НҰРДАУЛЕТ ӨМІРБЕКОВ Аңдатпа: Ұшса құс қанаты талатын осынау ұланғайыр ұлы
даламның, жасампаз елімнің тағдыры жасындай
жарқылдаған жастардың қолында деп білемін. Сон-
дықтан да, кешегі шоққа түскен шырпыдай шыр-
пыр болып бостандық деп боздаған боздақтары-
мыздың, асыл текті бабаларымыздың қалдырған
аманатына қиянат жасамай, қияға қанат қағу үшін,
бүгінгі жастарымыздың рухын көтеріп, жігерін жану
үшін осы тақырыпта қалам тербеуге бел будым.
Ерназардың кенже баласы Ер Төстігін бір төбе
көргеніндей, елдің де назары осы жас ұрпағына
ерекше ауып, үлкен үміт күтетінін, сенімі тастай
берік екендігін жеткізгім келді. Еліміздің жұлдызы
жарқырап, айы оңынан туу үшін, елім деп емірене
туған ерлер қажет деп өлеңімді түйіндедім.
Аннотация: Судьба и будущее бескрайней великой степи,
созидательного народа в руках пылающей моло-
дежи. В этой связи решился написать несколько
строк на эту тему, чтобы поднять дух современной
молодежи, придать им силу для развития, дабы
отдать дань уважения наследию предкам, кото-
рые в пот и кровь боролись за независимость. Как
и особое трепетное отношение героя эпоса – Ер-
назара к своему младшему сыну Ер Тостику, так и
внимание и доверие народа обращено молодежи.
Дабы ярче сияла звезда народа и светлым, был
его путь, надо сыном своего народа родиться.
Abstract: The fate and future of the boundless great steppe, a
creative people in the hands of flaming youth. In this
regard, I decided to write a few lines on this topic in
order to raise the spirit of modern youth, to give them
strength for development, in order to pay tribute to
the heritage of their ancestors, who fought for indep-
endence with sweat and blood. As well as the special
reverent attitude of the hero of the epos - Yernazar to
his youngest son Yer Tostik, so the attention and trust
of the people is drawn to youth. In order for the star
of the people to shine brighter and brighter, their path
should be, we must be born the son of our people.
* * * Жастардың жылы – жас дәурен,
Жастардың жыры – астасып жатыр асқармен.
Күн болып күлсе қайғының бұлты қашты әрмен.
Шежіре тұнған көненің көзі кең далам,
Келмеске кеткен Кеңестен қалған кер заман,
Жасанып жатыр, жасарып жатыр жастармен!
Жалған да, жалған бес күнің,
Жаңарып жатқан, ескіден қалған естімін.
Жасықтың емес, жасынның үнін естідім.
Ел назарында жастарым жатыр бұрқырап,
Ерназарыңдай үлкендерінен іркіп ап,
Бір төбе көрген Төстігін.
Ереуіл атқа ер салып,
Есіл ерлерім аттанды өмірден енші алып.
Тарланбоздардың тұяғын бас та кел шауып.
Том-том тарихтың тоздырып алмай терісін,
Торығу керек, зорығу керек ел үшін,
Томағамыздан тер сауып.
Жұртыммен ғана жолдаспын,
Бодандық көріп боранда көзді зорға аштым.
Ордамды ұмытып олжамды ойласам оңбаспын.
Құлқынның емес ұлтымның жайын нұсқасам,
Екі тізгін мен бір шылбыр қатар ұстасам,
Екінің бірі болмаспын!
Алтыннан қымбат ар құны!
Намыс, жігерсіз қу басың қайда қаңғыды?
Жасқаншақтық бұл – кең дүниеміздің тарлығы.
Мойымай жүріп мойындататын соңында,
Жалындап жанған жастардың ғана қолында,
Жасампаз елдің тағдыры!
104
105
Салдарым еді қайқы арлан,
Саңлағым еді, сардарым еді тайпа алған.
Халқы үшін туған, марғасқа, бәрі майталман.
Басын кессе де бас имей кетіп, кезінде,
Найзағайыңның өзін де,
Найзасымен-ақ қайтарған!
Асылдың едік сынығы,
Күмбір де күмбір күреңмен өткен ғұмыры.
Дүниені шарпып дүлділдерінің дүбірі,
Маңдайға біткен бағыңдай болып бес елі,
Келешегіңнің кермесін үзсін кешегі,
Құлагерлердің құлыны.
Дүние шіркін дөңгелек,
Ұрпағы болсаң, ұлылар төккен терге бөк,
Қаратпай қалқам, кең байтақ мынау жерге бет,
Байрақты төмен түсірме.
Елімнің айы оңынан туу үшін де,
Ел үшін туған ер керек.