады.  Мәселен:  малда,  қоста, 
адамда,  сүт  емушілер тобына кіреді. Де деген демеу жіңішке айтылатын сөздің соңынан 
қойылады.  Мәселен:  менде  -  сенде  адамбыз,  көзде,  бүйректе,  жүректе,  ішке  де,  денедегі 
мүшелер. 
 
Біздің  кейбір  жазушыларымыз  да  менен  де-нің  қай  орында,  қалай  қойылатынын 
шатастыра береді. «Қазақ тілі»- нің талай сандарында ретсіз «да» мен «де»- нің шатасып 
жүргенін байқадық. 
 

123 
 
Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін бастырғанда басқарған Бернияз Күлеев «бастырушыдан» 
деген  сөзінде  мынаны  жазады:  «өлеңдердің  қол  жазбасында  көпшіліктің  сөйлеп  жүрген 
тіліне  амалға  дұрыс  келмейтін  кейбір  сөздер  жергілікті  түрде  жазылғандай  бар  еді. 
Мәселен:  менде,  сенде,  өзімде,  көзімде,  өлімде,  мені  де  деген  сөздердегі  демеулер 
көпшіліктің  сөйлеп  жүрген  тілінде  амалда  орны  мен  «де»,  «де»,  «да»,  «да»  айтылып 
жазылады.  Қолжазбада  барлық  сөзде  де  деп  айталық,  «да»  демеуі  жазылған.  Жоғарғы 
сөздер  мен  да,  сен  да,  өзім  да,  көзім  да,  өлім  да,  менім  да  жазылған.  Бұлардың  талас 
еместерін  «де»  қылып  түзетсем  де,  өлеңнің  ұйқастарын  бұзатын  орындарда  әм  дүдамал 
естілетін орындарда түзетуге тәуекелім жетпеді». 
 
Бернияздың  түзетуі  дұрыс-ақ,  бірақ,  түзетуді  аяқтамағаны  сингармонизм  заңымен  таныс 
болмағандығы. 
 
Ақындық  табиғаттың  саннан  таңдап,  бірен-саран  адамдарға  беретін  артық  өнері.  Көп 
берілгеннен  көп  сұранады  деген,  нақылды  ескеріп  аяғына  дейін  түзету  керек  еді.  Тілді 
бұзбай ұстарту, шеберлету, байыту ақындардың мойындарына артылған зор борыш. 
 
Сұрау  демеулер  сөзге  қосылып  жазыла  ма  жоқ  бөлек  жазыла  ма?  Бұл  туралы  «Тіл 
құралда»  шатақ  бар.  «Тіл  құралының»  бірінші  бөлімінде  демеулердің  бәрі  бөлек 
жазылады деген, екінші бөлімде бірге жазылады деген. Шатақты жойып, бір жол қолдану 
керек. Осы күнгі көптің жазып жүргеніне қарасақ, ма, ба, (ме, бе) қосылып жазылады, да 
(де) бөлек жазылады. Біз де осы жолды дұрыстаймыз. 
 
Сұрау  демеудің  соңында  екен  деген  сөз  келсе,  қатар  тұрған  екі  дауысты  дыбыс  бірігіп 
айтылады. Сондықтан, мекен, бекен деген сөз туады. Мәселен: барма екен, жүреме - екен, 
деген сөздер барамекен, жүремекен болып айтылады. Мекен, бекен болып айтылса да бара 
ма  -  екен,  жүре  ме  -  екен  деп  жазу  керек.  Сингармонизм  заңы  осылай  қылып,  айырып 
жазуды дұрыстайды. 
 
Туынды  демеулердің  кейбіреулерінде  сырттан  қарағанда,  сингармонизм  заңы  дүдамал 
байқалғандай  болады.  Шындығында,  туынды  демеулерде  сингармонизм  заңы  анық. 
Туынды демеулер мыналар: өйткенде, бүйткенде, сөйткенде, әйткенде, қайткенде, немесе 
(бір түрі ғана алынды). 
 
Бұлардың  алдыңғы  бесеуі  екі  сөзден,  соңғысы  үш  сөзден  құралған  өй-еткенде,  сөй-
еткенде, әй-еткенде, қай-еткенде не емес болса. 
 
Өй,  бүй,  сөй,  әй,  қай  деген  сөздердің  бәрі  осы  күнде  де  қазақ  арасында  айтылады.  Ескі 
жырларда тіпті көп айтылады (Қобланды батыр бүй дейді. Ертарғын сонда сөй деді, қай 
орында, қай жерде тағы талайлар). 
 
Өй-олайдан, бүй бұлайдан, солай қай сойдан, қалайдан қысқарған. 
 
Алдындағы  сөзбенен  мықтап  бірігу  үшін  бұларға  сингармонизм  заңына  көну  керек 
болған. Сондықтан, бұлар бұрынғы қалпынан, тұлғасынан айрылып, тілдің негізгі заңына 
лайықталған. Немесе де алдыңғы сөздер өзгеріп артқы сөзге ұйқасқан. 
 
Қай  -  еткенде  де  деген  сөзден  басқаның  бәрін  бір  жазса  да  болады.  Қай-еткендені 
сызықша  арқылы  жазу  керек.  Қайткенде  де  деп  жазған  қата  болады.  Ма-еткенді,  ба-
еткенді мекен бекен деп жазғандай сингармонизм заңына хылаф келеді. 
 

124 
 
Бірқатар қара қазақтар қай-еткенденің, Ң орнына қайткенде деп сөйлейді. Бұлай болғанда 
бірге жазудан кемшілік жоқ. 
 
Қазақ тілінде кей нәрселердің аты екі  сөзбен айтылады. Мәселен: Бай-шешек, Бай-келді, 
Жан-келді, Орын-басар, Қызыл-жар, Ақ-жар. 
 
Қос сөздердің бір қатарлары бірігіп, бітіп бір сөз болуға айналған. 
 
Осындай сөзді тексеріп қарасақ, бұлар сингармонизм заңымен өзгеріп барып бірігеді. 
 
Бір  жуан  сөз,  бір  жіңішке  сөз  екеуі  бірігіп  қосылғанда  сингармонизм  заңы  айқын 
байқалады.  Көбінде  жуан  сөз  өзгеріп,  жіңішкеріп  келіп  қосарымен  бірігеді.  1)  Бай-
шешек=Бай шешек=байшешек. 2) тура-келмек=тура-келмек түрегелмек, 3) ала-өкпе, але-
өкпе=алөкпе.  4)  Гүл-айым=гүл-айым=гүлайым,  5)  бай-келді=бәй-келді=байгелді,  6)  тас-
темір=тастемір мұндай үлгілердің талайын келтіруге болады. 
 
Қазақ тілінде екі сөз бірігіп бір сөз болса, ішіндегі сөздер сингармонизм заңымен өзгереді. 
Бұл  жалпы  заң.  Ұйғарынды  есімшедегі  «тұғын»  нің  «тін»  болуы.  Туынды  демеулердегі 
солай,  бұлай  секілділердің  өзгеріп  сөй,  бүй  секілді  түрлерге  айналуы  қос  сөзден  бір  сөз 
тууы - бәрі жол. Біраз сингармонизм заңымен жүру. 
 
Мұнан  жазудың  тағы  бір  қағидасы  туып  отыр:  қос  сөздер  сызықша  арқылы  жазылуы 
керек  (Қызыл-жар,  Көк-жар,  Әулие-ата,  Ешкі-емер,  Оқ-жылан,  Бай-тұрсын,  Сәрсен-бай, 
Кене-сары тағы басқалар), қос сөзден сингармонизм заңымен бірігіп, бір сөз болып туған 
сөздер бірге жазылу керек: (Ташкент, Шымкент, Жауғашар, Жарғанат тағы басқалар). 
 
Жоғарғы  айтқанның  бәрін  сарыққанда,  қазақ-қырғыз  тілінің  өзіне  меншікті  түпкі 
сөздерінің  қайсысын  алсаң  да,  түбір  сөз  болсын,  туынды  сөз  болсын,  сөздердің  ішіндегі 
көп  өзгерістерден  қай  қалағаныңды  алсаң  да,  бәрінің  сингармонизм  заңымен  жүріп,  осы 
заңды қолданып бұл заңнан беттей шетке кетпейтінін көресің. 
 
Қазақ-қырғыз  тілінде  сингармонизм  заңына  көнбейтін  сөз,  сөз  өзгерісі  жоқ.  Сары-арқа 
қазақ еліне қандай меншікті отан болса, сингармонизм қазақ тіліне сондай меншікті заң. 
Сингармонизм  тілімізді  үйретуге  жеңілдетіп  тұр.  Жаңа  сөздер  тудырып,  сөздер  қосып 
тілімізді байытқанда, лақтырмайтын, адастырмайтын қарақшылы даңғыл қара жол болып 
тұр. 
 
Жоғарғы айтқанның бәрі түпкі қазақ сөздері туралы еді. Енді шеттен келген жат сөздерге 
келелік. 
 
(жалғасы бар) 
 
Халел Дос-Мұхамедов, 
Ташкент, 1 декабрь 
 
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ҚАЗІРГІ ДӘУІРІ 
 
(тарихи әдеби сын) 
 
Қазақ  әдебиетінің  осы  күнгі  қалпымен  һәм  келе  жатқан  бетімен  таныстығы  бар 
адамдардың  біздің  әдебиет  туралы  айтатын  әртүрлі  пікірі  бар.  Орыс  жазушыларының 
қысқаша сындарына қарағанда, біздің ескі, ауызша әдебиетіміз бай, өрнекті, түрі тар, ойы 

125 
 
көп  кестелі.  Қысқасынан  айтқанда,  қазақтың даласы  секілді  кең,  келешегі  көрікті  үлкен, 
жалпы  түрік  әдебиетінің  ішінде  елеулі  орын  алатын  әдебиет  секілді  көрінеді.  Бірақ,  осы 
жазушылардың  айтуына  қарағанда,  жазба  әдебиетіміз  әлі  іргесі  нығаймаған,  беті 
анықталып ашылмаған, белгілі түрге түсіп қалып танбаған, майысқан, сынған, әдебиет деп 
саналғандай. 
 
Бұл мәселе туралы біздің өз жазушыларымыздың бір жерге қойылған пікірі, бір қалыпқа 
тоқтаған сыны әзірше жоқ. Бірақ,  өткен күннің әдебиетін еске түсіргенде, ескіліктен сол 
белгіні  қалдырып  кеткен  адамды  ойлағанда,  айтылған  өлең,  жыр,  тақпақ,  мәтелдердің 
ауыздан шыққан кезін ойлағанда, бәріміз де өткен күннің өнеріне ішімізден басын игендей 
боламыз, сөзі қалған кісінің атын құрметпен атағандай боламыз. 
 
Сөзінен  туатын  мағынасы,  ішіндегі  қайратты  рухы,  сыртындағы  кестесімен  келісімі  өзін 
еріксіз  елеткендей  болады.  Біз  ескі  әдебиетімізді  сүйеміз,  сүюіміз  дәлелсіз  емес. 
Құрметтейміз...  Құрметіміз  өзсіз  емес.  Себебі:  әдебиетімізде  өзге  көп  жұрттың  ауызша 
әдебиетінде  жоқ  нәрселер  табылып  отыр.  Ауызша  әдебиет  бір  заманда  тәртіпті  жазба 
әдебиеттің  қызметін  атқарғандығы  білініп  отыр.  Сол  міндетін  оқығандықтан  ауызша 
әдебиет  өз  өрісін  кеңейтіп  әкеткенін  көріп  отырмыз.  Сол  ескі  сөздің  ішінде  ескі  қазақ 
өмірінің әрбір дәуірі, әрбір мезгілі және әрбір жеке - жеке суреттері де айтылған. Мұның 
үстіне, жазба әдебиетте классикалық шығармаларда кездесетін үлгілі мінездер, типтер ел 
ішіндегі айырықша таптардың өзгеше психологиясы да дәл айтылған жерлер бар. Бұның 
бәрі құрғақ сөз болмас үшін төмендегі бірнеше дәлелдерді көрсетпекшімін. 
 
Мысалға,  қазақ  өміріндегі  бақташылық  салтты  көрсететін  атақты  Қозы  Көрпеш-Баян 
өлеңін  алайық.  Бұнда  бақташылықтан  адамға  жұғатын  теріс  мінез,  сараңдық 
(Отрицательная  черта)  «Тоқсан  мың  жылқы  айдаған  бай  болса  да,  үйінде  сілкіп  салар 
сырмағы  жоқ»  Қарабайдың  мінезінен  көрінеді.  Қарабайдың  мінезі,  әдеті,  өміріндегі 
мақсаты  өлеңнен  бастан  аяқ  көрінеді.  Қарабай  Пушкиннің  (Скупой  Рыцарь)-ның 
қазақтағы  айқын  тұрған  типі.  Бұған  қарсы  қойылған  сол  өлеңдегі  байдың  үлгілісі, 
мінездісі сай — бай. Бұ да өлеңде бүтін адам болып көрінеді. 
 
Бұлардан соңғы тағы сол өлеңдегі өзгеше қызық тип - Қодар. Қодардан да малшының ең 
жақсысы  қандай  болмағы  көрінеді.  Мал  бағушы  елдің  арман  қылған  бақташысы,  қиял 
қылған  қайратты  азаматы  көрінеді.  Бірақ  осымен  бірге  ең  мағыналы  жері  -  Қодардың 
пішінінен адам баласындағы ойсыздық, шолақтық, тар ғана бір бетпен, малмен бірге мал 
болып кеткен білімсіздік, надандық көрінеді. Өлеңші бұл жерде Қодардың пішініне қарап 
тұрып қазақ қалпындағы жалпы кемшілікке күлгендігі білінеді. 
 
Жасырын, мазақ, ащы мысқыл сезіледі. Осы секілді шебер көрсетілген үлгілі типтер Қозы 
Көрпеште  біреу  ғана  емес,  әлденеше.  Бұл  турасынан  айтылатын  толық  сөзді  кейінге 
қосып,  екінші  мысалдарға  келейік:  қазақ  әдебиетінің  өрнектілігіне  толық  дәлелдер 
батырлар өлеңінде де бар. 
 
Қазақ батырлары бәрі  бір қалыпқа соққандай, барған жерін қырып келіп, жойып келетін 
үнемі жолы болып отыратын Хазірет әлі, Сейіт-Батталша батыр емес. Бұларда қазақ мінезі 
түгел  бар  деуге  болады.  Қазақ  батырларындағы  мақсат:  алдымен  ұлтшыл  болу,  одан  әрі 
діншіл болу. Бұның мысалы: Қобыланды, Ер Тарғын, Қобыланды атаны руды, туысты бел 
қылған батыр. 
 
«Анадан туған атасыз» атасын сөйлеп не етесіз, «анадан туған некесіз» некесін сөйлеп не 
етесіз... дегені қазақтың ұғымы, қазақ тәрбиесінің ізі... 
 

126 
 
Қора толған қойымды, 
Аш бөріге тапсырдым. 
Азу тісі балғадай, 
Жас бөріге тапсырдым... 
 
дегені  бақташы  қазақ  батырының  сөзі.  Қобыланды  алдымен  қара  қазақ,  екінші  ұлтшыл 
болып көрінеді. Және жауы қазақ емес, жат болады. Сондықтан бұның жолы болғыш. 
 
Екінші,  мұның  қарсысындағы  Ер  Тарғын.  Бұл  қазақтың  бірлігі  кетіп  азған  заманының 
батыры. Арысы  мұсылман, берісі қазақ ішінен жау тауып, ұйытқы бұзған, шепті  жарып, 
шеңбер бұзған батыр. Сондықтан, мұның жолы болмайды. 
 
Бірақ, мұның жаратылысында да қазақ қаны күшті. Қазақтың жай сылбыр мінезі, салғырт 
батыры: 
 
Атадан кескекті туған аюымын: 
 
Кескілеспей басылман. 
Кілегей қара бұлтпен, 
Келед жаумай, ашылман. 
Тұтадай сүйегім қалғанша, 
Дұшпаным саған бас ұрман. 
Палуан, сұлтан батыр, хан, 
Қыларың болса, қылып қал. 
Күндердің күні болғанда, 
Бас кесерім жасырман... 
 
Әуелі туысынан бастап сөйлейтін, тәкаппар, нағыз қазақ бұл сөзінен көрінеді. 
 
Қазақ батырының барлығының жайынан айтатын сөз. Бәрі де өзге батырлығынан бұрын, 
әуелі  рухын  батырлыққа  айналдырған  салқын  қанды,  дене  қайратынан  да  жан  қайратын 
артық  бағалаған  батырлар.  Сондықтан  бұлардың  ортасынан  орта  ғасырдың  рыцарына 
ұқсаған Тарғын сияқты әйелшілі болса, оның жолы болмаған. 
 
Біздің  әдебиеттің  бізге  сүйкімді  жерлері  осындай  әрі  жерлерінде  қалпымен,  өзге 
жұрттікіне  ұқсамай,  таза  қазақтікі  болып  шығатындығында.  Біздің  ауызша  әдебиеттің 
бұдан  басқа  түрлеріне,  ұсақ  тарауларына  келгенде  алдымыздан  көзді  қуантып,  жайнап 
шығатын асыл тас сияқты қымбатты бұйымдары басқа жерде де бар. 
 
Сол  ауызша  әдебиетте  қара  сөзбен  айтылатын,  аңқаулықтың  исі  аңқыған  қарапайым 
ертегімен қатар, Сарыарқаның «ақ көде малта шүйге шөбін, кір жуып, кіндік кескен жері, 
көлеңкелі ағашы, қоңыр желіне» шейін шеберліктің орамына кіргенін көреміз. 
 
Тайлақтың енді аман бол қалған елі, 
Арқаның сен де аман бол қоңыр желі... 
 
Нәзік  сезімді  әйел  заты  Айтаңсықтың  аузына  туған  ел,  өскен  жермен  қоштасарда  ел 
қиялының салған сөзі осылар. 
 
Қазақ  даласында  ақындықтың  тәтті  сұлуынан,  қой  баққан  қотыр  тайлы  тазша  бала,  жар 
басында жарты лашықтағы сақау қатынға шейін құр қалмағандықтан, ел іргесі батыр да, 
жұрт  тұрмысы  бір  түнде  де  қор  болмаған.  Сондықтан  өлеңмен  айтқан  билік,  жырмен 

127 
 
айтқан өсиет, тақпақпен айтқан дау бір кезде «татуды араз, жақынды жат қылуға жараса, 
бір кезде іріген елді біріктіріп, арнікшінің шіріген сөзін сап қылуға да жараған. Қан, қара 
бір  төре,  аламаншыл  батыр.  Жетекшіл  қарашы  бәрі  де  айырмасыз  кестелі,  сырлы  сөздің 
қадірін білімге ұстарып зейіні ашылған европеецтен кем білмеген. 
 
Ескі  қазақ  баласы  шынында,  туған  жерде  өлеңмен  қарсы  алынып,  өлеңмен  шығарып 
салынатын болған. Бұл қазақ рухына анық сіңген мінез еді. Сондықтан, қазақтан шыққан 
туыстар адамдардың бәрі де өмірінде кез келген ірі істердің бәрінің жанынан ақын рухы 
мінген тұлпары өлеңменен желдіртіп өткенге ұқсайды. 
 
Ол  замандағы  қазақтың  өміріндегі  кез  келген  қиын  асу,  тар  кезеңде  жорыққа  аттанып, 
жасанған жаудың қарсысына бару болса, Абылайдың үлкен соғысының біріне бара жатып 
Керей ханы Бектің өзіне берген батасы мынау: 
 
«Құрулы мылтыққа жолықтыр, 
Құрсаулы жауға жолықтыр. 
Ел сасқандай, 
Етек басқандай... 
Абылайдың сарт көтін ашқандай көлге жолықтыр» деген. 
 
Бұл  асау  қанды  батыр,  тайғақ  кешу,  таң  жолда  еліне  еңбек  сіңіруді  қиял  қылған  елшіл 
аламан сөзі. 
 
Ел  өміріндегі  үлкен  уайым  атақты  баспашыларының  өлімі  болса,  онда  да  қамырыққан 
көңілдің шерін сыртқа шығарушы өлең болған. 
 
Абылай өлім халінде жатқанда айтқан Бұқар жырау сөзі мынау: 
 
Қалыңсыз қатын құтырған ханым-ай, 
Қайырусыз жылқы бақтырған қайным-ай. 
Үш жүздің баласынан үш кісі айтсам, 
Қалар да мекен жаның-ай. 
 
Осы  бір  ауыз  өлеңдегі  мағына  қанша?  Мұнда  Абылайдың  жауынгерлігі,  жолы  болып, 
кезенген  жауын  көп  жеңгендігі.  Елді  билеуге  шеберлігі,  тентек  бұзықты  тия  білген 
әділдігі. Ел ішіне тыныштық орнатқандығы. Сол үшін үш жүздің баласының ала көңілсіз 
оны сүйгендігі, оған деген тілегі, құрметі түгел көрінбей ме? Аз сөзде көп мағына осыдан 
артық бола ма? 
 
Әр адамның өз басына кез келетін қиын күн, өлім күні болса, оны да өлеңмен қарсы алып 
және өлім халіне лайықты, зарлы сарынмен ән шығарып кеткен адамдар біреу ғана емес. 
 
Сыбан  Сарыбай  ақынның  өлерде  шығарған  өлеңі  мен  аты  қазақ  даласында  әлі  күнгі 
даланың мұңлы күйінің бірі болып күңіреніп жүр. 
 
Мінеки,  бізге  ескі  әдебиетімізді  сүйгізетін  себептері  осы  айтылған  секілді  мысалдардан 
туады. 
 
Рас,  өткен  күннің  әдебиеті  біздің  сүюімізді  тілемейді.  Сүюімізбен  семірмейді  де, 
түрленбейді,  жек  көруімізбен  жоғалып  та  кетпейді.  Ескі  әдебиеттің  түрлерін  білу,  бетін 
ұғу,  ағымына  түсіну  біздің  өзіміз  үшін  керек.  Бұл  күнгі  әдебиетке  белгілі  жол  салып, 
дұрыс  бағыт  береміз  дегенде  жалпы  қазақ  әдебиетінің  өткен  күнін  бүгінгі  қалпын  һәм 

128 
 
келешегіне түгел түсіну керек. Сонда ғана әрбір жазушы хақихатқа жақын сөзді сөйлеуі де 
мүмкін. 
 
Сондықтан,  мен  бұл  мақаланы  қазақ  әдебиетінің  қазіргі  дәуірі  деп  атасам  да,  бүгінгіні 
сынға салу үшін ескілікті  айтпау,  әдебиеттің басын айтпау, бізге, атадан қалған дәулетті 
айтпау лайықсыз болғандықтан туып отыр. 
 
Ескіліктен жоғарыдағы айтылған қысқаша мағлұматпен тоқтап, енді жаңа жазба әдебиетке 
келеміз. 
 
(аяғы бар) 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет