«алаш мәдениеті» ҚОҒамдық Қоры



Pdf көрінісі
бет58/64
Дата15.08.2023
өлшемі1,01 Mb.
#105323
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   64
Бақыт деген не? 
Бақыт деген не десең?, айтайынба, ағайын, 
Кей ананың, әкенің түсінемін мән-жайын
Бақыт деген періште титтей ғана баламыз, 
Ал ендеше кейбірің құлақ салып қараңыз. 
Бәрімізде пендеміз кішіпейіл адамбыз, 
Көз алдында баланың қырғи-қабақ болмаңыз. 
Арақ түгел сыраны, ауызғада алмаңыз, 
Уақытыңды көп бөліп балаңызға қараңыз. 
Тәрбиесі баланың ата-анаға үлкен сын, 
Кір-қожалақ, лас болса анасына үлкен мін, 
Дұрыс бағыт бермесе әкеніңде, міні бұл, 
Балаңызға үлгілі тәрбиені ұғындыр. 
Кей аналар ботасын жұлып алып тастайды, 
Өз ісіне өкініп, тіпті ойланып саспайды
Тірі кезде бақытты ұғынбаған аналар, 
Миы кіріп түбінде өзін-өзі қаралар. 
Кей әкелер жас қыздың абыройын ластайды, 
Өз әйелін ұмытып, қолын бұлғап тастайды. 
Шырылдаған ұл-қызын қия салып кеткенмен
Амалынан Алланың еш жауапсыз қашпайды! 


150
151
БАЙҚУАТ ТӨКЕНОВ
Аңдатпа:
Бұл жыр жалпы қазақ жастарын ояту мақсатында 
аянбай еңбек етіп, қазақ халқы үшін қызмет еткен 
Мағжан атамызға арналған. Екінші тұрғыдан алып 
қарасақ бүгінгі жастардың аяқ алысы жайында, 
оларды патриотизм мен ұлттық рухқа шақыру мақ-
сатында тербелген шабыт болатын.
Аннотация:
Это стихотворение посвящено великому Магжа-
ну, который безустанно боролся за судьбу наро-
да. Во-вторых, о реалиях сегодняшней молодежи 
и стремлении привить им чувства патриотизма и 
духа.
Abstract:
This poem is dedicated to the great Magzhan, who 
tirelessly fought for the fate of the people. Secondly, 
about the realities of today’s youth and the desire to 
instill in them a sense of patriotism and spirit.

Сенім
Тарпаң жырды тұсаулаған ұл едім,..
От жалынды жырыңды оқып түледім.
Серттен берік сеніміңе сай келіп,
Сеніміңді ақтау болды тілегім.
Менің асқақ көкірегіме нұр тұнып,
Қаққым келді қанатымды ұмтылып.
Өсиетіңді өміріне тұмар ғып,
Ұяда тұр бала қыран бұлқынып.
Тылсым әлем бесігімді тербетіп,
Көңіліме ой құйылады селдетіп.
Өзегімді өлең өртеп, жан баба,
Бара жатыр шөлдетіп.
Далаң жатыр, талантыңа табынып,
Көл көзінде мөлдір моншақ тағынып.
Ерте айырылып от жүректі ұлынан,
Тауларың тұр қамығып.
Асыл бабам, мен де өзіңді аңсадым,
Сенің сөзің – бойтұмары баршаның.
Жаныңызда кеткен қымбат сөз қанша?
Қанша мұң?!.
Жастарыңа үлкен сенім арнадың,
Сеніміңді ақтадық па, заңғарым?!
Кім ойлаған соншалықты ауыр деп,
Сенім деген бес әріптің салмағын.

* * *
Күз. Қыс. Көктем.
Жазда келер жадырап,
Жайқалады жасылданып, жапырақ.
Жалғыздықтан жапа шекті жанымыз,
Бақыттымыз азырақ.
Қыс. Көктем. Жаз.
Күзде келер мұңайып,
Екеумізге тағылады бір айып.
Жапырақтың құлағанын қызықтап,
Қош айтысып тұрайық.
Көктем. Жаз. Күз.
Қыста келер ағарып, 
От жүрегіңде бір сызаттың бары анық,
Айна алдында тосып мені жаным-ай,
Отырмассың таранып.
Жаз. Күз. Қыс.
Көктем келер күлімдеп,
Маған тағы табылады бір үндес.
Жапырақпен жерге түскен сезімдер,
Өле ме екен дірілдеп?..


152
153


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет