Альфред Адлер (1870-1937ж) Индивидуалды психологияның негізгі тезистері


Әлеуметтік қызығушылық психикалық денсаулықтың көрсеткіші ретінде



бет4/5
Дата21.05.2023
өлшемі75 Kb.
#95613
1   2   3   4   5
Әлеуметтік қызығушылық психикалық денсаулықтың көрсеткіші ретінде.
Адлер бойынша, әлеуметтік қызығушылықтың айқындылығы индивидуумның психикалық денсаулығын бағалаудың ыңғайлы критерийі болып табылады. Сау адамдар шынында да басқаларға алаңдайды, олардың жетістікке ұмтылулары әлеуметтік позитивті және өзіне барлық адамдардың жақсы өмір сүруіне деген ұмтылысты қосады.
Нашар бейімделген адамдарда , керісінше, әлеуметтік қызығушылық айқын емес. Олар эгоцентристі, жеке жетістікке жетуге және басқаларды басқаруға күреседі, оларда әлеуметтік мақсаттар жоқ. Олардың әрқайсысы тек жеке мәнге ие өмірмен өмір сүреді – олар өз қызығушылықтары мен өз-өздерін қорғаумен айналысады.
Шығармашылық «Мен».
Шығармашылық «Мен» концепциясы адлерлік теорияның басты құраушы, оның персонолог ретіндегі жоғарғы жетістігі болып табылады. Адлердің айтуы бойынша, өмір стилі тұлғаның шығармашылық қабілеттері әсерінен қалыптасады. Басқаша айтқанда, әрбір адамның өзінің өмір стилін еркін құруға мүмкіндігі бар. Адамдар кім болғандарына және өздерін қалай ұстауларына өздері жауапты. Бұл шығармашылық күш адам өмірінің мақсатына жауап береді, бұл мақсатқа жету әдісін анықтайды және әлеуметтік қызығушылықтың дамуына септігін тигізеді. Осы шығармашылық күш қабылдауға, есті сақтауға, қиялға және түске әсер етеді. Ол әрбір адамдарды еркін индивидуум етеді.
Адамдар шығармашылық күшке ие болады, себебі олар адамдар болып табылады. Біз білетіндей, шығармашылық қабілеттер ерте балалық шақта гүлденеді және бұл әлеуметтік қызығушылықтың дамуына септігін тигізеді, бірақ оның қалай дамитыны әлі түсініксіз болып отыр.
Адлердің шығармашылық «Мен» концепциясында адамдар өз тағдырының қожайыны болып табылатыны туралы тұжырым көрсетілген.
Туудың реттілігі.
Адлер бойынша баланың отбасында туу реттілігі шешуші мәнге ие.
Бірінші бала (үлкен бала). Адлерге сәйкес бірінші баланың жағдайн ол отбасында жалғыз болғанға дейіін қызығарлық деп есептеуге болады. Бірінші ата-аналарынан шексіз махаббат пен қамқорлықты алады. Бірақ бұл мәселе бала туғанға дейін ғана жалғасады. Бұл жайдай баланың жағдайын және оның өмірге деген көзқарасын күрделі өзгертеді.
Үлкен бала кіші бауыры немесе сіңілісі ата-ананың мейірімділігіне ие болғанын көргенде, өз орнын қайтарып алғысы келеді. Бірақ бұл сәтсіздікке әкеледі, өткенді қайтаруға болмайды. Мұндай күресте бірінші бала оңаша қалуға үйренеді және жалғыз өмір сүру стратегиясын меңгереді. Адлер болжағандай, үлкен бала отбасында, әдетте, консервативті, билікке ұмтылады және жетекшілікке жақын. Сондықтанда ол отбасылық қағидалар мен моральдық ұстанымдардың сақтаушысы болады.
Жалғыз бала. Адлердің есептеуінше, жалғыз баланың ролі ерекше. Ол көбінесе анасының бақылауында болады және басқалардан да осындай көмекті күтіп тұрады. Бұл өмір стилінің басты ерекшелігі тәуелділік пен эгоцентризім болып табылады.
Мұндай бала жастайынан отбасы өмірінің негізі болады. Бірақ кейінірек ол оянады және өзінің назарда еместігін сезінеді. Жалғыз бала ешқашан өз орнымен ешкіммен сөйлеспеген және күресуге қабілетті емес. Нәтижесінде онда өз құрбыларымен қиындықтар жиі болып тұрады.
Екінші (ортаңғы) бала.екінші балаға басынан өзінің үлкен ағасы немесе әпкесі ырғақ береді: жағдай оған үлкен сиблингтің жетістіктерінен асып түсуге итермелейді. Осының көмегімен, оның даму деігейі үлкен балаға қарағанда аса жоғары болмақ. Нәтижесінде екінші бала бәсекеге ұмтылушы болып өседі. Сонымен, ортаңғы балаға жетістікке ұмтылу тән.
Атап өту керек, Адлердің өзі отбасында ортаңғы бала болған.
Ақырғы бала (ең кішісі). Соңғы баланың орны ерекше. Бірден, ол «тақтан құлауды» сезінбейді және тек ата-анасының ғана емес, үлкен ағасы мен әпкелерінің махаббаты емн қамқорлығына ие болады. Екіншіден, егер де ата-аналар кедей болса, оның өзінің ештеңесі болмайды және оған басқалардың заттарын қолдануға туа келеді. Үшіншіден, үлкен балалар оны басқарады; осыдан ол тәуелсіздік сезімінің болмауынан, үлкен кемшілік сезімін сезінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет