«алаш мәдениеті» ҚОҒамдық Қоры



Pdf көрінісі
бет63/64
Дата15.08.2023
өлшемі1,01 Mb.
#105323
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
АРМАН ШЕРИЗАТОВ
Аңдатпа:
«Болар бала жасынан» – дейді дана халқымыз. Қа-
зақ ежелден ұрпақ тәрбиесіне, оның болашығына 
үлкен жауапкершілікпен қараған. Болмысына сай 
ер баланың батыл, қыз баланың ибалы, нәзік бо-
лып өсуін қадағалаған. Мен өлеңімде ұлтымыздың 
осы бір қасиетін, дәстүрін жырладым. Махамбет-
тей батыр, Абайдай кемеңгер болуға талпынған 
жастар еліміздің ертеңі болмақ.
Аннотация:
Как гласит народная мудрость «Честь смолоду». 
Казахский народ издревле берет на себя боль-
шую ответственность за воспитание молодого 
поколения и его будущее. Сыновей воспитывали 
быть храбрыми, а дочерей почтительными. Своим 
стихом выражаю восхищение именно этой черте 
характера нашего народа. Только молодежь, ст-
ремящая быть батыром как Махамбет, великим 
мудрецом как Абай, вселяет надежду на светлое 
будущее. 
Abstract:
As the popular wisdom “Honor from the youth” 
says. Since ancient times, the Kazakh people have 
taken on great responsibility for the education of the 
young generation and its future. Sons were raised to 
be brave, and daughters respectful. By my verse I 
express admiration for precisely this line of character 
of our people. Only young people who aspire to be a 
batyr like Makhambet, a great sage like Abay, inspire 
hope for a bright future.

* * *
Он үшінде отау тіккен халықтың,
Қасиетіне бала күннен қанықпын.
Он бесінде бас болады ұлтының,
Уызына өсер болса жарып кім!


166
167
Үйреткен соң бала күннен тай мініп,
Біздің жүрек көрген емес шайлығып.
Күрес керек тірлікте де дәл сондай,
Тізгініңнен қалмас үшін айырылып.
Алаш жаққан кеудемде ұлы сөнбес күн,
Қарсы тұрып қайғымен де белдестім.
Мағжан сенген өр жастары тұрғанда,
Қазақ елін жеңе алмайды енді ешкім.
Дәстүріммен бұзылмаған салтым бар,
Сол дәстүрден келеді алып халқым нәр.
Қарсы келген қас дұшпанға ал жүзім,
Махамбеттің қылышындай жарқылдар.
Келбетіме әлем мойын бұрғанда,
Дана Абай боп асқақтайды тұлғам да.
Жаса Қазақ, жаңылма енді жолыңнан,
Жастар жылы ту көтеріп тұрғанда,
Он үшінде отау тіккен халықтың.
Он үшінде отау тіккен халықтың,
Қасиетіне бала күннен қанықпын.
Он бесінде бас болады ұлтының,
Уызына өсер болса жарып кім!
Үйреткен соң бала күннен тай мініп,
Біздің жүрек көрген емес шайлығып.
Күрес керек тірлікте де дәл сондай,
Тізгініңнен қалмас үшін айырылып.
Алаш жаққан кеудемде ұлы сөнбес күн,
Қарсы тұрып қайғымен де белдестім.
Мағжан сенген өр жастары тұрғанда,
Қазақ елін жеңе алмайды енді ешкім.
Дәстүріммен бұзылмаған салтым бар,
Сол дәстүрден келеді алып халқым нәр.
Қарсы келген қас дұшпанға ал жүзім,
Махамбеттің қылышындай жарқылдар.
Келбетіме әлем мойын бұрғанда,
Дана Абай боп асқақтайды тұлғам да.
Жаса Қазақ, жаңылма енді жолыңнан,
Жастар жылы ту көтеріп тұрғанда!

Жүрек
Шынның жүзін көрсететін Құдайға,
Жүрек деген – кеудеңдегі ұлы айна!
Пенделіктің сыпырады ол пердесін,
Күнің үшін тапсаң да ойлап мың айла...
Қалтқысыз ол көрсетеді барлығын,
Алдында айдай жүзі жарық арлының.
Абайсызда алсаң сызат түсіріп,
Тас түнекке айналады тағдырың.
Кеудеңдегі шын құдірет болғасын,
Оны қайтып жуа алмайды көз жасың.
Өкінерің, өртенерің белгілі,
Көкірегің шемен шерге толғасын. 
«Жоқ, жүректен аяулысы тірінің»,
Құдай ғана ашады оның құлыбын.
Бір жүректің құпиясын тануға,
Кейде бүкіл жетпейді екен ғұмырың.


168
169


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет