Алдабергенов Әлібек


XIX ғасырдың II жартысындағы қазақ публицистикасы, әсіресе мерзімді баспасөз органдары



бет2/3
Дата26.12.2023
өлшемі19,34 Kb.
#143659
1   2   3
Байланысты:
СОЖ 7

XIX ғасырдың II жартысындағы қазақ публицистикасы, әсіресе мерзімді баспасөз органдары оларды актив қолданды. Мысалы, газет беттерінен күбернатыр, соуетник, консул, дознание, канселариа, акраном, иніспектір, адуакет, статийа, землемер, кимназийа, униберситет, студент, семинарийа, парта, награт, школ, зауыт, машине, белосипет т.т. сияқты сөздерді көруге болады. Бүл - үлттық жазба тілімізге орыс сөздерінің және орыс тілі арқылы интернационалдық қордың молынан ене бастауының басы болды. Мүның себебін ең алдымен XIX ғасырдың II жартысында қазақ жері, қазақ елі түгелімен Ресей империясына бағынып, соның әкімшілік қамытын мойнына мықтап киген түсы болуынан іздеу керек. Тек әкімшілік емес, Ресей
экономикасымен іліктес болу да қазақ қауымына көптеген жаңа ұғымдарды алып келді. Ол ұғымдар өз атауларын қажет етті, олардың барлығының бірдей қазақша баламасын табу мүмкін болмады. Сондықтан "орыс дүниесі" өз сөздерін өзімен бірге алып келе бастады. Екіншіден, алғашқы газеттердің екеуі де орыс тілінде шығатын газеттердің қосалқысы (приложение) болды: "Түркістан уалаятының газеті" "Түркестанские ведомости" деген газеттің, "Дала уалаятының газеті" "Акмолинские областные ведомости" газетінің "жалғамасы" ретінде жарық көрді. Кейіннен бүлар таза аударма газеттер болмай, дербестік сипат алғанмен, онда жарияланатын жарлық-бүйрықтар.

Өткен ғасырдың соңғы ширегінде қисса аталатын коркем әдебиет жанры туып, дамыды. XIX гасырдың II жартысындағықазақ әдеби тілін зерттеген арнайы жүмысында Б. Әбілқасымов бүл жанрдың туу дәуірі, негіздері, белгілері жайында кеңінен сөз қозғайды". Зерттеуші қисса (бүл - арабша "әңгіме", "тарих" деген мағынадағы сөз) деп алғашқы кезде шығыс (араб-парсы) әдебиетіндегі сюжеттерге құрылған, оқиғалы поэтикалық шығармалар аталса, кейін бүл термин баспа бетін көрген, өлеңмен жазылған дүниелердің бәріне телінген деп дүрыс көрсетеді. Бірақ, солай тани түра, осы еңбегінде зерттеушінің өзі Шортанбай сияқты ақындардың жарық көрген туындыларын


да, "Ер Тарғын" сияқты фольклорлық мүраны да осы жанр аясында қарастырып, баспа бетін көрген дүниелердің баршасын қисса деп жаңылысқандардың шылауында кетеді. Біз бүл күндегі зерттеулерімізде қазақ тілінде кітап шығару тәжірибесі енді-енді басталып келе жатқан кезінде кітаптардың қандай грифпен үсынылғандығы, оларға қандай ат қойылып, айдар тағылғандығы, тіпті оқырман жүртшылықтың қай әдебиетті қалайша танығандығы түрғысынан келмей, әдебиет түрлерін жанрларға ажыратуда ғылыми негіздерге сүйенуіміз керек. Сондықтан "қисса-и" деген гриф түр ма, жоқ па, әйтеуір жазба дүние ме, жоқ па, әйтеуір сюжетті ме, жоқ па деген межелерді нысанаға алмай, әр жанрдың өзіне хас белгілерін тану принципімен талдасақ, сөз етіп отырған кезеңдегі қазақша баспа бетін көрген дүниеліктер үш топқа бөлінетіндігін бірқатар ғалымдар дүрыс көрсетеді. Олар: 1) ауыз әдебиеті (фольклор) нұсқалары; 2) қазақтың (төл) жазба әдебиеті нүсқалары; 3) кітаби тілде жазылған үлгілер*. Біз де осы топтастыруды қолдаймыз. Сондықтан әдеби-тілдік ізденістерде "Қисса-и Шортанбай" деген атпен жарияланғанмен, бұл кітап ішіндегі материалды қисса ретінде қарамай, қазақтың төл көркем поэзиясы үлгісі қатарында талдау қажет, сол сияқты
"Ер Тарғын қиссасы", "Қисса-и Алпамыш", "Қисса-и Қыз Жібек" деген түмаршаларды есепке алмай, бүларды қазақтың фольклорлық дүниелерінің жанрында зерттеу керек деп табамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет