«алаш мәдениеті» ҚОҒамдық Қоры



Pdf көрінісі
бет18/64
Дата15.08.2023
өлшемі1,01 Mb.
#105323
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   64
АЙГЕРІМ ЖАЙЛИЕВА
Аңдатпа:
Ақыл-ой, арманды ұштастырып талаптың тұлпа-
рына қамшы басқан жастың алар мақсаты айқын 
болмақ. Өмір майданында күресе білсең, ілім із-
десең бақытқа жетіп, ел алдында биікке шығарың 
анық!
Аннотация:
Светлый ум и ясная мечта, верные спутники мо-
лодых на пути к цели. Одолев трудности жизни и 
познав знания, достигнешь высот!
Abstract:
A bright mind and a clear dream, faithful companions 
of the young on the way to the goal. Having overcome 
the difficulties of life and knowing knowledge, you will 
reach heights!
* **
Лаулаған жалын, алаулап әр кез жанатын
Жалынның шоғы, жүректен орын алатын 
Ғұмырда мынау, айналып келмес адамға 
Жұлдызды шағың, жадыңда мәңгі қалатын. 
Жастық өмірді алмайсың сұрап ешкімнен, 
Қуаныш сыйлар, сәулесі күннің кешкірген. 
Байқамай жүрсің, дауысың жарқын «әу» десең,
Жаңғырық болып, Алатау асып естілген! 
Барлығы мүмкін, кіріссең болды қамданып
Санаңа көркем, адалдық атты шам жағып.
Халқыңмен – қыран, тастүлек болып қалықта,
Япыр-ау, десін күллі әлем көріп, таң қалып! 
Жастықтың жылы, берері ұшан елге мың,
Елеусіз қалмас, ерінбей еткен еңбегің.
Адамдық арың, абыройыңа айналсын,
Күніне түспей, қадірі құнсыз теңгенің! 
Біліммен білік, ұштасқан уақыт талабы, 
Мақсаты айқын, өреннің биік алары.
Нөсерлі көкті жасындай тіліп жарқыра,
Жолбарыс жүрек, жастықтың жалын жанары! 
Жалын жүрек!
Өмір – саған өкпем жоқ… сынасаңда,
Жар басынан ылдиға құласамда.
Тартысына тағдырдың төтеп берем,
Жаным налып, жүрегім жыласаңда.
Үмітім бар… үзілмес ертеңімнен,
Төбелессем, түк қалмас тентегіңнен.
Көкіректің көзі ояу, сыры терең.
Ессіздікке елітпес, еркемін мен!
Сөзім мерген... атпаймын құралайды. 
Жаным нәзік, жауыздық сұрамайды.
Сүйгеніммен тірліктің татулығын,
Екі жүзді адамдар ұнамайды!
Түңілмеңдер, Алла хақ күлімдеңдер!
Тұзағына пенденің ілінбеңдер!
Жүрегіңнің жанына үңілмейді, 
Жанарыңның жасына үңілгендер!


42
43


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет