1. Лексика саласында. Қазақ тілінде баламасы бар сөздердің орнына араб-парсы, шагатай, яғни көне түркі, оғүз, қарлүқ сөздерін қолдану: нәма (хат), қүртқа (кемпір), біту (жазу), нәмабіту (хат жазу), рауан болу (жүріп кету), тармар қылу (талқандау), аглам қылу (хабарлау), хуб (жақсы), биһуш (есінен айрылу), баднама (жаман атты), лафз (сөз), тугры йол (тура жол), шул (сол), яқ-яққа (жан-жаққа), ат ашайтын құрақ (жылқы жейтін), алтмыш (алпыс), үгүл (үл бала). Түзүк, тірік, үлуг, мүндаг, шундаг, кішідек (кісідей) сияқты сөздер де XIX г. қазақ тіліне тән емес: ерді (еді), олтурды (отырды), ашығланды (ашуланды), туғды (туды) деген сөз түлғалары де қазақша емес. Бүл белгі әсіресе діни мазмүндағы қиссаларда көбірек көрінеді.
2. Грамматика саласында. Қазақ тілі морфологиясына тән емес, көне-жаңа "түркілік" тұлғалар мен тәсілдерді қолдану: а) есімдіктердің септелу парадигмасы шағатайша: аның (оның), аны (оны), менім, бенім (менің), менге (маған), сенге (саған), екісі (екеуі), башыдан аяққаче (бастан-аяқ); ә) етістік тұлғаларында: өткен шақ есімшенің -ган жүрнақты формасының орнына оғүздық -мыш аффиксті варианты келеді: бармыш (барған), көрінміш (көрінген); бүйрық рай: -гыл/-қыл (барғыл, айтқыл), -ың/-ің (барың, алың) жүрнақтарымен де көрінеді; ауыспалы осы шақ -ғай/-гей жүрнағымен беріледі (көргейлер - көреді); етістіктің жіктелу парадигмасында қазақша емес түлғалар кездеседі: III жақ көпше түрде –лар қосымшасын жалғап айту жүйелі түрде қолданылады (йатурлар, еділер), - дүр форманты жиі кездеседі, ол екі түрлі қызмет атқарады: бірі - қазақша - ды қосымшасының орнында түрады (барадүр, айтадүр), екіншісі - есім баяндауышқа жалғанатын предикаттық формант рөлінде келеді (қазақша еді, -ды -ді -лердің эквиваленті: барадүр (бар еді, бар-ды), түшкен-дүр (түскен еді, түскен-ді); б) мен, менен жалғау- шылауы формантының орнына бірлән/бірлә/білә/илә/илән тұлғалары жиі қолданылады; керексе, йоғса түлғалары да орын алады.