«алаш мәдениеті» ҚОҒамдық Қоры



Pdf көрінісі
бет11/64
Дата15.08.2023
өлшемі1,01 Mb.
#105323
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   64
Байланысты:
aқyndar-zhinaғy-2019-1

АЙЖАН АЛХАБЕК
Аңдатпа: Өлең қазіргі жастардың қоғамдағы орны, ішкі се-
зімдері жайлы жазылған. Өлеңде жастарға арты-
лып отырған үлкен сенімнің олар үшін маңызы, 
ерекше рух беретін әсері айқын көрсетілген. Әр 
жалын жастың бойында қайнап жатқан қаны, кір-
шіксіз таза жаны мен асқақ армандары бар және 
олардың орындаларына үлкен сеніммен қарайды. 
Автор сол сенімге жастардың қаншалықты жауап-
кершілікпен қарайтынын жеткізгісі келеді.
Аннотация: Стихотворение описывает значение современной 
молодежи в обществе. Также указывает, что вели-
кая вера, которая существует в молодых людях
имеет для них жизненно-важное значение. У каж-
дого из них есть свои мечты и надежды, и огром-
ная вера в их осуществление. В этой связи, автор 
хочет донести каждому их ответственность перед 
своей верой в будущее. 
Abstract: 
The poem describes the meaning of modern youth in 
society. It also indicates that the great faith that exists 
in young people is vital to them. Each of them has 
their own dreams and hopes, and a great faith in their 
implementation. In this regard, the author wants to 
convey to everyone their responsibility to his faith in 
the future.
Сенім
Мен неге жиі асыға берем?
Сезімдерімді жасыра берем...
Алып-ұшқан ақ көңілімменен,
Баянсыздыққа бас ұра берем...
Қолымда барды досыма берем,
Достарым көп деп тасына берем.


26
27
Ақ бұлттар
Самал жел тербеп, үдере көшкен ақ бұлттар,
Мен туған ауыл, сары-ала шағыл көрдің бе?
Сарғайып әркез ботасын күтіп, ол тұрар,
Сағына айтқан сәлемін алып келдің бе?
«Желсіз түнде жарық ай» деп, бір ән салсам,
Қойнында аунаған сайларым еске оралар.
Әлдебір әсем табиғат көріп тамсансам,
Аядай ауыл елестеп, көзден жоғалар.
Жармасып алып өзіңмен ұшып барар ем,
Көзіме жақын, қол жетпес, бірақ, биіксің!
Туған жерімнің бауырына барып қонар ем,
Қиялдай берсем, арманы құрғыр биік тым.
Сарғайған сағым сағынышым боп қаларсың,
Түсіме еніп, жаныма демеу боларсың.
Еске алған шақта көзімнен аққан мөлдір мұң,
Ақ тамшы болып, туған жеріме тамарсың. 
Сенің көшіңе шекара шектеу бола алмас,
Биік таулар да, орман мен тоғай, көл тегі.
Сағыныш әннің куәсі болған самал жел,
Мен өскен әсем ауылға сені ертеді.
Жырымды менің ақ қойыныңа салып ал,
Бүгін, не, ертең... Әйтеуір бір күн жетерсің!
Туған ауылдың өзенін, сайын, көк тасын,
Ботасы жазған ән-жырдан хабарлы етерсің.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет