Альфред Адлер (1870-1937ж) Индивидуалды психологияның негізгі тезистері


Индивидуумның әлеуметтік қажеттігі



бет2/5
Дата21.05.2023
өлшемі75 Kb.
#95613
1   2   3   4   5
Байланысты:
Адлердің қазақ тіліне аударылған негізгі идеялары

4. Индивидуумның әлеуметтік қажеттігі.
Адлер адамды жекелей алынған өзара байланыстардың бүтін жүйесі ретінде ғана емес, сондай-ақ үлкен жүйелерді интегральды құрамды бөлігі ретінде – отбасының қоғамдастықтың: Индивидуалды психология қоғамға қосылған индивидуумды қарастырады және реттейді. Бұл адамды қоғамнан бөлек қарастырып, зерттей алмаймыз. Адлер теориясындағы жетекші жағдай болып табылады, оған сәйкес адамның барлық әрекеттері әлеуметтік контексте болады және адамзат табиғатының негізіне тек әлеуметтік қатынастарды түсіну арқылы ғана жетуге болады. Оған қоса, әрбір адамда табиғи қоғамдастық сезімі немесе әлеуметтік қызығушылық болады – серіктестіктің келісімді әлеуметтік қатынастар түсуге деген туа пайда болған құлшыныс. Осылайша индивидуалды психология адам мен қоғам арасындағы серіктестік пен бірігу гармонияны қажетті деп есептейді, ал олардың арасындағы конфликтіні жасанды деп есептейді.
5. Индивидуалды субъективтілік.
Феноменологиялық дәстүрге сүйеніп, Адлер әрекет әрқашан адамдардың өздері және айналадағылар туралы көзқарастарына тәуелді деп есептеген. Адамдар өздерінің «апперцепция схемасына» сәйкес, өздері құрған әлемде өмір сүреді. Адлер адамдар фиктиві мақсаттармен – олардың әрекеттерін реттейтін, осы және келешек оқиғалар туралы жеке көзқарастармен мотивтендірілгенАдлерлік әрекет кестесінде шындықты индивидуалды субъективті қабылдау айқын көрінеді.
Индивидуалды психология: негізгі концепциялар мен принциптер.
Аддлер жеке тұлға теориясының басты мақсаты – терапевтер үшін үнемді және пайдалы бағыттаушы ретінде қызмет атқару деп есептеді. Ол Фрейдқа қарағанда, жеке тұлғаның өте үнемді теориясын құрды, барлық теориялық құрылымның негізінде қосымша концепциялар мен принициптердің шектеулі көлемі жатыр. Соңғыларын, 7 бөлімге бөлуге болады: 1) кемшілік пен конпенсация сезімі; 2) жетістікке ұмтылу; 3) өмір стилі; 4) әлеуметтік қызығушылық; 5) шығармашылық «Мен»; 6) туу реті; 7) фикционды финализм.
Кемшілік және конпенсация сезімі.
Өз карьерасының басында, Фрейдпен серіктес болған кезде, Адлер «Ағзаның кемшілік және оның психикалық конпенсациясын зерттеу» атты монографиясын жарыққа шығарды. Ол бұл жұмысында неге бір ауру адамды басқасына қарағанда көп мазалайды, және неге дененің бір бөлшегін ауру басқасына қарағанда тез басатыны туралы теорияны дамытты. Адлер әрбір адамда дамымаған, туғаннан «кемтар» мүшелер ауру болады деп есептеді. Адлер бақылағандай, айқын органикалық әлсіздік пен деффектісі бар адамдар, әдетте, бұл дефектілерді жаттығу жолымен конпенсациялауға тырысады, бұл шеберлік пен күштердің дамуына әкеледі: «Көп белгілі адамдарда қандай да бір мүшесінің дефектісін көреміз; олар өмірлерінің бастапқы кезінде көп қиналған және өз қиындықтарын жеңді».
Тарих пен әдебиет дене мүшелерінің кемшілігін жеңу үшін қолданатын ынта-жігердің нәтижесі болып табылатын, ерекше жетістіктердің көптеген мысалдарын көрсетеді. Балалық шағында кекештенген, Демосфен әлемдегі атақты ооратордың бірі болды. Бала болғанда физикалық кемшілігі болған, Вильма Рудольф, жеңіл атлетикадан үш мәрте алтын медаль жеңіп алған. Жас кезінде әлсіз және ауру болған Теодор рузвельт үлкен адам үшін де және АӨШ-тың президенті ретінде де үлгілі физикалық формаға ие болды. Осылайша, дене мүшесінің кемшілігі, яғни оның туа пайда болған әлсіздігі немесе нашар қызмет жасауы адам өмірінде таңқаларлық жетістіктерге әкелуі мүмкін.
Әрине, ағза өз әлсіздігін конпенсациялауы туралы идеяның еш жаңалығы жоқ. Дәрігерлерге баяғыда белгілі, егер, мысалы, бір бүйрек дұрыс қызмет атқармаса, екіншісі оның қызметін өзіне алады. Бірақ Адлер конпенсациясының бұл процесі психикалық ортада өз орыны бар екенін көрсетеді: адамдар дене мүшесінің кемшілігін конпенсациялауға ғана ұмтылмайды, бірақ сондай-ақ өзінің психологиялық немесе әлеуметтік әлсіздігін сезінуден дамитын кемшіліктің субъективті сезімі пайда болады.
Кемшілік комплексі және оның ағымдары. Адлер кемшілік сезімі өз бастамасын балалық шақтан алады. Ол мұны келесі жолмен түсіндіреді: бала тәуелділіктің ұзақ кезеңін өтеді, бұл кезде ол өте әлсіз және өмір сүру үшін ата-аналарға сүйенуі керек. Адлердің тұжырымдауынша, жетістікке ұмтылу адам өміріндегі негізгі мотивациялық күш пайда болады. Кемшілік сезімі әртүрлі себептермен кейбір адамдарда қатты асқынып кетеді. Нәтижесінде кемшілік комплексі - өзінің әлсіздігін асыра сілтеу сезімі пайда болады. Адлер балалық кезде сезінетін қиналудың үш түрін ажыратады: дене мүшелерінің кемшілігі, аса өбектеу және ата-аналар тарапынан теріс айналу. 1-ден, туғаннан физикалық кемшілігі бар балаларда психологиялық кемшілік сезімі дамуы мүмкін. Екінші жағынан, ата-аналары қатты еркелететін балалар өз қабілеттеріне сенімсіз болып өседі. 3-ден ата – анлардың теріс айналуынан балалрада кемшілік сезімі өзінің қажетсіз екендігінен сезіну себебінен туындайды. Көріп отырғанымыздай, балалық шақтағы әрбір қиналулардың үш түрінен ересек шақта невроздың пайда болуында маңызды роль атқаруы мүмкін.
Алайда, индивидуалды кемшілік сезімі пайда болғанға жауап ретінде, гиперконпенсация пайда болуы мүмкін және осылайша, Адлер айтқан жетістік комплексі дамиды. Бұл комплекс өзінің физикалық, интеллектуалды немесе әлеуметтік қабілеттерін асыра сілтеу тенденциясында көрінеді. Кез келген жағдайда гиперкомпенсация тәсілі өзімен тұрақты кемшілік сезімін жеңумен ұмтылуды асыра сілтеуді көрсетеді. Сәйкесінше, жетістік кемшілігіне ие адам, әдетте, мақтаншақ, еркөкірек, эгоцентритті көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет