Альфред Адлер (1870-1937ж) Индивидуалды психологияның негізгі тезистері



бет3/5
Дата21.05.2023
өлшемі75 Kb.
#95613
1   2   3   4   5
Жетістікке ұмтылу.
Адлер тұжырымдағандай, кемшілік сезімі адамның өзін - өзі дамытуға, даму мен компетенттілікке деген барлық құлшыныстарының қайнар көзі болып табылады. Өзінің алдыңғы толғандарында ол адам әрекетін басқаратын, ұлы қозғаушы күш-агрессивтілік деп тұжырымдаған. Кейінірек ол агрессивтілік идеясынан бас тартып оны «билікке ұмтылу» деп қарастырды.
Адлер өмірінің соңғы жылдарында жетістікк ұмтылу адам өмірінің фундаментальды заңы болып табылады: бұл «адам өмірін онсыз елестету мүмкін емес». Адлер айтқандай, жетістікке ұмтылу туа пайда болған және бірақ біз одан бас тарта алмаймыз, себебі, бұл ұмтылу өмірдің өзі болып табылады.
Адлер жетістікке ұмтылудың әрекеті мен табиғаты туралы әртүрлі қосымша идеяларды ұсынды. 1-ден, ол оны жеке қозудың комбинациясы ретінде емес, біріккен фундаменталды мотив ретінде қарастырды. 2-ден ол бұл ұлы алға және жоғары қарай ұмтылуы өзінің тәрбиесі бойынша универсалды екендігін айтты: ол барлығына жалпы болып табылады. 3-ден, жетістік мақсат ретінде негативті (диструктивті), сондай-ақ позитивті (конструктивті) бағыт ретінде қабылдауы мүмкін. 4-ден, Адлер айтқандай, жетістікке ұмтылу үлкен энергетикалық шығындар мен күш жұмсаумен байланысты. 5-ден, жетістікке ұмтылу индивидуумның деңгейінде, сондай-ақ қоғам деңгейінде де көрінеді. Адлер Фрейдке қарағанда индивидуум мен қоғамды бір-бірімен байланыста болу міндетті деп қарастырады.
Сонымен, Адлер адамдарды сыртқы әлеммен сәйкестікте өмір сүретіні, бірақ, оны әрқашан жақсартуға ұмтылатындар ретінде бейнеленеді.
Өмір стилі.
Адлер бойынша өмір стилі өзіне белгілердің ерекше бірігуін, тәртіп пен әдеттердің тәсілдерін қосады, олар индивидуумның өмір сүруінің қайталанбас бейнесін анықтайды.
Адлердің көзқарасы бойынша, өмір стилі 4 немесе 5 жаста берік бекиді, нәтижесінде тоталды өзгерістерге түспейді. Әрине, адамдар өзінің индивидуалды өмірлік стилін айқындаудың жаңа тәсілдерін таба бастайды, бірақ, бұл негізінде, ерте балалық шақтағы негізгі құрылымды дамыту мен жетілдіру ғана болып табылады. Осылайша қалыптасқан өмір стилі болашақтағы тәртіптің басты стержіні болады және сақталады. Басқа сөзбен біздің істейтін барлық әрекеттеріміз біздің жалғыз өмір стилі қалыптасады және бағытталады. Біздің барлық психикалық процестеріміз (м, қабылдау, ойлау және сезім) бір бүтінге ұйымдасқан және біздің өмір стилінің контекстінде мағынаға ие болады.
Адлер теориясында адамның тәртібінің барлық аспектілері оның өмір стилінен шығады.
Жеке тұлға типтері: өмір стилімен байланысты қағидалар. Өмір байғы тұлға тұрақтылығы өмір стилімен түсіндірілетінін Адлер еске салады. Біздің сыртқы әлемге деген қатынас бойынша негізгі бағыттылығымыз да өмір стилімен анықталады. Ол атап өткен, біздің өмір стиліміздің негізгі формасы өмірлік мәселелерді шешу үшін қандай тәсілдерді қолданатынымызды білу шартында ғана анықталуы мүмкін. Әрбір адам үш глобальды мәселелермен кездеседі: жұмыс, достық және махаббат. Адлердің көзқарасы бойынша, олар бір-бірімен тығыз байланысты және оларды шешу біздің өмір стиліне тәуелді: «Біреуін шешу басқаларды шешуге жақындауға көмектеседі және расында да, олар өзімен бірдей жағдайлардың және бірдей мәселелердің тірі ағзалар үшін өмірді сақтап қалу мен өздерінде бар ортада өмір сүруді жалғастыру үшін қажеттіліктің әртүрлі аспектілерін көрсетеді. Әрбір адамда өмір стилі қайталанбас болғандықтан, бұл критерий бойынша жекелік типтерді айқындау тек жалпылау нәтижесінде ғана мүмкін болмақ. Осы көзқарасты ұстанып, Адлер өмір стилдерімен шартталған қағидалар типологиясын еріксіз ұсынды. Бұл жіктеуде типтер 3 басты өмірлік міндеттер қалай шешілуі негізінде айқындалады. Бұл жіктеудің өзі екі өлшемді кесте принципі бойынша құрылған, біреуі «әлеуметтік қызығушылықпен», ал басқасы - «белсенділік деңгейімен» көрсетілген. Адлер теориясында әлеуметтік қызығушылық психологиялық жетілудің негізгі критерийі болып табылады, оның қарама-қайшылығы эгойстік қызығушылық болып табылады. Белсенділік деңгейінің адамның өмірлік мәселелерді шешуге қандай тұрғыдан келетініне қатысы бар.
Өмір стиліне сәйкес келетін, алғашқы үш адлерлік қағидалар типі – бұл басқару, алу мен қашу. Қосымша тип (төртінші) – әлеуметтік пайдалы.
Басқарушы тип. Өз-өзіне сенімді және қуатты адамдар. Олар белсенді, бірақ әлеуметтік жағынан емес. Жас заң бұзушылар мен нашақорлар – Адлер бойынша басқарушы типке жататын, адамдардың екі мысалы.
Алушы тип. Аты көрсетіп тұрғандай, мұндай қағидасы бар адамдар сыртқы әлемге паразитті және өз қажеттіліктерінің көпшілігін басқаларының есебінен қанағаттандырады. Оларда әлеуметтік қызығушылық жоқ. Олардың өмірдегі басты мақсаты – басқалардан көп алу.
Қалушы тип. Бұл адамдарда өз мәселелерін шешуге қажетті әлеуметтік қызығушылық, белсенділік те жоқ. Олардың мақсаты өмірдегі барлық проблемалардан қашу болып табылады және сондықтан да олар сәтсіздік мүмкіндіктерін болжайтынның барлығынан қашады.
Әлеуметтік – пайдалы тип. Адамдардың бұл типі – Адлер көзқарастарының жүйесіндегі жетілу. Мұнда әлеуметтік қызығушылық пен белсенділіктің жоғарғы деңгейі біріккен көмек көрсетеді және олармен қарым- қатынас жасауға қызығады.
Ол үш негізгі өмірлік міндеттеді, жұмысты, достықты және махаббатты – әлеуметтік проблемалар ретінде қабылдайды. Бұл типке жататын адам бұл өмірлік міндеттерді шешу серіктестікті, жеке қажырлықты және басқаларға көмектесуді талап ететінін сезінеді.
Әлеуметтік қызығушылық.
Адлердің индивидуалды психологияда шешуші мәнге ие тағы бір концепция – бұл әлеуметтік қызығушылық. Әлеуметтік қызығушылық концепциясы адамдардың әлеуметтік жандар екендерін сезінуді кқрсетеді және біз өзімізді терең түсінгіміз келсе, онда біздің басқа адамдармен қатынасымызды кең – әлеуметтік – мәдени контекстте қарастыруымыз керектігін бейнелейді.
Адамдарды белгілі бір әрекеттерге туа пайда болған әлеуметтік инстинкт итермелейді, ол оларды қоғамның мақсаттары үшін эгоисттік мақсаттардан бас тартуға итермелейді. Бұл көзқарастың негізі мынада, адамдар өздерінің жекелік қажеттіліктерін әлеумметтік пайдасы бар іске арнау «әлеуметтік қызығушылық» сөзі неміс неологизмі терминінен шығады, оның мәнін басқа тілде толық жеткізу мүмкін емес. Ол «әлеуметтік сезім», «қоғамдық сезімі» немесе «қайырымдылық сезімі» деген мағына беруі мүмкін.
Адлер әлеуметтік қызығушылығының алғышарты туа пайда болған деп есептеді. Бірақ әлеуметтік қызығушылық автоматты түрде пайда болмайды, бірақ оны саналы дамытуын талап етеді. Олар тәрбиеленеді және сәйкес жетекшілік пен жаттығудың көмегімен нәтиже береді.
Әлеуметтік қызығушылық әлеуметтік ортада дамиды. Басқа адамдар – ең алдымен ана, ал кейін отбасының басқа мүшелері оның даму процесін жетілдіреді.
Әлеуметтік қызығушылық бала мен ана қарым-қатынасында пайда болатындықтан, оның мақсаты балада серіктестік, өзара байланыстар мен жолдастық қарым-қатынастарды құруға ұмтылу сезімін тәрбиелеуден тұрады. Ана өз баласына шынайы махаббатпен қарайды – өзінің қамын ойламай, баласының жақсы адам болып өсуіне бағыттайды. Бұл махаббат адамдарға көмек көрсетуден шығады және анаға өз баласында әлеуметтік қызығушылықты тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Адлер әкені балада әлеуметтік қызығушылықтың дамуына әсер етуші, маңызы бойынша екінші қайнар көз ретінде қарастырды. Әке екі қателікті жібермеуі керек: эмоционалды шеттелу мен ата-аналық авторитаризмді. Ақыр соңында, Адлер бойынша, балада әлеуметтік қызығушылықтың дамуына үлкен әсерді әке мен ана арасындағы қарым-қатынас көрсетеді. Осылайша, сәтсіз отбасында балаларда әлеуметтік қызығушылықтың дамуы үшін мүмкіндік аз болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет