Алеуметтану тероиясы indb


Жалпылама теория болуы мүмкін бе?



Pdf көрінісі
бет127/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   596
Жалпылама теория болуы мүмкін бе? Жалпы, Вебер рационалдандыру ту-
ралы күрделі, көп қырлы түсінікке ие болғанымен, ол оны қазіргі Батыс әле - 
мінің өзіндік бейнесінде, әсіресе капиталистік экономикада (R. Collins, 1980; 
Weber, [1927], 1981) және бюрократиялық ұйымдарда (I. Cohen, 1981: xxxi; 
Weber, [1921] 1978:956–1005) формалды рационалды құрылымдардың темір 
торы ретінде (Mitzman, 1971, 1971, Tiryakian, 1981) әсерлі және сана лы түр-
де пайдаланды. Вебер капитализм мен бюрократияны «екі үлкен рационал-
дандырушы күш» ретінде сипаттады ([1921] 1978:698).
7
Шын мәнінде, Вебер 
капитализм мен бюрократияны ұқсас рационалды және әдіс темелік әрекеттен 
тұратын бір қайнар көзден (әсіресе ішкі әлемді аскетизм) шыққан және олар 
бірін-бірі нығайтады және үрдіс барысында Батысты рационалдандыруды одан 
әрі дамытады деп есептеді. Вебердің ([1921] 1978:227, 994) түсінігінде, техника-
лық сараптама мен нақты білімдегі бюрократтың жалғыз бәсекелесі капиталист 
болды.
Алайда, егер Вебердің сөзіне сенсек, рационалдандырудың ортақ теориясы
бар деп айту қиын. Ол «жалпы эволюциялық жүйе» идеясын қабылдамады 
(Weber, [1927] 1981:34). Ол жалпы қоғамның телеологиялық теорияларын 
ұсынған Гегель мен Маркс тәрізді ойшылдарды сынға алды. Өз жұмысында бір-
тұтас қоғамдар туралы зерттеулерден немесе хабарландырулардан бас тарт ты. 
Оның орнына ол, өз кезегінде, бюрократия, стратификация, заң, қала, дін, мем-
лекет және экономика секілді әлеуметтік құрылымдар мен институттарға назар 
аударды. Толық түсінігі болмай, оның жаһандық жалпылама болжам жасауы, 
әсіресе болашақ бағыт туралы болжам айтуы екіталай еді. Оның үстіне, Вебер 
бір әлеуметтік құрылымда немесе институтта сипаттаған рационалдандыру про-
цесі, әдетте өзге құрылымның немесе институттың рационалдандырылуынан 
ерекшеленетін еді. Вебердің пайымдауынша, рационалдандыру процесі «әдет-
тен тыс әртүрлі нысандарды» білдіреді ([1922–1923] 1958:293; [1921] 1958:30; 
[1904–1905] 1958:78) және «рационализмнің тарихы әртүрлі өмір салаларын-
да ешқашан қатар жүрмейтін даму сипатын көрсетеді» ([1904–1905] 1958:77, 
Brubaker, 1984:9, Kalberg, 1980:1147).
Бұл тұрғыда Вербердің Батыс әлеміндегі экономиканы және бюрократияны 
формалды рационалдандырудың үлкен әсерін терең түсінетіні анық (Brubaker, 
1984). Мысалы, «Экономика және қоғамда» Вебер былай дейді:


149
4-тарау

Макс Вебер
«Зауыттардағы, басқа жерлердегі, әсіресе бюрократиялық мемлекеттік 
машинадағы сияқты, бүкіл рационалдандыру процесі шебердің қолында, 
ұйымның материалдық құралдарын орталықтандыруға ұқсас. Осылай-
ша тәртіптілік барған сайын көп саланы бағындыра түседі, өйткені саяси 
және экономикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру әлдеқайда рацио-
налдандырылған болады. Бұл әмбебап құбылыс харизманың және жеке 
мінез-құлықтың маңыздылығын шектейді».
(Weber, [1921] 1978:1156)
Формалды рационалдандыру біздің басты мәселеміз болады және тек бұл 
бөлімде ғана емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет