98
99
Бурабай
Зәмзәмдайын
сарқыраған бұлағы,
Абылайдың ақ ордасы, тұрағы.
Өлеңіне
арқау болған Сәкеннің,
Бурабайым – жер бетінің жұмағы.
Бір қарашы өркеш-өркеш тауларға,
Жеке батыр ұйқысына таңданба!
Тіл
жетпейтін Оқжетпесті суреттеп,
Жұмбақтастың сырын ашқан жан бар ма?
Айнакөлдің мөлдіріне құмар ем,
Өң бойына тарамай ма бұдан ем.
Сексенкөлге
зер салсаңыз тұңғиық,
Маржан толы асты оның бір әлем.
Мен шығайын мынау ғажап белеске,
Сақталады осы жұмақ жер есте.
Талай
адам таңдай қаққан Бурабай,
Жаратқанның шеберлігі емес пе?!
БИБАРЫС-СҰЛТАН ӨМІРБАЙ
Аңдатпа:
«2019 жыл – жастар жылы» деп жарияланғандығы
туралы хабар әр жастың жүрегіне жігер сыйлады,
мемлекет тарапынан жасалған үлкен қолдауды
сезіндік. Оған қоса жастарға елдің ертеңіне жауап-
кершілік пен зор сенім артылғанын түсіндік. Осы
орайда «Мен кіммін? Туған халқыма қайтсем пай-
далы боламын? Менің қолымнан не келеді?» де-
ген сауалдар ойға оралды. Ішкі толғанысым, өзім-
мен өзім жүргізген диалог өлең болып өрілді.
Достарыңызбен бөлісу: