«алаш мәдениеті» ҚОҒамдық Қоры



Pdf көрінісі
бет12/64
Дата15.08.2023
өлшемі1,01 Mb.
#105323
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   64
АРАЙЛЫМ ЕРУБАЙ
Аңдатпа:
Біздей батыр әрі ақын халықтың ұрпағы да өр рух-
ты, өткір мінезді болуы тиіс. Себебі, тектілікті жал-
ғайтын – сол Жас ұрпақ. Биылғы жыл – Жастар 
жылы. Сондықтан мен бұл өлеңімді саналы ұрпақ-
қа үлкен ой тастамақ ниетпен жаздым. Халқымыз-
дың тағылымын бойымызға сіңіріп, өткеннен өнеге 
алып, болашаққа қарай қадам басу – ендігі біздің 
мақсатымыз!
Аннотация: 
Потомки батыров и акынов, также должны быть 
сильны духом. Так, молодежь является продол-
жение их пути. Этот год- Год молодежи. Поэтому 
посвящаю свое стихотворение светлой молоде-
жи в надежде пробудить в них силу духа предков. 
Прислушаться к истокам, перенять хорошее, стре-
мится к светлому будущему и есть наша цель.
Abstract:
The descendants of the batyrs and akyns should also 
be strong in spirit. So, youth is a continuation of their 
journey. This year is the Year of Youth. Therefore, 
I dedicate my poem to bright youth in the hope of 
awakening in them the strength of the spirit of their 
ancestors. To listen to the origins, adopt the good, 
striving for a brighter future is our goal.
* * *
Дүниенің маздататын жалынына,
Халқым – қайсар, тарих – тұнған танымына.
Тектіліктің тегеурінін балқытумен,
Ұрпағының құя алатын қалыбына.
Тайғақ ғұмыр өтті талай, ал бүгін,
Сабақтадық шежіренің әр жібін.
Жаңа тарих 91-де басталған,
Ғасырлардың артқа тастап бар жүгін.


28
29
Шыңын басып асулар мен асқардың,
Келді кезең елді алға бастар күн,
Ел ертеңі Елбасымыз айтқандай,
Қолында ғой тек білімді жастардың.
«Туған елді көркейту», деп, басты арман,
Осы сөзбен әр күніміз басталған.
Биылғы жыл – Жастар жылы, сол себеп,
Күтіледі үлкен үміт жастардан.
«Қой, жастар күн болды ойланарлық,
Білім, әдет, ақылды ойға аларлық».
Жалғатып Шәкәрімше жырымды осы,
Шабыт мені шаттандырып қойғаны анық.
Ал ендеше, жалындаған жастарым,
Ұмытпайық, өмір деген – қас қағым.
Әрбір ұрпақ қайта жазып шығатын,
Кел, жазалық, бұл дәуірдің дастанын.
От ұшқындап жайнап жүрер жанары,
Ең алдымен ұрпақ болғын саналы.
Барлығымен тату болып әр уақыт,
Еңбек етсең, бағың сонда жанады.
Содан кейін, бақытыңды үрлетпе,
Ұлтжанды бол, намысыңды кірлетпе.
Өзге тілдің барлығын да біліп ал,
Ал, бірақ та, өз тіліңді – құрметте!
Және тағы, білім – көпір өте біл,
Арманыңа мақсат қойып, жете біл.
Кітабыңды серік ет те жаныңа,
Отаныңа адал қызмет ете біл!
Бойыңдағы ашуыңды құрықта,
Иманыңды жүректегі суытпа.
Тарихыңды тамырынан таңбалап,
Қазағың мен Абайыңды ұмытпа.
Тәңір бізге ең жақсыны береді,
Арыстандай айбаттымыз себебі.
Елді ертең гүлдендірер әлі деп,
Мағжан ата біздерге әркез сенеді.
Сондықтан да бар асудан асайық,
Құр мақтанға есірмейік масайып.
Ел ертеңі жарқын болсын десек біз,
Болашаққа – бірге қадам басайық!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет