«алаш мәдениеті» ҚОҒамдық Қоры



Pdf көрінісі
бет17/64
Дата15.08.2023
өлшемі1,01 Mb.
#105323
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   64
ДӘУЛЕТ ЖАДЫРАСЫН
Аңдатпа:
Жастардың отансүйгіштік, патриоттық сезімін ояту, 
бірлікке, бауырмалдылыққа шақыру мақсатында 
жазылған. Осы өлең арқылы ұлтымыздың ұлы-
лығын, қанымыздың тектілігін дәріптедім. Қазақта 
жас шағында-ақ ғасырға татитын ерлік жасаған 
жастар аз болған жоқ. Бәрімізде «ұлттың абыро-
йын көтереміз» деген мақсат болуы керек. Осы 
тұста С. Торайғыров бабамыздың «Қараңғы қазақ 
көгіне өрмелеп шығып күн болам» деген сөзін пай-
далануды жөн көрдім.
Аннотация:
Предназначение его в пробуждении у молодежи 
чувства патриотизма, привитие любви к Родине, 
призвание к единству. Данным произведением 
выражаю дань величию и благородству народа. 
У казахского народа было немало представите-
лей молодежи, которые в столь раннем возрасте 
совершали подвиги годные векам. Призываю ст-
ремиться к общей цели – поднятью духа народа. 
В этой связи сочту за честь завершить словами 
нашего предка С.Торайгырова «Буду светом оза-
ривший сознания».
Abstract:
Its purpose is to awaken a sense of patriotism among 
young people, instill a love of the motherland, a 
vocation for unity. This work expresses tribute to the 
greatness and nobility of the people. The Kazakh 
people had many representatives of youth who, at 
such an early age, performed feats worthwhile for 
centuries. I urge you to strive for a common goal - to 
raise the spirit of the people. In this regard, I consider 
it an honor to conclude with the words of our ancestor 
S. Toraigyrov «I will be the light that illuminates 
consciousness».


38
39
Отан иесі – Жас Ұрпақ
Еркіндік – елге Құдайдан келген асыл тақ,
Жанданып, жар сал жаһанға мынау, жас ұрпақ.
Егемен елдің тізгіні енді қос қолда,
Тәуелсіздігім қалмасын елді тосырқап.
Бабалар – батыр, балалық шағы өтпестен,
Отанның оты сөнбесін деумен от кешкен.
Аталы сөзді жасқанбай айтқан, аузында,
Аталар аз ба, ананың сүті кеппестен.
Татитын ерлік жасаған жас көп ғасырға,
Қазақтың сол бір тектілігі де осында.
Бергісін айтсам, ажалы келген Алаш деп,
Арғысын айтсам, баһадүр болған жасында.
Бабаның бізде басылмас оңай мысы бар,
Кернеген бойды Күлтегіндердің күші бар.
Ей, Жас Қазақ, жаның шыққанша кеудеңнен,
Байрақты қолға қысып ал!
Астасқан Көкпен, Таудан да біздер асқармыз,
«Қараңғы қазақ көгіне, күн болып сәуле шашқанбыз!».
Қабаған иттер қарайтып кеткен қанымды,
Абадан рухты Жастармыз!
Құдайға шүкір, Егемен елмін еркім бар,
Тәуелсіздікке тізерлеп берген сертім бар.
Қазақтың өзге жанашыры жоқ жаһанда,
Құдайдан ғана серпін бар, Құдайдан ғана серпін бар!
Көсіліп қазақ, ғаламнан кеңдік іздерміз,
Қасқыр халықпыз мекен іздеген түзден біз.
Отау иесі он үште болған бабамыз,
Отан иесі – Біздерміз!
Ақтарылу
Ана сенің балаң ойлы,
Ойсыздықты сүйетін.
Көңілі әппақ баладай-ды,
Қазір іші күйе кіл.
Алдырмайды теріске бой,
Қырсыққанда оң – шалғай.
Сенің ұлың періште ғой,
Перілігі дәл сондай.
Сендік ұлдың түйсігі бар,
Сүйсініп ал, анашым!
Жолы – түзу «қисығы» бар,
Жарасым, ә, қарашы?!
Сұрықсыздау түрім бүгін,
Сүйсінетін ұлың ем.
Жан-жүрегім жұлым-жұлым,
Пәк қалпымда туып ең.
Сері сынды сахнада,
Жерге түссе ел жерінген.
Сенің ұлың ақын, ана,
Адам болып көрінген.
Сәл құрметке ие бүгін,
Жыры болған соң ба, Ана?
Сені шексіз сүйеді ұлың,
Өзгермеген сол ғана...


40
41


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет