Алдабергенов Әлібек



бет1/3
Дата26.12.2023
өлшемі19,34 Kb.
#143659
  1   2   3

СӨЖ 7

90 жылдардағы әдеби тіл дамуындағы жаңа үрдіс тақырыбында тиісті


материалдарға жазбаша талдау жасау

Орындаған : Алдабергенов Әлібек


XIX ғасырдың II жартысында қазақтың үлттық жазба әдеби тілі функционалдық стильдерге тарамдала бастады. Басыңқы (доминант) стиль бүрынғысынша көркем әдебиет стилі болды. Сонымен қатар өзге стильдер туып, әрі қарай даму бағытын алды. Солардың бірі - қоғамдық-публицистикалық стиль. Оның пайда болуы ең алдымен мерзімді баспасөздің тууына байланысты. "Түркістан уалаятының газеті" (1870-1883), "Дала уалаятының газеті" (1888-1902), "Торғай газеті", "Ауыл шаруашылық листогі" дегендер патша үкіметінің жергілікті әкімшіліктерінің органдары болғанмен, бүларда халықтың түрмыс-жайы, оқу-ағарту мәселелері, қазақтың үлттық мәдениеті, тарихы, әдебиеті мен тілі т.б. туралы публицистикалық сипаттағы материалдар басылып түрды.


Екіншіден, "әр заманда бағасы жойылмайтын бір үлкен қымбат қазына" (М.Әуезов) болып танылып отырған Абайдың "Қара сөздерінің" бірқатары публицистикаға, енді бір тобы жартылай ғылыми стильдердің үлгісіне жатады. Мысалы, 3, 8, 22, 39, 41, 42-сөз деп аталған шығармаларында жазушы көпшілік оқушыға арнаған ойларын публицистикалық стильде үсынады. 46-сөзі - тарихи очерк іспетті қысқа зерттеу жұмысы. Ал 5, 29- сөздері филологиялық, этнографиялық тақырыптардағы шағын ғылыми мақалалар деуге болады, 17-сөзі психологиялық этюд, бүл да "композициясы, мазмүны және баяндау мәнері жағынан нағыз әдеби-публицистикалық шығарма ". Абай "Қара сөздерінің" ішінде "Fаклиат тасдиқат" деген атпен бөлек көшіріліп келген ең көлемді шығармасы - 38-сөз автордың дін, мораль мәселелері жайындағы ой-толғауы. Мүны публицистика стилімен жазылған философиялық толғау деуге болады.
Мерзімді баспасөз беттерінде туған қазақ тілінің қоғамдық- публицистикалық стилін онда жарияланған әлеуметтік, мәдени, экономикалық мәселелерге байланысты материалдар танытады.
Олар оқу-білім мен техника-шаруашылық түрлері жағынан қазақ қауымының артта қалғаны, кейбір әдет-ғұрыптардың ескіріп, заман ағымына сай келмей отырғандығы, егін егу, саудаға араласу сияқты қарекеттердің қоғам дамуы үшін пайдалы екендігі т.т. төңірегінде болды. Және бүл материалдарды
оқырман қауымға түсінікті, жатық тілмен үсыну көзделді.
Сондықтан лексика-фразеологиялық құрамы жағынан да, грамматикалық құрылысы жағынан да бұл стильдің негізі қазақтың өз тілі болды. Әрине, бүл кезде қазақ тілінің функционалдық стильдері қазіргідей сараланып, әрқайсысы өз белгілерін айқындап алмаған болатын, дегенмен ондай айырым белгілер мен әр стильдің азды-көпті өз нормалары бар екендігін көрсетуге болады. XIX ғасырдың II жартысындағы қазақ әдеби тілінің қоғамдық-публицистикалық стилін сипаттайтын
мынадай белгілер байқала бастайды:
1. Лексика саласында. Лексика құрамы негізінен қазақтың төл сөздері болды. XIX ғасырдың II жартысында қазақ тілінің қоғам өмірінің барлық жағын суреттей (баяндай) алатын мол, тұрақты сөздік қоры бар екендігі байқалды. Функционалдық стиль сұранысына орай әлеуметтік-саяси үғымдарды атайтын
сөз топтары қалыптасты. Олардың бірқатары терминдік сипат алды. Ол үшін байырғы сөздерге жаңа мағына үстеу және ішінара жүрнақ жалғап, жаңа сөз жасау амалдары қолданылды. Мысалы, әңгіме болып отырған кезеңде патша әкімшілігінің ел басқару тәртіптеріне байланысты "приказ", "распоряжение" деген ресми қағаз атауларын қазақша беру үшін бұрынғы бүйрық және жарлық сөздеріне жаңа мағына үстеп, оларды әкімшілік терминіне көтерді.


Орыс тілінен алынып қолданылған сөздерді екі топқа бөліп талдауға болады. Бірі - ел басқару-әкімшілік, заң-сот істері немесе сауда-саттық, түрмыс-салт, оқу-ағарту салаларына жататын және халықтың күнделікті өмірінде жиі қолданылатын, қазақтың сөйлеу тіліне еніп қалыптаса бастаған сөздер. Олар: болыс, ойаз, сиез, началнік, облүс, жандарал, содия, сот, жеребе, каталешке; газет, үшкөл, қарындаш, үстел, бошке, самауыр, кәмпит, шыт, сәтен, жәрмеңке, бекет, көпес, пошта, шен т.т. Екінші - халықтың күнделікті сөйлеу тәжірибесінде қолданылмайтын, бірақ өздері атап түрған заттардың, үғымдардың қазақ тіршілігінде жоқ болғандығынан, орысша түрінде алынған сөздер. Олар көбінесе өндіріс, білім-ғылым, империялық заң-сот істері, империялық әкімшілік құрылысы салаларына қатысты сөздер болып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет