Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет123/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   596
Дәстүрлі билік. Рационалды-легитимді билік рационалды-құқықтық жүйе нің 
легитимдігінен туындаса, дәстүрлі билік ғасырлық ережелер мен өкі леттіктер-
дің қасиеттілігінде игілік бар деген көшбасшылардың мәлімдемесі мен ізбасар-
ларының сеніміне негізделген. Мұндай жүйеде көшбасшы – аса жоғары басшы 
емес, қарапайым қызметкер. Әкімшілік қызметкерлер, егер олар бар болған 
жағ дайда, лауазымды шенеуніктерден емес, негізінен, жеке көмекшілерден құ-
ра лады. Вебердің пікірінше, «басшы үшін ең маңыздысы – әкімшілік қызмет-
керлердің өз ісіне адалдығы» ([1921] 1978:227). Бюрократиялық мамандардың 
іске адал болу және тәртіпке мойын сұну үшін қабылдаған ережелерді орындау 
олардың атынан әрекет ететін көш басшыға міндет болып табылады. Дәстүр рә-
сімін сақ тай тындықтан, яғни ол сол лауазымға дәстүрлі жолмен таңдалғандық-
тан, дәстүрлі ұжым көшбасшыға бағынады. 
Вебер дәстүрлі көшбасшының мінсіз түрдегі бюрократиялық қызметкер ре-
тінде қалай бағаланғанына көңіл аударды. Ол бұл ретте бір қатар кемшіліктер 
барын айтты. Дәстүрлі қызметшілердің ере же лерге сай белгілі бір құзыретті са-
лалар бойынша жұмысын реттейтін кеңселері жоқ. Ол сон дай-ақ үстемдік пен 
кемсітушілік қатынастарының рационалды реттелуіне ықпал етпейді, оған нақ-
ты иерархия жетіспейді. Еркін келісімшарттар негі зін де тағайындалу мен көтер-
мелеудің тұрақты жүйесі жоқ. Техникалық оқы ту – позицияға немесе лауазым-
ға ие болудың тұрақты шарты емес. Тағайын даулар ақшалай төленетін тұрақты 
жалақыны көздемейді. 
Сонымен қатар Вебер дәстүрлі биліктің әртүрлі формаларын тарихи тұр-
ғыда талдау үшін өзінің мінсіз түрдегі әдіснамасын пайдаланды. Ол дәстүрлі 
биліктің ежелден келе жатқан екі формасын ажырата білді. Геронтократия ақ-
сақалдардың басшылығына жатады, ал бастапқы патриархализм өз позиция-
ларын мұрагерлікпен иеленетін көшбасшыларды қамтиды. Бұл екі нысанда да 
жоғары басшылық бар, бірақ ұйымдастырушы қызметкерлер болмайды. Оның 
бертінгі формасы – патримониализм, яғни басшының жеке құралдары ретінде 
саналатын әкімшілік және әскери күштермен дәстүрлі үстемдік ету (Andrew 
Eisenberg, 1998). Одан да бергі заманғысы – феодализм, ол көшбасшы мен ба-
ғынышты арасында кертартпалыққа негізделген, тіпті келісімшарттық қарым-
қатынастарды дамыту арқылы басшының жеке билеп-төстеуіне жол бермейді. 
Бұл шектеу, өз кезегінде, патримониализмге қарағанда, тұрақтан ды рылған би-
лік жүйесіне әкеледі. Осы төрт форманы дәстүрлі биліктің құ рылымдық өзгеруі 
ретінде қарастыруға болады және олардың барлығы рационалды-легитимді өкі-
леттіктерден айтарлықтай ерекшеленеді.
Вебер кез келген түрдегі дәстүрлі билік құрылымдарын рационалдық- 
ты дамытуға кедергі ретінде көрді. Бұл біздің Вебердің жұмысындағы басты 
тақырып – (формалды) рационалдықты дамытуға жағдай жасайтын немесе ке-


144
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
дергі келтіретін факторлармен бірінші рет бетпе-бет келуіміз. Сөйтіп, Вебер-
ді Батыс әлемінде рационалдықты тудыратын құрылымдық факторлар мен 
мәдени кедергілердің қызықтырғанына қайтадан көз жеткіземіз. Осы нақты 
жағдайда Вебер дәстүрлі биліктің құрылымы мен тәжірибесі рационалды 
эко номикалық құрылымдардың, атап айтқанда, капитализмнің және рацио-
налды қоғамның басқа да компоненттерінің өсуіне тосқауыл болатынын дә-
лел деді. Тіпті дәстүрленудің қазіргі формасы – патримониализм – «қа рапа-
йым» капитализмнің белгілі бір түрлерінің дамуына мүмкіндік берсе де, қа-
зіргі Батысқа тән капитализмнің жоғары рационалды түрінің пайда болуына 
мүмкіндік бермейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет