Алаш көсемсөзі 1 том "Шолпан" журналы


М. Шағырша    11-КЕҢЕСТЕР ТОБЫ ҺӘМ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ



Pdf көрінісі
бет9/20
Дата27.01.2017
өлшемі1,7 Mb.
#2803
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20

М. Шағырша 
 
11-КЕҢЕСТЕР ТОБЫ ҺӘМ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ 
 
11-жалпы  Түркістан  Кеңестер  тобы,  1-декабрьде  ашылмақшы.  Түркістанның  еңбекшілер 
қара  бұқарасы  уәкілдері  алдында  мәселенің  ең  қымбаты  болып  ауыл  шаруашылығы 
мәселесі түспек. 
 
Әркімге  де  белгілі,  Түркістан  халқының  дені  дихан,  һәм  мал  өсіруші  екендігі,  бұрынғы 
патша  заманында  приставтардан,  байлардан,  манаптардан  көшпелі  халық  пен  диханның 
көрмегені  жоқ.  Бұл  қысымшылықтың  тамыры  хүкімет,  еңбекшіл  дихандар  мен  нық 
ұйымдасқан жұмыскерлер қолына көшкен соң үзілді. 
 

69 
 
Хүкіметті  қолға  алу  күресі  жеңіл  күрес  болған  жоқ.  Оның  жолында  талай  адам  құрбан 
болып, талай қан төгілді. 
 
Бастан  ауыр  күндер  көп  өтті.  Кеңес  хүкіметіне,  мал  баққан  ел  мен  дихандардан  жәрдем 
талап  етуге  тура  келді.  Себебі,  қарсы  тұрып  дұшпанға  қару  қылу  үшін  азық-түлік, 
қаражатқа сай болу керек болды. 
 
Міне, бүліншілікке салған бес жылғы соғыстан кейін ептеп жұмыскер - дихан мемлекетін 
түзеп һәм нығайту ісіне кірісе бастадық. 
 
Өткен соғыс жылдары, әсіресе, әлеумет соғысы халық шаруашылығын бүтіндей күйзелтті. 
Көп  нәрселер,  нағыз  керекті  нәрселер  жетпейді.  Қайшылық  мемлекеттің  бүтін  керегіне, 
жеткендей  күш-қуаты  жоқ.  Үлкен  қиындықтармен,  зор  күшпен  жұрт  шаруашылығын 
орнату  керек.  Оның  ішінде  де  әлді  мен  бүтіндей  біздің  халық  шаруашылығының  негізгі 
қоры  болып  табылатын  жер  жырту,  һәм  мал  өсіру  секілді  ауыл  шаруашылығын  орнату 
керек.  Ауыл  шаруашылығын  гүлдендіру  шаруаларына,  кірісуіміз  керек.  һәм  бұл  мәселе 
осы күнгі керекті мәселелердің ең керегі. Кеңес хүкіметі де осы бетпен шаруаларға кірісіп 
жатыр.  һәм  съез  алдына  түсейін  деп  тұрған  ауыл  шаруашылығын  көгерту  тақырыпты 
шараларға менің де кідіргім келеді. 
 
Диханның  да,  мал  өсірушілердің  де  көздерін  тігіп  отырғаны  -  жер  заңы  жаңалығы 
мәселелері.  Бұл мәселенің еңбек сіңірмейтін байлардың жерін алып һәм үлестіру секілді 
бірінші мерзімін өттік. 
 
Юристік пен һәм бас салып тартып алынған жерлер, көшпелі халыққа алынып, берілетін 
мерзім өтті. Енді еңбекшіл халықты жерге орналастыру жұмысына кірісу керек. Еңбек пен 
жер пайдалану, түрлі кеңес хүкіметінің шығарған заңы, жер саясатының негізін орнатады. 
 
Бұл закон бойынша, сот үкімі болғанда болмаса, бір дихан я, бір мал өсіруші жерден бос 
қалуға мүмкін емес. 
 
Қыстақтарға  һәм  поселкелерге  жер  мекемелері  беріп,  һәм  рас  айдалып  жүрген  жерлер, 
тегісімен  нығайтылып  қалдырылады.  Заңмен  айрықша  бір  көрсетіліп  кеткен  орындарда 
болмаса, билеу ретінде қышлақ һәм поселке жерлерінде тегістеу я межелеу деген нәрселер 
болмайды. Енді жерінен айырылмайтын болған соң әрбір дихан тыныш болса керек. 
 
Жер  пайдалану  мәселелерін  шешуге  диқаншылардың  өздеріне  кең  құқық  беріледі.  һәм 
жер  пайдаланудың  қай  түрін  қолдануға  да:  жеке  пайдалану,  ортақтасып  пайдалану, 
ұйымдасып пайдалану һәм басқа түрлері болсын құқықтары бар. 
 
Жер  мекемелері  қыстақ  һәм  поселке  жер  бөлімдері  тіркеулерін  бекітіп,  тиісті  сенім 
қағаздарын пайдалануға кіріспекші. Көшпелі һәм шала көшпелі аймақтарда жұмыс басқа 
түрде,  ол  жерлердің  халқы  ешқашан  да  жерге  орналастыру  жұмысын  көрген  жоқ.  һәм 
ондай  жерлерде  жерге  орналастыру  жұмыстары  мемлекет  күшімен  жүргізілмекші. 
Отырықшы  аймақтарда  жерге  орналастыру  жұмысының  бір  ретсіздері  ғана  түзетілсе, 
көшпелілер  өздерінің  шаруа  басынан  бастау  керек.  Алдымен  халықты  жерге 
орналастырып  алмай,  шаруашылыққа  кірісуге  болмайды.  Сөйтіп  қазір  біздің  жер 
тақырыпта  нық  заңымыз  бар.  Егерде,  ішінде  ескерілмей  қалған  кемдіктер  болса,  съезде 
қаралып  түзетіліп  һәм  толтырылмақшы.  Кеңес  хүкіметінің  барлық  ниеті,  мүмкін 
қатарынша диханға жерді көп сепкізбек. Жер көп себілген сайын, ауыл шаруашылығы тез 
орнаған сайын, біздің фабрик һәм зауыттарымыз да тез қимылдамақшы. Әуелі болғанда, 
тыныш тұрмыста тез орнамақшы. 

70 
 
 
Кеңес  хүкіметі  аянбай,  барынша  жәрдем  көрсетуі  керек.  Ол  жәрдемді  алдымен  сол 
жәрдемге мұқтаж болып отырған аз жерлі, орта еңбекшіл дихандарға, батырақтарға беру 
керек. 
 
Бұл жәрдемнен құрттай болса да бай, жұдырықтардың қолына тигізбеудің шарасын қарау 
керек.  Түркістанда,  һәм  осы  секілді  жерлерде  адам  еңбегін  һәм  жерді  жалдауды  тыюға 
мүмкін  болмаған  себепті  біз  рұқсат  етіп  отырмыз.  Бірақ,  жерді  һәм  адам  еңбегін 
жалдаудың  шарттары  заңда  нық  көрсетілген.  һәм  байлардың  езу  ниетпен  қойған  қиын 
шарттары заңмен қудаланып отырмақшы. Әрине, бұл түрлі дихандардың өздері де қарап 
тұрмай, ұйымдасып бір жағынан өкіметке қолқабысын тигізіп тұрулары керек. Әркімге де 
белгілі,  осы  уақытта  өкіметтің  қаражатының  аздығы,  сонда  да  қолындағы  азынан 
жырмалап,  өкіметтің  ойы  -  дихандарға  жәрдем  көрсетпек.  Мұқтаж  дихандарға  тұқым 
жәрдемін  көрсету  үшін  мемлекет  тұқым  қорын  ашып  жатыр.  Ауыл  шаруашылығына 
керек,  диқаншылық  саймандары  дайындалып  жатыр.  Ауыл  шаруашылығын  түзетуге 
үлкен  жәрдемші  болып  қарызға  ақша  беріп  отыратын  мекеме  ашуға  қам  қылынып,  һәм 
соған  ақша  шығарылмақшы  болып  тұр.  Әрі  арықтардың  бұзылған  жерлерін  түзетуге 
қаражат жіберіліп отыр. 
 
Мұқтаждық  көп  болғанмен,  қаражат  аз.  Сол  себепті  дихандар  да  қарап  тұрмай, 
мемлекетке жәрдемін беру керек. 
 
Әрбір дихан өзін тұрмыс тәжірибелерінің қалары сұрап тұрғанын білу керек. Жеке-жеке 
қимылдап  күш  салғанмен  еш  нәрсе  шықпайды,  бірігіп  ұйымдасып  іске  кіріскенде  ғана 
бірдеме болмаса. 
 
Кооператив  ашып:  қауымшылық  қорын  ашып,  қайтадан  қанішер  байлардың  құлдығына 
түсіп кетпес үшін еңбекшілердің бірігуі қажет. 
 
С. Асфандияр баласы 
 
ТҮРКІСТАНДА СУ МӘСЕЛЕСІ 
 
1. Түркістан шаруасы һәм жерлері 
 
Түркістанда  барлық  егістіктердің  шамасы  160  млн.  десятинадай  келеді.  Оның  ішінде 
соңғы елу жылдан бері қарай пайдаға асып келе жатқаны 288.000 десятинадан артық емес. 
 
1915-жылда Түркістан диқаншылығы тақырыпты жиналған мағлұматқа қарағанда, барлық 
егістің  ауданы  3.288.000  десятина  екен,  оның  жүзден  25  десятинасына  (  25%)  мақта, 
жүзден 53 десятинасына (53%) бидай, қалғандарына бөтен түрлі егіндер егіледі екен. 
 
1921-жылғы  есепке  қарағанда,  Түркістанда  ілгергі  пайдаланып  келе  жатқан  барлық 
жерден  2.159.000  десятинадай-ақ  жер  егіліп,  қалғандары  түрлі  себептермен  егістіктен 
қалған. 
 
Түркістанда егістіктің ауданы жоғарыда айтылған сияқты азайғанына қарағанда істің беті 
теріске  айналғандай  көрінеді.  Бірақ,  шынында  олай  емес.  Ілгері  егіліп  келе  жатқан 
егістіктің  ауданы  1919-жылы  60%  азайған  екен.  Соған  қарағанда  революцияның  соңғы 
жылдары егістіктің ауданы бірте-бірте көбейе бастаған. Тағы бұдан былай да көбейе беруі 
де мүмкін. 
 

71 
 
Егістіктің  ауданы  өзгеріліп,  молая  бастауыменен  қатар  диқаншылық  түрі  де  өзгерілді. 
Диқаншылық үнемі Түркістанның өз керектігінен артпайтын болды. 
 
Жаңа да соңғы жылдары Түркістан менен ішкі  Россия арасында шаруа жөнінен қатынас 
азайып, екеуінің бірдей зияны табылып келеді. 
 
Түркістанның ол шеті менен бұл шеті ұшы - қиыры жоқ. Жатқан бір жалпақ сусыз дала. 
Сол  сусыз  жолдың  шетін  адам  баласы  бірте-бірте  кеміріп,  үлгіртіп келеді.  Халқы  қалың 
ел,  өнімді  жері  жол  арасындағы  қолдан  су  шығарылған  аудандар  болады.  Түркістанда 
қолдан  суарылатын  жердің  шамасы  3  млн.  десятинадан  аспайды.  Жаңада  оның 
жартысынан көбі Сырдария суынан суарылады. 
 
2. Түркістан суы 
 
Сырдария суының көбі қолдан суға шығарылатын егістіктерге жаратылады. Орта Азияда 
(бір секунд ішінде 100 текше сарқын су ағатын) судың үлкен саласы  - Амудария, қазіргі 
кезде  Амудариядан  қанша  десятина  жердің  суарылатыны  белгісіз  болса  да,  бір  кезде 
Амударияның атағы жер жарып, қадірі асқан дария еді. Жаңада, келешегі де солай болса 
керек. Амудария суынан пайдаланатын - Бұқара, Хиуа елдері. 
 
Төрткөл һәм Түрікпен облыстарының келешегі Амударияменен байланысқан. Сондықтан, 
Амудария  суыменен  жақсы  пайдалану  үшін  Амударияны  Каспий  теңізіне  құлату, 
Амудариядан  арықтар  шығарып,  Амудария  суын  Каспий  Әмір-Арал  теңізіне  жеткізбей 
егістер  үшін  пайдаланудың  қамына  кірісу.  Яки  болмаса,  Амудариядан  үлкен  арықша 
шығарып, Мерв, Теджен ойпаттарын үлгірту керек сияқты көрінеді. 
 
Сырдария  -  Амудария  сияқты  Мұрғаб,  Теджен,  Атірік,  Зарафшан  суларын  пайдалану, 
жақын  арада  жүзеге  шығатын  көрінбейді.  Сырдария  суын  пайдалану  жолдары 
Амудариядан гөрі оңай сияқты. Жаңада оған құятын кейбір су аспара сияқты суларды да 
осы көздерін Сырдарияға жеткізбей-ақ, жолда егістіктер үшін жаратылып жүр. 
 
Талас  өзені  ілгеріде  Шуға  құйып,  Шу  барып  Сырдарияға  құятын  еді.  Қазір  Талас  өзені 
Шуға  толмайды.  Шу  да  Сырдарияға  жетпейді.  Шу  дариясынан  арықтар  шығарып  қамау 
жасап, суын пайдалану туралы іс бастаса да, әлі ол іске жүзеге шыққан жоқ. 
 
3. Орыс хүкіметі һәм қолдан су шығару жұмысы 
 
Патшашыл  хүкіметі  тұсында  қолдан  су  шығару  туралы  басталған  істің  ең  зоры  -  Шу 
дариясынан су шығару ісі еді.  Оның не хәлде екені  жоғарыда  айтылды. Одан кейінгісі  - 
Мұрғаб ойпаңына, Мырзашөл даласына су шығару еді. 1912 жылы Керюшин «Түркістан 
шаруасы»  тақырыпты  патшаға баяндама жасаған. Сол баяндаманың ішіне  «Осы  уақытқа 
шейін  қолдан  су  шығару  туралы  орыс  өкіметі  Түркістанда  түк  те  істеген  жоқ»  деген 
пікірді кіргізген. 
 
Баяндаманың  тағы  бір  жерінде  Керюшин  мынадай  деген:  «ілгері  заманда  атын  қалдыру 
үшін бір елді бағындырған мемлекет үлкен арық қаздырушы еді. Біздің орыс өкіметі оны 
да істеген жоқ. Мұны мойынға алу керек». 
 
Қолдан  су  шығару  тақырыпты  Түркістанның  келешегін  патшашыл  өкімет  көздемеген. 
Сондықтан Мырзашөл даласын суға алдырып безгек кеселіне толтырды. 
 

72 
 
Профессор  Ризенкамп,  Постышев,  Маликин  дегендердің  айтуына  қарағанда,  Мырзашөл 
даласына  су  шығару  үшін  қазылған  арықтың  жол-жобасы  жасалғанда  жетпектігі  көп 
болған. Сондықтан Мырзашөл даласы үлгерту орнына шалшық  су басып, арық  қазу ісін 
басқарған «білгіштердің» білгіштігінен, Мырзашөл даласы шалшыққа айналып, пайдадан 
шығып қалды. 
 
4. Қолдан су шығару жұмысының келешегі 
 
Мырзашөл  даласы  егін  бітпейтін  шалшық  суға  айналуын,  пайдадан  шығуын  кейбір 
ақылсыз  тарихи  сыншылар  Кеңес  өкіметінен  көргісі  келеді.  Ол  тіпті  орынсыз.  Өйткені, 
Мырзашөл  арығы  Кеңес  өкіметі  тұсында  қазылған  емес.  Жаңада  Мырзашөл  арығын 
түзету үшін өзіне сарп етілген дүниедей тағы дүние керек көрінеді. Кеңес өкіметі денігін 
Аврангель,  Колчак  сияқты  революцияның  өзіне  түскен  дұшпандарменен  жауласып 
шаршағандықтан, Мырзашөл арығын жөндеуге күш-қуаты жетпей отыр. Сонда да болса, 
есепсіз дүниені сарп етіп, талай еңбек сіңгендіктен осы күнде тастай беруге болмайды. 
 
Мұрғаб  дариясынан  су  шығару  жұмысы  Мырзашөл  даласы  сияқты  емес,  онан  гөрі  оңай 
көрінеді.  Мұрғабтан  шығарылған  арықтарды  түзету,  жамау  жұмысы,  жаңада  Мырзашөл 
арықтарының  кейбіреулерінің  өңдеу  өте  қиын  емес.  Сондықтан  ол  жұмысқа  кіріс  өте 
қажет. 
 
Шудан  су  шығару  жұмысын  осы  күні  де  тоқтап,  ол  үшін  алып  барылған  асбап  - 
құралдарды  темір  жолменен  қайта  алып  келу  қаражаты  сол  арықтардың  кейбіреулерін 
қазып бітіру үшін істелетін қаражаттан аз болмаса керек. Сол себептен, Шудан су шығару 
жұмысын осы күні де тоқтатуда тіпті мақсат жоқ. 
 
5. Орта Азия һәм мақтаның жібу жүзінде келешегі 
 
Жаңа арықтар қазып, Сырдариядан су шығарып, қолдан жер суару қиын көрінеді. Жаңада 
оны жүзеге шығару үшін көп дүние керек сияқты. Бірақ, сонда да болса, көп дүние сарп 
етпей-ақ  тағы  да  Түркістанда  800.000  десятинадай  жерге  қолдан  су  шығару  мүмкін.  һәм 
соған  Сырдарияның  суы  жетпейді  де.  Бүкіл  дүниеге  мақтаның  керектігі  күннен  күнге 
артылып  бара  жатқанына  қарағанда  Түркістан,  Хиуа,  Бұқара  республикаларында  бос 
жатқан жерлерге кешікпей су шығарып, үлгерту өте қажет көрінеді. Өйткені бұл Европа 
қан төгілісі кезінде өз мақтасы өзіне жетіп келген жалғыз-ақ Америка еді. Отар жерлеріне 
мақта  егіп,  Америка  сияқты  мақтаны  сырттан  іздемеу  үшін  Англия  еш  нәрседен 
тартынбайтын  көрінеді.  Мақта  егетін  жері  жоқ  Германия  сияқты  Европаның  кейбір 
мемлекеттері Орта Азияның мақтасыменен күн көрмесе тіпті бөтен жолы жоқ. Сондықтан, 
Түркістан  республикасында  бар  бос  жерді  шет  күшіменен  суғарса  суғарудың  керектігі 
соқырға  таяқ  ұстатқандай.  Жаңада  Америка,  Англия  яки,  Япония  аралдарында  соғыс 
басталса  мақтаның  керектігі  бұрынғыдан  да  күшейіп,  Орта  Азияға  су  шығару  жолына 
тегіс  кірісетіндері  де  анық.  Сол  себептен  қолда  бар  алтынды  қадірлеп,  Сырдария  һәм 
Амудария суларын пайдалану жолына түсу қажет. 
 
6. Түркістанның қазіргі хәлі 
 
Қазіргі істің жөніне қарағанда, Түркістанның келешегі үшін емес, қазіргі үшін жергілікті 
халықтардың  қолдан  қазған  арықтарын  сақтау  керек.  Адамзаттың  тіршілігі  табиғаттың 
қиындықтарыменен  алға  күресуінде  өтеді.  Жергілікті  жұрттардың  да  қолдан  қазған 
арықтары,  қолдан  су  шығару  құралы,  қолданатын  әдіс  амалдары,  сол  табиғаттың 
қиындықтарымен  жүз  жылдап,  мың  жылдап  күресуден  тапқан  олжасы,  амал-әдісі. 
Жергілікті жұрттар ол амал-әдістерді капиталшыл ұйымдары дүние жүзіне келуден бұрын 

73 
 
тапқан.  Осы  кезде  Түркістанда  қолданып  жүрген  қолдан  су  шығару  жолдары  соңғы 
кездегі  капиталшыл  дәуірі  тұсындағыдай  болмаса  да,  революциядан  кейін  шаруашылық 
майдаланып  нашарланып  тұрған  кезде  жергілікті  халықтардың  қолдан  су  шығару  түрлі 
қолданып келе жатқан жолдарын қолданудан басқа пайдалы жол жоқ. Жаңада, неше мың 
жылдардан бері салынып қалған жол болғандықтан жергілікті халықтар осы кездегі өздері 
пайдаланып жүрген арықтарды жамап-жасқап түзетуден тіпті тартынбайды. 
 
Қазіргі  жергілікті  жұрттардың  арасындағы  арықтар  жергілікті  жұрттардың  ғана  күш-
қуаты, қаражаттарыменен сақталып келеді. 
 
Енді бұдан былай жергілікті жұрттардың қолдан қазып шығарған арықтарын оңдау, түзету 
жолына  түсу  өте  керек  іс.  Жаңада  осы  күндерде  шаруаның  нашарланып  тұрғанына 
қарағанда,  Түркістанда  қолдан  жер  суғару  жолы  жалғыз-ақ  осы  сияқты.  Осы  жолдарды 
қолданып кейбір бұзылған арықтарды да түзетіп, егістік ауданын кеңейту жер пайдалану 
ісін орнықты жолға құруы мүмкін. 
 
Ташкент, Қожент, Зерафшан сияқты кейбір аудандарға қолдан су шығару үшін жасалған 
жол-жобалар  бар.  Оларды  жүзеге  шығару  үшін  Кіндік  өкімет  22.000.000  сом  бермекші. 
Жергілікті  су  салығынан  1.300.000  еңбек  қарызынан  (ақшадай)  3.500.000  сом 
жиналмақшы. Сөйтіп, барлығы 7.800.000 сом ақша болады екен. Осы санға қалай қолдан 
су  шығару  туралы  істелетін  барлық  қаражаттың  шамасын  байқау  мүмкін.  Жаңада  үлкен 
арықтардың  сағасын  түзету  қаражаты  өкімет  мойнына  түсіп,  кейбір  арықтар  үшін 
істелетін қаражаттардың барлығын халық көтереді. 
 
7. Төмен қатардағы су жұмысында жүргендердің міндеттері 
 
Түркістанда  су  сақтау,  ескі  арықтарды  жаңарту  үшін  істелетін  еңбек  қаражат  орынсыз 
жұмсалып жүр деп өткен партия съезінде жолдас Кадемесов айтқан сияқты. Су жұмысы 
ең зор істердің зоры болса  да,  әлі  жөнделмей келеді. Ескі  өкіметтің тұсында су басында 
ақсақал  мұраптар,  ең  жоғары  басында  уез,  әкім  приставтар  болып  су  сақтау,  һәм  жаңа 
арық  қазып  бос  жатқан  жерлерге  су  шығару  жұмысы  ортақшылдық  мақсатыменен 
байланысқан еді. 
 
Қазіргі дәуірде ондай саясат бітсе де, су сақтау үшін істелетін қаражат бейнеттің нәтижесі 
аз, ұйымы жоқ. Босқа жұмсалып жүр. 
 
«Ақылды  екеніңе  ақылдысың  -  ау,  бірақ  ақылдың  сенің  ақымақ  қуы»  деп  іштен  келген 
инженерлерге  дихандар  айтқан  сияқты  іштен  келген  жас  инженерлер  шынында  да, 
жергілікті  жұрттардың  тіршілігін  түсінгісі  келмей,  мақсаттары  қайшы  келетін  еді.  Бірақ 
енді  бұл  орыс  үкіметі  бітті.  Түркістанда  қазір  қолынан  кетпені  түспейтін  еңбекшілер 
үстемдігі  жүріп,  Түркістан  қожасы  қазір  еңбекшілердің  өздері.  Іштен  келген  жас 
инженерлер өз мойнындағы міндерін білмей, жоғарыдан қараған жергілікті халықтардың 
қолына  кетпен  алып,  арық  тазалап,  бөгет  соғып  жүргендеріменен  қосылып  істеспеген. 
Енді бұдан бұлай жаңа жолға түспей жұмысы бітпейді. 
 
Босқа жұмсалып жүрген бейнет. Дүние орынды жерлерге жұмсалғанда ғана су сақтау, ескі 
арықтарды жөндеу ісі алға басуы мүмкін. 
 
Су мәселесін шешу тақырыпта 1915 жылда су жұмысында қызмет істеушілердің бір съезі 
болды.  Сол  съезде,  съез  мүшесі  Рябов  деген  бір  жолдастың  жердің  өнімін  көтеру,  һәм 
судың  аз  жұмсалуы  туралы  жер-жердің  баяндамасы  неге  тыңдалмайды  екен  деп  сауал 
берген.  Жолдас  Рябовтың  сауалына  мынадай  жауап  беріліпті:  «Ол  мәселе,  Закаспий 

74 
 
сияқты  суы  аз,  жолдан  келгендерге  үлкен  мәселе  көрінсе  де,  бұл  съезде  қаралмайды». 
Жаңада  съезде  шешілетін  үлкен  мәселелердің  ең  зоры  -  мақта  ісін  жөндіктірумен  екен. 
Егін егудің жолдарын  қарастыру, сөйтіп, Рябов жолдастың қозғаған әңгімесі, ең керекті, 
һәм  пайда  болса  да  ол  туралы  баяндама  тыңдалмай  қалғаны  былай  тұрып,  Рябовтың 
сауалы орынсыз сияқты болып көрінген. 
 
Су  істерінің  «жетіктері»  жұмыстарын  оңды  жолға  қоюды  қажет  деп  білсе  де,  жалғыз-ақ 
келімсектерді орнататын жерлерге су шығару жолдарын көздеген. 
 
Үлкен  шаруасы  бар  жерлермен  ғана  байланысы  болды  деп  су  жұмыстары  жетіктерін 
ептемекші  емеспіз.  Бірақ,  халық  арасында  таразылары  өте  төмен  болғаны  рас.  һәм  су 
жұмыстары  туралы  қолданып  жүрген  жолдары  профессор  Тулайков  айтқан  сияқты, 
жергілікті жұрттардың амал әдістерінен 30 жылдық кемдігі бар екені де шын еді. 
 
Су жұмыстарының жетіктері болсын, профессорлар болсын, су жұмысында қара халыққа 
ешбірі  де  жақтаса  алатын  емес.  Жаңа  да  Түркістанда  ең  оңбаған  істің  бірі  -  осы  су 
жұмыстарының жөндікпегендігі. 
 
8. Үлкен сулардың жетпестіктері 
 
1922  жылы  февраль  айында,  Мәскеуде  су  шығару  жұмыстарын  басқарушылармен  жерге 
орналастырушылардың  съезі  болды.  Бұл  съезде  Түркістанда  су  шығару  жұмыстары 
жайынан  С.К.  Кондрашев  бір  сұлу  баяндама  істеді.  Баяндаманың  нашарлығы 
сұлулығында еді. Өйткені Мәскеуде отырып, Түркістанда су шығару жұмысы тақырыпты 
таласу, һәм су жұмысының жетпестіктерін көрсетіп қана қоюдың қисыны жоқ. 
 
Жол  -  жөн  қарастыра  бергенше,  сансыз  шығарылып  жатқан  заңдар  тіршілікке  үйлеспей 
жатқанда  Түркістанға  келіп  су  шығару  жұмысын  алға  бастыру  қамына  кірісу,  жаңада 
судың арықтар бойында қалмайтын жолдарын қарастыру жөн емес пе еді? 
 
Кейін  бір  істеуі  келіспеген  жерлерді  егістерді  суғаруменен  жетіктерін  өте  жиі  суғарып 
егінді нашарлататын егетін егіннің түрі, судың мөлшеріне байласпайтын судың өте керек 
кезінде,  су  жинайтын  тағы  да  түрлі-түрлі  осылар  сияқты  оңбайтын  істер  біздің 
Түркістанда,  жүдә  көп  болады.  Сондықтан,  судың  басындағылар  суға  тұншығып 
жатқанда, аяғында егістіктерге су жетпейтін реттері де болады. 
 
Су  мәселесін  шешу  үшін  кең  жол  салыну  қажет  деген  с.к.  санда  жоқтың  пікірін  шын 
қуаттап, Жер-су комиссариятына біздің айтатынымыз мынау еді. Жылдың ішінде су заңы 
үш  шығарылып,  жүз  рет  түзетілгенмен  де  жергілікті  шарттарға  қарай  білімге  сүйенбесе, 
тіршілікке тіпті үйлеспейді. 
 
9. Су пайдалану туралы қолданып келген әдет-рәсімдер 
 
Су пайдалану түрлі Түркістанда жергілікті жұрттар ескі әдет-рәсімдерді қолданып келеді. 
Ол әдет-рәсімдер маңызы мынадай еді: 
 
1. Жер су қожасы Құдай, сондықтан, оны сатуда, сатып алуда болмайды. 
 
2.  Жер  сатып  алушының  қолына  сатып  алған,  жеріменен  бірге  бұрынғы  жер  иесінің 
пайдаланып жүрген сыбағалы суы да өтеді. 
 

75 
 
3.  Су  пайдаланушылар  барлық  істелетін  еңбек  болатын  қаражаттарды  пайдаланатын 
суына қарай ортадан шығарады. 
 
4. Су аздықтан егілген егіндерге жетпейтіндей болса, суды бөліп пайдаланады. Яки, тіпті 
аз болса, судың аяғынан жоғары қарай кезек ішеді. 
 
5. Тиісті сыбағалы судан артық яки ұрлап пайдаланушылар айыпты саналып жаза тартады. 
 
6. Су төңірегінде дау-жанжал болса, оны шешетін қадірлі ел ақсақалдары болады. 
 
7. Арық жағасына ағаш егу, арық егесінің меншікті құқығы саналады. 
 
8. Суды жөндеп басқару үшін су пайдаланушылар арасынан мұрап сайланады. 
 
9.  Мұраптың  алатын  белгілі  қызмет  ақысы  жоқ,  бірақ  істеген  қызметіне  қарай  һәр  дихан 
жәрдем етеді. 
 
10.  Бір  арықтың  суымен  бір-ақ  ауыл  яки,  қыстақ  пайдаланбай,  бірнеше  ауыл  яки 
қыстақтар  пайдаланатын  болса,  олар  өз  араларынан  сенімді,  ұяты  барлардан  мұрап 
сайлайды. Жаңада қызмет ақысын астықтай береді. 
 
11.  Арықтың  сағасы  дариядан  шығып  бөгет  болса,  сол  бөгетті  күзету  үшін  мұрап 
сайланады. 
 
12.  Суды  пайдалану  жолы  құлақ  болады.  Құлақ  деп  бір  диірменді  жүргізетін, 
айналдыратын судың жартысын айтады. 
 
13. һәр дихан өзінің пайдаланатын құлақ суына  қарай су қызметіне қатысады. Жаңада не 
түрлі су қызметі һәм керекті жұмысшылар болса да оны белгілейтін мұрап болады. 
 
14.  Су  жұмысы  тақырыпты  көршілес  диханға  жәрдем  ету  Құдайдың  бұйрық  ісі  деген 
жергілікті жұрттар арасында туыстық бар. 
 
Ашық  пайдасы  көрініп  тұрған  соң,  диірмендер  суды  қалай  пайдаланатыны  һәм  жарсы 
арықтар туралы біз жазғанымыз жоқ. 
 
Су  пайдалану  туралы  ескі  жол,  тәртіптер  талай  заманнан  бергі  тәжірибелерден  туып 
отырғаны  анық.  һәм,  көпшіліктің  су  пайдалану  хақындағы  тәртіптері  жерді  өз  қолына 
алғандардың суға ие болуын көздейтіні үшін. 
 
Сондықтан су жұмысына хүкіметтің араласуы өте керек істің бірі. 
 
Патшашыл  хүкіметінің  тұсында  су  заңы  хақында  жасалған  жобаның  түпкі  пікірі  - 
машинамен су шығарудағы көздеген мақсат. Жаңада су жұмысына капиталдың араласуы 
су пайдалану тақырыпты ескі тәртіптерді қалдыру еді. Келімсектерді, капитал қожаларын 
суға ие қылу еді. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет