Үстіміздегі төњкеріс — адамзаттың тарихында теңі жоқ төңкеріс. Адамзат тарихының ең соңғы албастысы — отаршылдықты, капитализмді жойып, тарихты жаңа арнамен ағызуға бет алған төңкеріс. Еуропаның отары болған жалпы Шығыс елінің еңбекшілері, шығыстың бір ұшқыны болған, әсіресе, толқынның ішінде отырған еңбекші ќазақ елі мынау теңсіз төңкерісті “досым” деп ұқпай, “қасым” деп ұғуы тіпті мүмкін емес.
Отаршылдық — Еуропа пролетариатының жауы болса, отар болған елдердің де жауы. Төңкерістің тамыры Еуропа тарихында терең жатқан болса да, Еуропа тарихы тудырған төңкеріс - затында жат болса да, төңкерістің мақсұты бір — Еуропаны ғана астан-кестен қылу емес, жалпы адамзатты бақытқа жеткізу болғандықтан, жер жүзінің езілген елі, тарыққан табы мынау төңкерісті менікі емес деуі мүмкін емес. Шығыстың отар болған елдері, соның бір ұшығы болған кедей қазақ — отаршылдықты, капитализмді жою жолында төңкерісшіл пролетариаттың шын жолдасы. Басқаша болуға мүмкін емес. Әдебиетіміздің де төңкерісті — біздің төңкерісіміз деуден басқаша жырлауы мүмкін емес.
Бірақ бағыт та, негіз де, мінез де, бірлік те бір деп ұғу қата. Зор төңкеріске пролетариат - зеңбірек, пулемет, машина, қайыс камзолымен кірсе, қазақ - қамшы, сойыл, балпаң етік, малма тұмағымен жолдан қосылып отыр. Еуропаның музика, оркестрі бар. Елу, алпыс музика құралдарынан кұралған оркестр бір ойнағанда, бір ғана күйді ойнамақ. Бұл оркестрдің сұлулығы — барлық музыка құралы бірдей, бәрі бір дауыспен барылдауында, яки шиқылдауында емес, жеке музика құралының өз орнында, өз мінезіне лайық үн шығаруында. Төңкеріс әдебиеті дегенде де осыны ескеру керек. Төңкеріс әдебиетінің тура төңкерістің өзінен туатын, яғни пролетариат төңкерісінің өзінен туатын пролетариаттың өз әдебиеті болмақ. Б±л - төњкеріс әдебиетінің бірінші түрі. Яки, төңкеріске қазақ сықылды жолдан қосылған елдің, яки таптың төңкеріс әдебиеті болмақ (Л. Троцкий. Литература и революция. Стр. 169-170). Бұл —екінші түрі. Мұндай түр пролетариат төңкерісінің өзінен тумай, алыстан, рухынан, еңбегінен тумақ. Біздің әдебиетімізде әзір бірінші түр бола алмақ емес. Екінші түр болуға тиісті әм болмақ. Біздің әдебиетіміз әзіргі дәуірінде: пролетариаттың төңкерісі - біз сықылды езілген елдіњ төңкерісі болды - деген пікірді нысана қылып қоя алса, осы төңкерістің екпінінен қазақќа, біз сықылды құл болған елге өмір үміті кіргенін жырлай білсе, (сонда ѓана) төңкерісшіл әдебиет болғаны.
Марксшіл зор ғалым, ақын Луначарский жазады: "Жаңа ұлт, жања тап бұрынғының бітірген жерінен бастап кетпейді... Жаңа тап, яки жаңа халық бұрын өздерін билегендерге қас болып, олардын мәдениетін жек көретін болып өсіп өркендейді",- дейді (Луначарский. Основа позитивной эстетики.М. 1923, стр.128). Сондықтан осы мінез, осы құлыќ, үстен қарап айтқан осы қияңқылық, осы қандылық қазақ әдебиетінде де болуға мүмкін. Болғанда, өзінше - қазақша, Азияша болуға мүмкін. Тағы бір ойланатын нәрсе - осы.
Дұрыс, зор төңкеріс құр қирату үшін емес, жер үстіне жаңа тұрмыс орнату үшін екені рас. Біздің де көксегеніміз - сонау қиырда көгерген жаңа дүние екені рас. Әдебиетіміздің де құр қиратуды, құр төңкерісті ғана бағыт қылатыны рас. Біраќ пролетариатпен қол ұстасып, жаңа дүниеге бет алған жолымызда өзіміздің шоқтығымыз, қазақ иісіміз шықпауға мүмкін емес. Ойымызда, қиялымызда, әдебиетімізде Азия иісі аңқымауы мүмкін емес. Бағыттың бір екені даусыз болғанымен, пролетариаттың өз тарихының, машинасының қайыс камзолының иісі шықпауға, қазақтың мыңжылдық тарихының, елтірі тұмағының иісі шықпауға мүмкін емес. Адамзаттың артындағы, тарихтың таңындағы ортақшылдық - таңбасында бір ұят, бір сезімді санасы жоқ хайуанның ортақшылығы. Алдымыздағы ортақшылдық — түрлі пікірді, түрлі сезімді санамен тізгіндеп отыратын, тұрмысын солай құра білген шын адамның ортақшылдығы. Пролетариатпен қол ұстасып, осы ортақшылдыққа, адамзат тарихы әм мәдениетінің құйылысқан мањдайына бет алғанымызда: осы жолда қазақ ақыны кедей қазақтын күңгірт тұрмысын, пролетариатпен ортақ мақсұтын жырлаумен бірге, кедей қазақтың өзінің ойын, өзінің сезімін, өзінің қиялын, өзінің ұғымын жырлауға ұмтылуға міндетті. Болмаса, қазақ әдебиеті деген әдебиет тумақ емес. Бағытта емес, рухта басқалық болмай, құр сыртында, мысалы, сөзде ғана басқалық болса, әдебиет шеттен аударылған аударма, тәржіме ғана болып қалмақ. Негізде(гі) бірлікті – мінезде(гі) бірлік деп ұғу — адасқандық.
Әдебиетіміз бен төңкеріс арасы туралы сөз осы. Әдебиет мәселесі мұнымен бітпейді. Енді оның басқа жағын шолалық.
Достарыңызбен бөлісу: |