АҚГҮЛ ТҰРСЫНБАЙ Аңдатпа: Қоғамның қозғаушысы, заманның қожасы мен тұт-
қасы болар жастарға мемлекетіміз ерекше назар
аударып, 2019 жылды «Жастар жылы» деп жария-
лағаны көңілге қуаныш ұялатып, шабыт сыйлады.
«Жастық жыры» атты бұл шығармамда білімді, ер-
жүрек, көзі ашық, көкірегі ояу, тарихын құрметтеп,
болашаққа үмітпен қараған Мәңгілік Елдің бақыт-
ты ұрпағының көкірегіндегі ізгі ойын көркем сөзбен
кестеленген.
Аннотация: Тот факт, что наше государство уделяет особое
внимание молодежи, которая является движущей
силой общества, представителем времени и объ-
явило 2019 год «Годом молодежи» вдохновляет и
вселяет добро. Стихотворение «Жастар жылы»
– повествует сокровенные идеи счастливого по-
коления вечного народа, обладающего знаниями,
смелостью, открытостью, терпением и уважением
к будущему.
Abstract: The fact that our state pays special attention to youth,
which is the driving force of society, a representative
of the time, and declared 2019 the Year of Youth,
inspires and inspires goodness. The poem «Zhastar
zhyly» - narrates the innermost ideas of a happy gene-
ration of an eternal people with knowledge, courage,
openness, patience and respect for the future.
Жастар жылы Мен – тәуелсіз, егеменді ел ұланы,
Қожасымын, тұтқасымын заманның.
Ақ гүлімін байтақ ұлы даламның,
Ізі қалған батыр ата-бабамның.
Қасиетті топырағынан жаралдым.
Мен – аспанның қалықтаған қыраны,
Айбынды Алаш елім дер,
Алтын арқа жерім дер,
Жарық күнде сәуле қуған балаңмын.
Махаббат пен мейірімнің тұрағы –
Жұдырықтай жүрегіме еніңдер,
Жас жүрекке үкілі үміт беріңдер.
«Қазақ» атын әйгілейтін аспанға,
Мағжан сеніп қолдау берген жастарға,
Барлығың да сеніңдер!
Мен – жастықпын, жалын болып лаулаған,
Лапылдаған алаумын.
Азат ел деп танитұғын бар ғалам,
Көк аспанда желбіреген жалаумын.
Күңіреніп кең даланы шарлаған,
Әз Қорқыттың қобызының үнімін.
Алаш үшін бар ғұмырын арнаған,
Арыстардың жырымын.
Игілік пен құндылықтың кеніші,
Сан ғасырлық ақыл-ойдың жемісі,
Тіршіліктің мазмұны һәм шырағы,
Тағылым мен парасаттың теңізі:
Мен – біліммін.
Даналық пен көркем ойдың бұлағы,
Әлдекімнің айдауына ермеген,
Бодандықтың тұрлауына көнбеген,
Ақиқатты айтамын деп терлеген
Толғауы тоқсан тілімнің
Тағдырына шырылдаған құлынмын.
Мен – жеңіспін.
Сақ тайпасын билеген,
Жауға қылыш сермеген
Томиристің өрлігі бар қанымда.
Дұшпанына ақ найзасын түйреген,
Арамдық пен қорқаулықты сүймеген,
Сатқындарды жер сүйгізіп сүйреген
Батырлардың рухы бар жанымда.
156
157
Отан үшін құрбан еткен жас жанын,
Қайсарларым – аласармас асқарым,
Дәл осындай болу керек «Ер» деген!
Бабалардың арқасы – ашық аспаным,
Көкіректі шаттық әні кернеген.
Көкжиектен күліп атар таңым да,
Отан – басты байлығым да, барым да!
Керегі жоқ өз елімнен басқаның,
Кең даламның сүйем көл, тау, тастарын,
Ең бақытты адаммын ғой мен деген!