Алаш көсемсөзі 1 том "Шолпан" журналы


а) Түркістанның 5 облысының жерінің түріне қарай бөлімі



Pdf көрінісі
бет2/20
Дата27.01.2017
өлшемі1,7 Mb.
#2803
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

а) Түркістанның 5 облысының жерінің түріне қарай бөлімі. 
 
Қолайлы жерлер. 
 
Облыс 
аттары 
Суғаратын 
жер 
Телімі жер  Шабындық  Жайылымдық 
һәм қолайсыз 
жер 
Барлығы 
Сырдария 
638.644 
204.432 
396.802 
35.727.972 
36.967.850 
Амудария 
50.337 
1.226 
28.478 
11.124.452 
11.204.493 
Самарқанд 
407.456 
274.907 
39.666 
7.431.774 
8.153.803 
Ферғана 
69.850 
169.083 
133.751 
5.590.465 
8.452.458 
Жетісу 
399.018 
95.417 
492.000 
35.144.100 
36.139.535 
Түрікпен 
163.778 
8.666 
26.427 
58.192.279 
58.391.147 
 
б) Түркістан облыстарындағы халықтардың тіршілігіне қарай бөлінуі. 
 
Облыс аттары 
Диқаншылық 
Мал шаруасы 
Басқа түрлері 
Халықтың 
жалпы саны 
Сырдария 
46.73% 
44.96% 
8.31% 
284.000 
Амудария 
72.45% 
16.87% 
10.68% 
1.94.000 
Самарқанд 
73.27% 
8.38% 
18.35% 
860.000 
Ферғана 
74.28% 
4.77% 
20.95% 
1.570.000 
Жетісу 
45.53% 
46.82% 
7.65% 
987.000 
Түрікпен 
47.87% 
32.23% 
19.19% 
382.000 
 
Жоғарыда көрсетілген екі саннан көрініп отыр: Түркістанның бүкіл жерінің мал жайылыс 
һәм шабындығы 95.5%, егіндік жері 4.5%, екінші санда мал шаруасымен күн көретін һәм 
жерсіздер 53%, жерге қожа отырықшы аудандары 41%. Сонымен, ана 53% көшпелі болып 
саналып  жүрген  мал  шаруасымен  тіршілік  қылатын  һәм  жерсіз  53%  үйді  жерге 
орналастыру - осы күндегі екпінді жұмыстың бірі. 
 
Жерсіздерді  һәм  жері  аздарды  орнату  үшін  пайдаға  аспай  жатқан  жерлерді  су  жіберіп 
орналастыруға тура келеді. 
 
Мал  шаруасы  мен  тіршілік  қылатын  көшпелілерді  осы  күнгі  малынан  айрылып 
қалмайтын,  һәм  оны  ілгері  бастап  өсіру  үшін,  қазірден  оларды  атамекен  жерлеріне 
түпкілікті  орналастыру  қажет.  Ескі  замандағы  жер  қазынаныкі,  уақытша  көшпелілер 
пайдалана  береді.  Хүкімет  керек  күні  сырғанатып  айдап  жіберіп,  тау-тасқа,  бетпақ  шөл 
далаға  қаңғыратын  қылып  қарасы  өшкен  күні  хүкіметпен  бірге  жер  астына  көмілді  деп 
санап,  бұлар  орнығып  отырып  тіршілік  қылатын  жерлері  түпкілікті  болып  белгіленуі 
керек. 

10 
 
 
ж) 1922-жылғы Түркістандағы мал саны (мыңдап). 
 
Облыстар Ірі қара, жылқы, қой һәм ешкі, шошқа. Барлығы 
 
Облыстар 
Ірі қара 
жылқы 
қой 
ешкі 
шошқа 
Сырдария һәм 
Амудария 
720 
709 
60082 
10 
7,522 
Самарқанд 
224 
95 
10052 
10 
1,377 
Ферғана 
429 
367 
10034 
40 
1,834 
Жетісу 
660 
1,113 
7,126 
530 
9,261 
Түрікпен 
53 
146 
4,076 

4,276 
Барлығы: 
2,291 
2,430 
19,370 
106 
24,280 
 
Жоғарыдағы санға қарағанда, Түркістанда мал шаруасы халықтың тіршілігінің бір мықты 
тіреуі. Әсіресе, Жетісу онан кейін Сырдария һәм Түрікпен облыстарында бұл облыстарға 
қарағанда,  Самарқанд  пен  Ферғанада  диқаншылық  тіршілігіне  мал  шаруасы  жәрдемші 
ғана  ретінде:  алдыңғы  3  облыста  мал  шаруасының  басымдылығы  жерінде  жайылымдық 
пен шабындықтың молдығынан. 
 
д)  шабындық  һәм  суғарып  шабындық  қылып  отырған  жерлердің  саны  (мыңдап) 
(бұл есеп 1915 жылғы переселен мекемесінің есебіне қарағанда). 
 
Облыстар 
Десятина 
Шөп пұты 
Сырдария, һәм Амудария 
425 
59.371 
Самарқанд 
39 
12.201 
Ферғана 
133 
33.692 
Жетісу 
492 
52.400 
Түрікпен 
26 
4.268 
Барлығы: 
1.121 
179.933 
 
Бұл  көрсетілген  пішен  мен  малдың  барлығын  қолдан  шөп  беріп  асырағанда  720.000 
жылқыны асырауға болады. 
 
Жоғарыдағы ж) һәм д) сандарынан көрініп тұр. Малды жайып бақпаса шөп жетпейтіндігі, 
жиған шөп мінген қолдағы ат жер жыртатын көлік һәм жүк таситын көлік пен жұртшылық 
заманға деп сақтауға ғана жететіндігі. 
 
1911-жылгы есепке қарағанда, Түркістандағы бар малды жылқыға айналдырсақ, 7.861.000 
бас  жылқы  болмақшы.  Күніне  жылқы  басына  30  қадақтан  шөп  берілгенде,  бір  жылқы 
1.965.260.000  осындай  пішен  керек,  қолдан  асырағанда  ай  сайын  163.770.333  пұт  пішен 
керек. Міне, бұл есепке қарағанда бар малды шөппен асыраймын дегенде, Түркістанның 
барлық пішенін бергенде бір-ақ айға жетпекші. Сондықтан, ілім жөнімен таппаса да тарих 
жүзінде  тіршіліктің  текпісінде  мал  шаруасымен  күн  көретін  көшпелі  халықтар,  ата-
бабасынан бері қарай бір жылдың ішінде тебін, жайлау, күзеу, көктемде малынан қалмай 
жылжып  көшіп  жүруге  тура  келеді.  Сондықтан,  Түркістанда  мал  шаруасын  ілгері 
бастыруға болады. Барлығын қолдан асыраймыз деп, қазіргі күнде қол жетпейтін нәрсеге 
пышақ ұрмайық. 
 
(аяғы бар) 
 

11 
 
М. Шағырша 
 
ЖЕР ХАҚЫНДА ШЫҚҚАН ЖАҢА ЗАҢ 
 
(қазақ-қырғыз облыстарының болашағы) 
 
Шын  ортақшылдық  дәрежесіне  жетпеген  жұрттың  тіршілік  жүзінде  шаруасының  ілгері 
басуының негізгі шартының бірі сол - күн көріп пайдаланып отырған жері оның түпкілікті 
пайдасында болуы. 
 
Бұл қалып тіршілігі мал шаруасы болған жұрттарда да бар. Егерде, малдың жайылымдығы 
кем болғанда да олар өз аралары ру-ру болып, ауыл - отан болып бөлісіп алысады. 
 
Түрікпен  облысында  қара  құмда  әр  ру  болып  алып  өздеріне  бөлгенде  тиген  жер 
құдықтарын  қазып  тіршілік  етіп  отыр.  Өйтсе  де,  ондай  мидай  далада  күн  көру  мүмкін 
емес. Осындай қылып Жетісуда да бар жайлаулар һәм тау беткейлері бөлініп алынған, мал 
шаруасы  мен  тіршілік  қылынған  халықтың  әрбір  руы  болмаса,  әуелі  малын  бағып,  оны 
асырап өсіру үшін белгілі қоныссыз болмайды. Егерде, рулардың я ауылдардың малдары 
өсіп-өнгенде  жайылымы  тарылғандықтан,  бірінің  бірі  жайлы  қонысын  тартып  алып, 
түпкілікті өздерінікі қылып меншіктеу үшін жанжалдар тартыс-таластар шығады. Әркімге 
өзіне  меншіктеген  қоныссыз  болмайды.  Белгілі  жері  болмаған  соң,  ол  малды  көбейту, 
өсіру  мүмкін  болмайды.  Себебі,  бұл  күнгі  пайдаланып  отырған  жер  ертең  келешекте 
өзінікі  болып қалатындығына көзі  жетпегендіктен, бұл қалып пен егіп тіршілік қылатын 
дихандардың басында да бар. Құр жерді айдап тастау жетпейді. Сенің көзің жетуі керек. 
Ендігі  жылда  осы  жер  өзіңде  қалатынына.  Сонда  ғана  табан  ақың,  маңдай  терін  сіңіріп 
еңбегіңнің жақсы жануы үшін жақсылап істемекші. Мұндай күйде сол жерге қатарынан он 
жыл бидай шашпайсың, себебі жер аз, шығымы кем басқа жерге аударып шашатын жері 
жоқ.  Келесі  жылы  осы  жер  өзінде  қалуына  көзі  жетпесе,  иесі  көңілсіз  болып  жерді 
аздырмайтын қамын жемейді. Жоңышқа, бақша шашу жұмыстары берекелі болады. Егер 
де дихан ол жерді бір-ақ жылдық болмағанда орнықты егіндер егер еді. 
 
Ортақшылдық  дәрежесіне  жетпеген,  надан  Бұхараның  арасында  диқаншылық  тіршілігі 
белгілі бөлініп берілген жер болмаған жерде, ілгері басуы мүмкін емес. 
 
Егерде,  дихандардың  ұйымдары  болса  (артел,  тауар  іш  туа,  коммуна)  тиісті  жерлерін 
жатпай істейтін болса, онда екінші қалып, егерде жер көптің ортасында болса, үй басына 
бөлінбеген  ол  жерді  жыл  сайын  шекпен  бөліп  шашатын  болса,  дихан  көңілсіз  болып 
істемекші. Себебі, бүгін бұл жер менде, ертең басқа біреуге кетеді, деп бұл ретпен жер тез 
азбақшы. Осындай қалып Түрікпен облысының көп жерінде һәм кіндік Россияда бар. 
 
Өзгеріс  уақытында  ішкі  Россияда  қара  шекпендер  байлардың  жерін  аламыз  деп,  мұнда 
Түркістанда  әсіресе,  Жетісуда,  жуан  жұдырық  отаршылдардан  жерді  тартып  алу  күресі 
болып жатқанда, дихандардың көбінің отырған жері өзінде қала ма, болмаса алып кете ме 
деген  сенімсіздік  болды.  Жетісудағы  орыс  дихандары  отырған  орнымыздан  көтеріп 
тастап,  екінші  бір  жаққа  айдап  жібере  ме  деген,  отырықшы  болған,  қазақ-қырғыз  патша 
хүкіметінің зорлық-зомбылығын көріп қалған өзгеріс арқасында тегін үлес уақытша тана 
ма  деген  екі  ойлылық  көп  болды.  Жетісуда  да  һәм  Ферғананың  күн  шығыс  жағында  да 
тоқсан түрлі өтірік хабарлар, қозғап қалған халықты шошыту үшін неше түрлі өтіріктерді 
таратып,  мысалы:  жер  реформасын  жоғалтпақшы,  бұрынғы  дәулер  қайта  орнамақшы 
деген сияқты жиырма екінші жылдың күзіне қарай екпінді өзгеріс жолыменен жүргізілген 
жер  реформасының  көбі  тіптен  қалды.  Өз  бетіменен  түскен  жүгенсіз  де  көшіріліп  орыс 
жерінің  артығы  алынып  жергілікті  еңбекшілерге  берілуі,  өте  мұқтаж  көшпелінің 

12 
 
жолындағы  орыс  қалаларының  көшірілуі  бітіп  қалып  еді.  Ішкі  Россияда  болсын  мұнда, 
Түркістанда  да  Кеңес  хүкіметі  халық  шаруасын  түзетіп,  ілгері  бастыру  керек  деген 
мақсатты қойып отыр. Қайткен күнде де, бүлініп жарылған халықтың шаруасын аяғынан 
бастыру жұмысы өткен уақыттағы қызыл әскерді сұрыптау һәм бар күшті майданға салу 
керек дегенменен бірдей болып тұр. 
 
Бұл  жұмыстың  ішкі  Россияда  да  һәм  Түркістанда  да  нәтижелі  болып  шығуы  үшін 
халықтың  тіршілігінің  негізі  болған  диқаншылық  шаруасын  аяғынан  бастыру,  әрбір 
диханға  еңбек  қылып  отырған  жерін  сенікі,  көпке  дейін  сенің  мүлкің  деу  керек  болды. 
Міне,  соның  үшін  жалпы  Россия  кіндік  атқару  комитетінің  еңбек  мөлшерінде  жер 
пайдалану  хақында  шығарған  жаңа  заңының  негізгі  баптары  ашық  айтып  отыр.  Әрбір 
диқаншылықпенен тіршілік қылып орныққандардың, заң жүзінде оларға берілген һәм осы 
күні  пайдаланып  отырған  жерлері  түпкілікті  солардікі  болып  қалады.  Еңбек  мөлшерінде 
жер пайдаланып отырған ешбір диханды билеушілер отырған жерлерінен ешқайда айдап 
жібере  алмайды.  Оның  жерінің  шегі  жер  жұмысының  артында  ғана  өзгерілуі  мүмкін. 
Түркістанның  кіндік  атқару  комитеті  жалпы  Россияның  кіндік  атқару  комитетінің  жаңа 
жер  хақында  шығарған  заңы  Түркістанда  жүргізу  ретінде  қаулы  шығарып  отыр.  Бұл 
қаулыда  заң  ретіменен  берілген  жер  алдымен  Кеңес  хүкіметінің  берген  жері  һәм  ескі 
хүкіметтің  берген  жері  болып  саналады.  Егерде,  ескі  хүкіметтің  берген  жерін  Кеңес 
хүкіметі өзгертпеген болса. 
 
Сонымен, жаңа жер хақындағы заңда өте ескеретін нәрсе мынау: өткен уақыттағы істелген 
жер реформасының нәтижесі бекітілген. Дұрыс, деп тағайындалған. 
 
Жалпы  Россияның  кіндік  атқару  комитеті  шығарған  бұл  заңы  мен  жер  реформасы 
жоғалтылды  деген  неше  түрлі  өтірік  хабарларға  ешбір  орын  жоқ.  Бұрынғы  қалып  қайта 
айналып  келмейді.  Жаңа  законная  жұрттың  көбі  қорқады.  Қорқатын  ешбір  орын  жоқ. 
Олар жаңа законды тіпті оқымаған, болмаса оқып тұрып түсінбеген. 
 
Жер  реформасы  енді  һәм  оның  нәтижесін,  жалпы  Россия  кіндік  атқару  комитеті  бекітіп 
отыр. Ескі дәуірге қайту жоқ һәм қайташақ та емес, орыстың қара шекпендеріне жиырма 
екінші  жылдың  күзінде  (ол  закон  шыққан  күніне  дейін)  қолындағы  жерлері  солардікі 
болып саналып тағайындалды. Қазақ-қырғыз халқына барлық алған жері бекітіліп отыр. 
 
Жер хақында жұмыстың қиынырақ болып тұрған жері, бір жағынан, диқаншылық, екінші 
жағынан,  мал  шаруасыменен  тіршілік  қылып  отырған  аудандарда.  Жетісудың  көп  жері 
һәм  Сырдария  облысының  Темірқазық  жағындағы  жергілікті  халықтардың  осы  күнгі 
тіршілігі  сондай  түрде  -  қыстауының  кәсібіне  егінін  шашады  һәм  екінші  жағынан  мал 
шаруасыменен тіршілік қылып көшеді. 
 
Міне,  осындай  жерлерде  жер  мәселесін  түпкілікті  қылып  шешу  қажет.  Ауыл  -  ауылдың 
осы  күнгі  егін  шашып  пайдаланып  отырған  жерін  ғана  оларға  қалдыру  мүмкін  емес. 
Себебі,  қазіргі  күнде  олардың  тіршілігінің  көбі  мал  шаруасы,  диқаншылық  кем, 
әшермендік қана шешеді. Ол, азғантай егіндік жермен оларды қалдыру дұрыс емес. Соның 
үшін  Түркістан  кіндік  атқару  комитеті  шығарған  қаулысында  ауылдардың  осы  күнгі 
диқаншылық  қылып  отырған  жерлерін  оларға  қалдырып  отыр.  Егерде,  бұлардың  жер 
мәселесін  түпкілікті  қылып  шешкенге  шейін,  бұл  ауылдар  диқаншылық  қылып  жыртқан 
жерін кеңейтіп көбейткен болса, жер мәселесін шешкен мезгілде сол қалпының өзі жүріп 
кеткен жердің барлығында, сол ауылдарға түпкілікті болып шешкен уақытында бір белгілі 
мөлшерінен жер берілмекші. Сонда бір ауылдың жері мөлшерден кем болып қалса, онда 
мөлшерге жеткізіліп беріледі. Екінші  бір  ауылдың жері  мөлшерден артық болса, артығы 
алынбастан  сол  ауылға  түпкілікті  беріліп  тағайындалады.  Бұған  өте  сақ  болу  керек  Заң 

13 
 
әрбір  ауылға  шамаменен  келгенінше,  диқаншылық  қылатын  жерін  көбейтуге  кең  жол 
ашып  отыр.  Мұныменен  халықтың  пайдаланып  қалуы  тиіс.  Жатсаң  да,  тұрсаң  да  егін 
шашқан  жеріңді  көбейтуің  дұрыс.  Бұл  ретте  дихан  менен  мемлекеттің  көздеген  мақсаты 
бір болып отыр. 
 
Ең  ақырында,  диқаншылық  пенен  һәм  мал  шаруасымен  тіршілік  қылып  отырған 
аудандарда  қашан  жер  мәселесі  түпкілікті  болып  шешілгенше  әр  ауылдың  жалғыз  ғана 
егіндігі  емес,  мал  жайылымдығы  олардың  пайдасына  қалдырылып  отыр.  Қашан  жер 
мәселесі  түпкілікті  шешілген  уақытта,  бір  ауылдың  мал  жайылымдық  жерінен 
мөлшерменен  сол  ауылға  берілген  уақытында  артық  жер  шықса,  ондай  артық  жерге 
басқаларды  әкеліп  орнатады.  Бірақ  жаңа  заң  һәм  Түркістан  кіндік  атқару  комитетінің 
шығарған  қаулысында  ондай  артық  жерлерді  түпкілікті  жер  мәселесі  шешілгенге  шейін 
ешкім сұғанақтық қылып ала алмайды. Сол жергілікті халықтың пайдасында болады. 
 
Осы  күнде  әр  жерде  уездерде,  облыстарда  һәм  кіндікте  жер  жанжалын  қарайтын  һәм 
шешетін комиссиялар түзіліп жатыр. Ол комиссияда жер бөлімінің бастығы жер мәселесін 
шешетін  мекеменің  уәкілі  су  бөлімінің  адамы,  заң  бөлімінің  бастығы  һәм  қосшы 
ұйымының бастығы бар. 
 
Осы комиссияларды күшейтіп дем беру керек. Бұлар ешкімнің өз бетіменен ұнаған жерді 
бас  салып  иемдене  кетуді  жоғалтулары  керек.  Бұл  комиссиялар  өзінің  жұмысына,  іске 
батыр  жақсы  азаматтарды  бауырына  тартуы  керек.  Бұл  комиссиялар  жер  мәселесін 
түпкілікті қылып шешу жобаларын қарап бекітуге беріліп отыр. Қазіргі күнде бұлар өткен 
заманда жер реформасын жүргізген үш адамнан құралған комиссия қандай мықты болса, 
бұлар  да  сондай  мықты.  Мұны  әрбір  партия  һәм  кеңес  қызметінде  жүрген  азаматтар 
ұмытпауы керек. 
 
Екі  түрлі  тіршілігі  бар  1)  аудандарда  түпкілікті  қылып  жер  мәселесін  шешу  жұмысы 
белгілі  ретпен  жүргізілмекші.  1923-  жылға  Түркістан  уезімен  һәм  Әулиеата,  Шымкент 
уездерінің  бітпеген  жұмыстары  белгіленіп  отыр.  Шығашақ  низамының  қысқаша 
қорытындысы: мөлшер белгілеу әр ауылдың егіндігін сол ауылдың пайдасына түпкілікті 
қылып  бекіту.  Жерсіздерге  мөлшерменен  жер  беру  ауылнай  -  болыстардың  арасындағы 
шекті  түзету  жер  мәселесі  түпкілікті  шешіліп,  жергілікті  халықтарды  орналастырғаннан 
кейінгі, қанша артық жер бар екендігін білу. Бұл жерлерге жері кем тарлық көріп отырған 
аудандардан  болмаса,  өте  жері  кемдіктен  таршылық  көріп  отырған  орыстың 
поселкелерінен көшіріп орындалулары айтылмақшы. 
 
Таршылық  көріп  отырған  орыстың  поселкелеріне  түпкілікті  жер  мәселесі  шешілгенге 
шейін  мөлшерменен  жер  кесіліп  берілуі  мүмкін.  Бірақ  өте  мұқтаж  болғанда  һәм  жер 
комиссариатының рұхсатымен ғана, еңбек мөлшеріменен жер пайдалану шығып отырған 
негізгі  заңда  диқаншылық  шаруасына  малайды  жалдау  реті  белгіленген.  Заң  бойынша 
жалдаушы  кісі  өз  малайы  қатар  қызмет  қылатын  болса,  болмаса  шаруасы  кері  кеткен 
болса, (егіндік шықпай қалу, өрт, шегіртке, ауру һәм басқа осындай қырсық кез келсе) һәм 
жері  аз  аудандарда  жұмыстың  уақытында,  мысалы,  егіннің  уақытында,  малай  жалдауға 
болады. 
 
Жаңа  жерге  орнаған  уақытында  жұмысын  тездеп  бітіру  һәм  егіндікке  берген  жерінің 
барлығын уақытында шашу үшін малай жалдауға болады. 
 
1)  Ескерту:  көшпелі  аудандарда  түпкілікті  қылып  жер  мәселесін  шешу  хақында 
қосымша  низам  түзіліп  жатыр.  Ең  ақырында,  жерді  уақытша  беру  ретінде  жаңа  заң 
бойынша берілетін жер еңбек мөлшерінде болуы ғана керек. 

14 
 
 
«Ешкім  уақытша  өзінің  жерінің  үстіне  өзінің  күшіменен  еңбек  қылып,  шашылмайтын 
артық  жер  ала  алмайды»  жаңа  сол  уақытында  жерді  уақытша  бергенде  үш  жылға  дейін 
ғана  береді.  һәм  уақытша  шаруасы  бұзылған  кезде  (жоғарыдағы  малдар  турасындағы 
қара).  Болмаса,  үй  иесін  әскер  қызметіне  алмаған  болса,  болмаса  Кеңестер  мекемесінде 
қызмет етіп жүрген болса. 
 
Сонымен, жер хақында шыққан жаңа заң, жалғыз ғана жер реформасының нәтижесін ғана 
бекітпей, әрбір түрлі шаруа менен тіршілік қылып отырған ауылдардың жерін сақтау, ұзақ 
уақытқа  жер  беруді  тоқтатып,  еңбек  мөлшерінен  артық  жер  бергізбей,  яғни  жуан 
жұдырықтарға  малай  жалдап  қанын  сорғызбау  жағын  ашып  отыр.  Сонымен,  айыптап 
көзге түспей қараңғы жолмен өткен лағынат екі дәуірге қайтадан жетеміз деуге еш орын 
жоқ. 
 
Жер пайдаланып отырған жұртқа жаңа заң жерді қай түрімен пайдалану ретінде кең жол 
беріп отыр, (көп ортасында үй басына) (һәм басқаша) қай қалаған түріменен. 
 
Мемлекет керекті  мал бағатын жайылымдық  басқа да түрлі  жерлерді  бүкіл ауылға беріп 
отыр. Онан әрі, жер мәселесіне мемлекеттің қатысы жоқ. Сосынғы әңгіме халықтың өзінде 
ауыл ішінде һәм, қала ішінде жер мәселесін шешу жұмысы халықтың өзінің тілеуменен, 
һәм шығынын көтергеннен ғана болады. 
 
Жер пайдаланушыларға түпкілікті жер беріліп, біреу алып кетпейтіндікке көзбен жеткізіп, 
олар ол жерде ұзақ  уақытқа өздерінің тіршілігін түзеу түгіл олардың өз ықтиярында қай 
түріменен жер пайдаланамыз десе де. Көп ортасындағы жерден пайдаланушы әркімнің өз 
ықтиярында  көптен  ұлтарақтай  жер  тисе  де,  өзіңдікі  қылып  бүлдіріп  алуына.  Ұмтылу, 
ыждағат қылу, ілгері басудың санасы. 
 
Диқаншылық шаруасының кең жолменен ілгері басып дәуірлеуіне жоғарыда айтылғандар 
да жеткілікті болар еді. 
 
Бірақ,  жалпы  Россияның  Кіндік  атқару  комитеті  жер  хақында  шығарған  заңынан  басқа, 
екінші  бір  низам  шығарып  отыр.  Ол,  низам  бойынша  жаңа  орынға  ауып  қалғандар 
болмаса,  ештеңе  тимеген  жаңа  жер  алғандар  әскер  қызметінен  де,  һәм  азық-түлік 
салығынан  да,  көшкеннен  кейінгі  жерде  он  жылға  азат.  Ал,  жаңа  жерде  жыртылған  жер 
алғандарға, бұл жеңілдіктер бір жылға беріліп отыр. 
 
Соңғы  низамменен  Кеңестер  хүкіметі  бөлінген  диқаншылық  шаруасын  түзету,  екпінді 
һәм, негізгі мақсат деп көрсетіп отыр. 
 
Қайткен  күнде  де,  егінді  көп  шаш  һәм  аз  уақыттың  ішінде  көп  шаш  дегенді  Кеңестер 
хүкіметі орын қылып отыр. 
 
Бірақ, әрбір диханның да мақсаты сол екеуін бір жолға қосып отыр, енді шаруа түзелуге 
тиіс. 
 
Сол заң, жалғыз ғана жер реформасының нәтижесін бекітіп қоймай, бізді баяғы ескі обыр 
отаршылдық болмысынан сақтап отыр. 
 
Ескіге  орын  жоқ  бірақ,  әрбір  қызметкер  есінен  шығармауы  керек.  «Жылытқан  жастық 
астынан су да ақпайды» дегендей. 
 

15 
 
Аскалов 
 
ТҮРКІСТАН САЛЫҚТАРЫ 
 
Әрбір  хүкімет  өзінің  істейтін  шығындарын  көтеру  үшін  халқына  һәм  түрлі  салықтар 
салады. Хүкімет шығындары неғұрлым көп болған сайын солғұрлым халыққа да салықтар 
көп  түседі.  Салықты  аз  салатын  хүкіметке  халқын  жақсы  қарап  һәм,  аз  салық  халықтың 
шаруашылығына жеңіл тиеді. 
 
Салықтар екіге бөлінеді 
 
Һәм түрлі жолмен хүкімет пайдасына халықтан жиналады. Кейбір салықтар «ашық салық» 
деп аталып, басқалары жасырын салық делінеді. 
 
Ашық  салық  жер-су,  аяқты  мал,  фабрика,  завод,  өзі  һәм  солар  сияқты  мүліктердің 
иелеріне ашық салынып жиналады. 
 
Жасырын  салық  халыққа  білдірілмей,  көрсетілмей,  байқатпай  салынып  жиналатын 
сияқты. 
 
Енді  екі  түрлі  салықтың  қалай  жиналуын  түсінуіміз  үшін  мынадай  мысалдар  алайық: 
хүкімет жүз уақ малы һәм он бес, жиырма ірі қарасы бар орта шаруаға бір жылда сегіз, он 
сом  салып  алатын  салығы  ашық  салық  дейміз.  Сол  орта  шаруа  иесі  хүкіметке  бір  жыл 
ішінде сегіз, он сомына (алтын ақша есебіменен) басқа шығын төлемеймін деп жүрсе де, 
тағы да түрлі жолменен өзі байқамай-ақ, жасырын салық бірнеше шығындар төлейді. 
 
Көрсетілген  орта  шаруа  иесі  бір  жыл  ішінде  саудагерлерден  100  кез,  кездеме  (кезі  10 
тиыннан) һәм бес қадақ шай (қадағы бір жарым сомнан) сатып алынады десек, сол сатып 
алынған  бұйымдарының  үстінен  саудагердің  алатын  бұйымдарының  бағасынан  һәм 
көретін пайдасынан басқа хүкіметке де жасырын салық төленеді. 
 
Оның  себебі  «жасырын  салық»  төленбегенде,  саудагер  жоғарыдағы  бұйымдарды 
көрсетілген  бағасынан  арзанырақ  сатар  еді.  (шыттың  кезін  сегіз  тиыннан  һәм  шайдың 
қадағын  бір  сом  отыз  тиыннан  десек)  бірақ,  хүкімет  саудагердің  сататын  бұйымдарына 
жасырын салық салғандықтан, саудагер ол айтқан бағамен сатпайды. 
 
Сөйтіп,  жасырын  салықты  саудагер  төлейтін  болып  көрінсе  де  саудагер  өзіне  түскен 
жасырын салықты халықтан жиып алып, беріп отырушы болып шығады. 
 
Мінекей,  осындай  хүкіметтің  байлар,  саудагерлер  арқылы  халықтың  жарататын  барлық 
керек-жарағының  үстіне  салынып,  бұйымдарды  қымбаттатып  жинайтын  салықтары 
«жасырын салық» деп айтылады. 
 
Сөйтіп, жоғарыда мысал үшін алған орта шаруамыз хүкіметке бір жыл ішінде сегіз, он сом 
ашық  салықтан  басқа  жүз  кез  кездеме  үстінде  екі  сом  һәм  екі  қадақ  шайда  бір  сом 
абайсызда  артық  төлейді.  Осы  сияқты,  басқа  сатып  алатын  бұйымдарынан  да  жасырын 
салық  төлеп,  хүкімет  шығындарының  көбі  осындай  жолдармен  халықтан  жинап  алып 
тұрады. 
 
Хүкімет  осы  жасырын  салықтарын  тура  халыққа  салып  аламын  десе,  халыққа  тым  ауыр 
тиіп,  бірден  мұнша  салықты  жинап  ала  алмас  еді.  һәм  халық  та  бірден  төлей  алмас  еді. 
Бірақ, халық бір жыл ішінде хүкіметке төлейтін барлық жасырын салығын бірден бермей, 

16 
 
һәр  дәйім  сатып  алатын  бұйымдарының  бағасына  қосып,  тиындап  беріп  байқаусызда 
құтылады. 
 
Сондықтан  қарағанда  жасырын  салық  ашық  салықтан  жеңілірек  сияқты  болып  көрінеді. 
Бірақ, жасырын салықтың тиімсіз жері - ашық салық көп мал һәм көп пайданың иесіне көп 
түсіп, аз мал һәм аз пайданың иесіне аз түссе, жасырын салықтың барлық қиындығы керек 
жарақатты көп жарататын қара халыққа түседі. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет